Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
925
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
615
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
357
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1352
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
689
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Ел біріншілігіндегі ең сәтті трансферлер. Бірінші бөлім

07 мая 2016, 14:36 | 1866
Kazfootball.kz порталы назарларыңызға биылғы маусымда қазақстандық клубтардың сапына ауысып келген легионерлердің үздік ондығын ұсынады.

10. Юлиус Сзоке (Шахтер)

Оңтайлы трансферлердің ондығын Юлиус Сзоке ашып тұр. Биылғы маусымды “Шахтер” клубы сәтті бастамаса да, команда қатарына трансферлік нарықтың соңғы сәтінде ғана қосылған словакиялық жартылай қорғаушының ойыны көпшілік жанкүйердің көңілінен шығып жүр. Өзінің жақсы ойындарымен көрермен көңілінен шыққан 21 жастағы футболшыны біз оныншы орынға қойғанды жөн санадық.

9. Никита Бочаров (Ақтөбе)

Тізімнің тоғызыншы сатысына Никита Бочаров орналасты. “Ақтөбе” клубының футболшысы тоғыз ойынның барлығына қатысып, екі голымен қазірдің өзінде команда жанкүйерлерінің сүйікті футболшыларының біріне айналды.

8. Джозеф Нейн (Оқжетпес)

Биыл Қазақстан біріншілігінің географиясы тағы да ұлғайды. Бұған дейін біздің біріншілікке Африка, Латын Америкасынан футболшылар келген болса, үстіміздегі маусымда “Оқжетпес” алыс Солтүстік Америка құрлығынан ойыншы алдырды. Ол - Джозеф Нейн. Бұрындары АҚШ-тың Бірінші, Екінші лигаларында доп теуіп жүрген футболшы Владимир Мухановтың ойын жүйесіне оңай үйреніп кетті. Қазір бұл футболшы “Оқжетпес” клубының орталық алаңына жауап береді. Егер, көкшетаулық клубтың ойындарын көрсеңіз, Нейннің жақсы ойнап жүргеніне көздеріңіз жетеді. Джозеф Нейн барлық тоғыз ойынға қатысып, қара жұмыстың көбін атқарады. Сондықтан, біз оған сегізінші орынды бердік.

7. Георгас Фрейдгеймас (Ертіс)

Жаңа маусымда түрленіп шыға келген “Ертіс” тек мықты легионерлерді сапына қосты. Солардың бірі – “Жальгирис” сапынан келген Георгас Фрейдгеймас. Бұрнағы күні “Ертіс” ел біріншілігінде өз қақпасына ең аз гол жіберген команда атанып тұр. Бұл көрсеткіште Литва құрамасы қорғаушысының еңбегі орасан зор. Фрейдгеймас тек қорғаныста ғана емес, шабуыл шебінде де мықты өнер көрсетеді. Оған қорғаушының “Шахтер” қақпасына соққан голы дәлел.

6. Лукаш Тесак (Қайрат)

Өткен маусымды “Қайраттың” бас бапкері Владимир Вайсс қорғаныстың сол қапталын Заурбек Плиев пен  Ермек Қуантаевты алма-кезек пайдаланып жауып жүрді. Биылғы маусымда клуб жетекшілері бұл позицияға  туланың “Арсенал” клубынан келген Лукаш Тесакты қойып жүр. Әзірше 31 жастағы Словакия құрамасының қорғаушысы тоғыз ойынға қатысып, өзін ел біріншілігіндегі мықты қорғаушылардың бірі екенін толық дәлелдеді. Сол үшін де біз Тесакты тізімнің алтыншы сатысына қойып отырмыз.

5. Филип Касалица (Ордабасы)

Маусым басында шымкенттің “Ордабасы” клубы сапын толықтырған Филип Касалица бесінші орынға жайғасты. Бұл ойыншы ел біріншілігінде барлық тоғыз ойынға қатысқан футболшылардың қатарында. Алтыншы тур аясында өткен “Ордабасы” – “Қайрат” кездесуінде алаң қожайындары сапында жалғыз голды соғып, командасына жеңісті жұлып алуына көмектесті. Осылайша ол 18 айлық үзілістен кейін қанжығасын майлады. Өйткені, Касалица бұған дейін өзі өнер көрсеткен “Истра” сапында 1,5 жыл бойы гол соқпаған еді.

4. Джордже Деспотович (Астана)

Өткен маусымды алматылық “Қайрат” сапында өткізіп, биылғы маусым басында елордалық “Астана” сапына ауысқан Джордже Деспотович төртінші орынға тұрақтады. Бүгінде Станимир Стойлов командасында тәжірибие жасап, футболшыларды көп ауыстырып жүргені белгілі. Дегенмен, “Астана” сапында тоғыз ойынға толық қатысқан төрт ойыншы бар. Солардың бірі – Деспотович. Сербиялық шабуылшы бұл ойындарда төрт гол соқты. Ал, оның соңғы “Оқжетпеске” қарсы кездесуде соққан голы елордалықтарға жеңіс сыйлады.

3. Игнасио Эррера (Ертіс)

Тізімнің үздік үштігін “Ертістің” тағы бір футболшысы Игнасио Эррера түйіндеп тұр. Ел біріншілігіне Чилиден келген футболшы Қазақстан футболына тез бейімделіп кетті. Қазіргі таңда павлодарлық клубтың ең белсенді футболшыларының бірі. Эррераның өзі гол көп соқпаса да, әріптестеріне мұндай жағдайды жақсы жасап береді. Алысқа бармай-ақ өткен турды бір шолып шықсаңыз, “Ертіс” осы чилилік футболшының берген тура пасының арқасында гол соққанына куә боласыз.

2. Саша Стаменкович (Оқжетпес)

Бұл рейтингте екінші орын “Оқжетпестің” бағана күзетшісі Саша Стаменковичқа бұйырды. Негізі бұл қақпашыны бірінші орынға да қоюға болатын еді. Ол біріншіліктің жеті турында сәтті өнер көрсетіп, Владимир Мухановтың сенім үдесінен толық шықты. Тіпті төрт матч бойы қақпасын аман сақтап, командасына сүбелі үлесін қосты. Бірақ, соңғы екі турда Стаменкович екі гол жіберіп алды. Сол үшін де біз қақпашыны екінші орынға қойдық.

1. Гогита Гогуа (Ертіс)

Тізімнің төріне “Ертістің” грузиялық жартылай қорғаушысы Гогита Гогуаны шығардық. Павлодарлық клуб сапына жарты жылға жалға келген футболшы бүгінде клубтың негізгі қозғаушы күшіне айналды. 32 жастағы футболшы ел біріншілігіндегі барлық тоғыз ойынға қатысып, төрт гол және бірнеше нәтижелі пас берді. Егер Гогуа дәл осындай қарқынмен өнер көрсете беретін болса, Димитар Димитров бұл футболшыға жаңа келісім-шарт ұсынуы әбден мүмкін.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх