Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1046
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
714
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
373
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1372
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
702
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

«Астана» абыройы асқақтаған жыл

11 янв. 2016, 10:40 | 2042
«Астана» футбол клубы биыл қатарынан екінші рет чемпион атанды. Бұл жолы бірақ, соңғы ойында, соңғы минуттарда. Джуниор Кабананганың голы болмағанда, «Қайрат» чемпиондықты тойлағалы тұрған. Ал, маусым барысында Чемпиондар лигасына көп көңіл бөлген елордалық команда, ішкі біріншілікті де маңызды санады. Қос додада алысып көп күш жұмсаған Станимир Стойлов шәкірттері былтырғы маусымды өте сәтті өткен маусым қатарына жатқыза алады.

Чемпионатты жақсы бастаған «Астана» алтыншы турға дейін жеңіліс таппай келді. 6-шы ойында олар сыртта «Таразға» 2:0 есебімен күтпеген жерден жеңіліп қалды. Араға екі ойын салып сыр елінде «Қайсармен» өткен матчта ешқандай ұпай ала алмады. Содан кейін елордалық ұжым 18-ші турға дейін әр ойыннан кем дегенде бір ұпай алып жүрді. Матчтардың басым көпшілігін жеңіспен аяқтады. 18-ші турда Алматының «Орталық» стадионында олар «Қайратқа» ұтылды. Жалпы маусым барысында «Астананы» ұтқан төрт қана команда бар. Олар: «Тараз», «Қайсар», «Қайрат» және «Ертіс». Алматылық «Қайрат» елордалық команданы екі рет жеңген. Стойлов командасы 32 матчта бес рет жеңілген. Жеті ойында тең түссе, жиырма кездесуде қарсыласынан басым болған.

Сонымен қатар, «Астана» гол соғу жөнінен де екінші орында. «Қайрат» 60 доп соқса, «Астана» 55 доп соққан. Команда сапында үздік мерген Таңат Нүсербаев. Оның еншісінде 11 гол. Екінші орында Рохер Каньяс. Ол қарсылас қақпасын 8 мәрте дәл көздеген. Жалпы, статистикалық көрсеткіштер бойынша колумбиялық ойыншы командада өзгелерден оқ бойы озып тұр. Алаңда өткізген минуттары мен матчтар саны бойынша оған тең келер ешкім жоқ. Соққан голдарының да маңыздылығы жоғары. Біріншіліктегі 32-ойынның 30-да алаңға шыққан. Бұл көрсеткіш жағынан Кетевоамада басымдылық бар. Ол 31 ойында алаңға шыққан. Бірақ, оның алаңда өткізген минуттары Рохердікінен анағұрлым аз екені түсінікті. Жалпы, елордалық командаға еңбегі сіңген Фокси келер маусымда командада қалмайтын секілді. Чемпионат барысында байқасаңыздар команда көбінесе шабуылшылардың өнеріне аса қатты риза болмады. Таңат Нүсербаев біршама уақыт жарақат алды. Оның үстіне ол голдардың біршамасын чемпионат соңына қарай салды. Әйтпесе, маусым басында Каньяс пен Твумаси және Максимович үштігі гол соғудың хас шеберлері болып жүрді. Екінші айналымда ғана команда Джуниор Кабананганы алды да, шабуыл өті кішкене орныға бастады. Маусым ортасындағы демалыста елордалық команда бірнеше футболшы алып, күшейіп алды. Соның арқасында команда екі жарыста да сәтті ойнады.

Өздеріңіз білетіндей елордалық команда Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына қатысты. Бірақ, сол турнирдің бір матчын бапкер Стойлов екінші кезекке қойды. Және Стойлов тура осы жерде өзінің сұңғылалығын көрсетті. Сыртта, яғни «Висенте Кальдерон» стадионында өтетін «Атлетикоға» қарсы матчқа бас бапкер екінші құрамды алып кетті. Осы кезде команданың көптеген ойыншыларында наразылық туғаны бар. Өйткені, астананың көптеген легионер ойыншылары осы матчқа қатысып, өздерін толығымен көрсетіп, еуропалық скауттардың көздеріне түскісі келген. Алайда, сырттағы матчқа Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Марин Аничич, Дмитрий Шомко, Бауыржан Джолчиев секілді футболшылардың ешқайсысы бара алмады. Бас бапкер солай шешті. Өйткені, команданы үш күннен кейін Алматыда «Қайрат» күтіп тұрды. Ал, алматылық ұжым бұл кезде «Астанадан» жеті ұпайға озып тұрған. Осы арада «Қайратты» қырсық шалып, атыраумен тең түсіп, екі ұпай жоғалтты. Ал, Станимир Стойлов негізгі құрамды әбден дайындап алып келіп, Алматыда жеңіске жетті. Осы жеңістен кейін «Астана» алғашқы орынға шықты. Басымдылық бір ұпай. Соңғы екі ойында елордалық футболшылар чемпиондық үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтындығын көрсетті. «Ертісті» жеңіп болысымен, артынша «Ақтөбемен» кездесті. Бұл чемпионаттың ең соңғы әрі шешуші ойыны болатын. 88-ші минутта Джуниор Кабананга гол соғып, «Астанаға» екінші мәрте чемпиондықты алып берді.

Бұл жерде әрине біз бапкерлік штабтың керемет жұмысын атап өтуіміз керек. Футболшыларды әр матчқа дайындап, дұрыс тактикалық ұстаным беріп келді. Одан бөлек клуб басшыларының барлық жағдайды жақсы ұйымдастырғанын жоққа шығармаймыз. Чемпиондар лигасы мен ішкі чемпионат ойындары биыл астананың атын шығарды. Команда жайлы күллі Қазақстан жанкүйерлері хабардар. Каньяс, Фокси, Твумаси, Жуков, Джолчиев, Шомко секілді футболшылардың өнері көптеген жанкүйерлердің назарында.

Президенттік кәсіпқой клубтың қатарына кіретін «Астана» командасына маусым барысында түрлі қысымдар жүрді. Кейбір матчта төрешілік дұрыс болмады. «Ақтөбеде» анық салынған гол есептелінбеді. «Атыраумен» өткен ойынның да әңгімесі жыр болды. Дегенмен, елордалық команда өзінің мықтылығын дәлелдеді. Қос турнирде қатарынан сәтті ойнау өте қиын екенін бұрын «Шахтердің» тәжірибиесінен білеміз. Енді біз, келер маусымда да елордалық командадан сенімді ойын өрнегін көреміз деген ойдамыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

суреттер "Астана" ФК сайтынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх