Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
910
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
604
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
347
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1339
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
678
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

“Жеңіс” күніндегі жеңістер

11 мая 2016, 15:35 | 1728
Қазақстан Премьер-лигасының оныншы тур ойындары еліміздегі “Ұлы Жеңіс” күніне орай берілген демалыс күндеріне тап келді. “Жеңіс” десе дегендей-ақ алты ойында бірде-бір тең нәтиже тіркелмеді. Мұндай жағдай біріншілік басталғалы бері алғаш рет тіркеліп отыр.

«Ордабасы» – «Шахтёр» - 2:0 (1:0)

Голдар: Нұрғалиев 22 пен. (1:0), Тұңғышбаев 47 (2:0)

Ескертулер: Нұрғалиев 32, Диакате 59 Тарасов 21, Уббинк 44, Зенели 84

«Ордабасы»: Бекбаев, Диакате, Чатто (Гейнрих 72), Касалица (Тәжімбетов 68), Трайкович, Абдулин, Нұрғалиев, Сүйімбаев, Төлебек (Симчевич 46), Тұңғышбаев, Қожабаев

Қосалқы ойыншылар: Бойченко, Адырбеков, Әшірбеков, Мұхтаров, Қайқыбасов, Бейсенов

«Шахтёр»: Багинский, Уббинк (Габышев 68), Садовничий, Зенели, Ягуби (Пикалкин 67), Нұрыбеков (Тәттібаев 76), Ермеков, Финонченко, Тарасов, Байжанов, Скорых

Қосалқы ойыншылар: Васильев, Дубков, Шацкий, Ткачук

Төрешілер: Чеснаков (Өскемен), Аубакиров (Астана), Попов (Павлодар)

9 мамыр. Шымкент. «Қажымұқан» атындағы стадион. 5 000 көрермен.  

Шымкенттегі кездесу қызықты өткені рас. Екі голдан бөлек матч барысында голға бергісіз қауіпті сәттер көп болды. Ал, ойынның екі қаһарманы бар. Олар Еркебұлан Түұғышбаев пен Азат Нұрғалиев. Осы екі ойыншы кездесу тағдырын шешті. Кездесудің 22-ші минутында Азат Нұрғалиев пенальтиден есеп ашты. 11-метрліктен гол соғу қаншалықты қаһармандық дерсіз. Әрине, пеналти соғу аса қатты қиын шаруа емес. Алайда, сол пенальтиді өз еңбегімен алып келген Филип Касалицаға пасты кім берді? Тамаша пасты Азат Нұрғалиев өз аяғымен шығарып берген болатын. Одан кейін де талай тамаша пастар берген Азат “Шахтер” қорғанысын әбден қинады. Әуре-сарсаңға салды. Екінші қаһарманымыз Еркебұлан Тұңғышбаев. Ол 47-ші минутта қорғаушылар қателігін дәл пайдаланды. Бұл жерде оған пасты хорватиялық шабуылшы Касалица шығарып берген. Осы жеңістің арқасында шымкенттіктер үшінші орынға көтеріліп тұрды. Бірақ, ертесіне “Оқжетпес” өзінің үшінші орнын қайтып тартып алды.

«Ертіс» – «Тараз» - 2:1 (1:1)

Голдар: Мұртазаев 16 (1:0), Мане 34 (1:1), Фаль 56 (2:1)

Ескертулер: Малый 20, Ахметов 52 – Воротников 29, Қараман 31

«Ертіс»Лория, Попов (Әлиев 46), Жирсак, Фонсека, Фрейдгеймас, Джаллоу (Эррера Фернандес 72), Фаль, Есімов, Ахметов, Мұртазаев, Малый

Қосалқы ойыншылар: Цирин, Сартаков, Аяғанов, Воменко, Киров, Керла

«Тараз»: Григоренко, Данилюк (Кәрімолла 83), Мане, Воротников, Баялиев, Айтбаев, Сүлей (Әмірханов 87), Байтана (Әбдінәби 75), Шахметов, Қараман, Нұралы

Қосалқы ойыншылар: Қарпық, Рымтаев, Таубай, Евстигнеев, Докич, 

Төрешілер: Қумашев (Астана), Дерцапф (Орал), Қошқаров (Алматы)

9 мамыр. Павлодар. «Орталық» стадион. 6 500 көрермен. 

Чемпионатта күтпеген жерден мерген пайда болды. Осы турда өзінің жетінші голын соққан Роман Мұртазаев шынымен де сұрмергендік қасиеті бар екендігін дәлелдеді. Әр гол сайын шабуылшы өзін Ұлттық құрамаға жақындата түсуде. 16-шы минутта ол “Тараз” айып алаңын баса-көктеп кіріп келіп, бұрышқа допты әдемі жатқыза салды. Алға шыққан алаң иелері адуындарын басып, айылын жиып жатқаны сол болатын, артынша жамбылдықтар есепті теңестіріп кетті. Гол авторы Мәлік Мане болғанымен түгел еңбек Әлішер Сүлейдікі. Ал, екінші таймда Джибби Фальдің атына бір гол жазылды. Алайда, бұл сәтте доп Марат Шахметовке тиіп кеткені анықталды. Ең бастысы, “Ертіс” жанкүйерлері ойын алдында жарақат алып қалған Гогита Гогуасыз үш ұпай алу қиын екендігін байқады.

«Ақтөбе» – «Атырау» - 1:0 (0:0)

Гол: Жалмұқан 74 пен. (1:0)

Ескертулер: Михалёв 75, Тотай 90+1 – Коробкин 73

«Ақтөбе»Отарбаев, Куаджа, Петролай, Сорокин, Ситдиков, Бочаров, Михалёв (Айымбетов 79), Азовский, Жалмұқан (Цвейба 85), Кәкімов (Тотай 57), Крюков

Қосалқы ойыншылар: Павлов, Тілешев, Жұмағали, Қайыров

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Дамчевски, Аржанов (Макась 76), Куртеян, Трытко (Шабалин 61), Балтаев, Мулдаров, Кузьмин, Қонысбаев, Коробкин, Сапаров (Ламанж 75)

Қосалқы ойыншылар: Маров, Жомартов, Эсатов, Чуреев, Шарпар

Төрешілер: Тевяшов (Орал), Васютин (Алматы), Журавлёв (Павлодар) 

9 мамыр. Ақтөбе. «Орталық» стадион. 5 500 көрермен. 

Биылғы чемпионатта он гол соққан “Ақтөбе” турнирлік кестеде бесінші орынға көтерілді. Сол он голдың бір қызығы төртеуі пенальтиден. Бұл жолы Самат Смақов емес Дидар Жалмұқан көзге түсті. Себебі, Смақов бұл ойынға жарақатына байланысты қатыса алмады. “Ақтөбенің” ойынында пеналти белгілене беретінінің себебі неде? Бұл әрине, кездейсоқтық деп қарастырайық. Жалпы ойын барысында алаң иелері көп шабуылдады. Бірақ, жасаған шабуылдарының ешқайсысы нәтиже бере алмаған. Дегенмен, минималды есепті сүйетін Уткульбаев командасы өздеріне қажетті үш ұпайды еншілеп, облыс басшысының алдында абройлы болып қалды.

«Тобыл» – «Қайрат» - 1:2 (1:1)

Голдар: Шимкович 8 пен. (1:0), Гоу 13 (1:1), Гоу 56 (1:2)

Ескертулер: Жулпа 53 – Дарабаев 86

«Тобыл»Логиновский, Деак, Жулпа, Кассай, Шимкович (Джалилов 71), Яворский, Главина, Жұмасқалиев, Мирошниченко, Мухутдинов (Левин 68), Хижниченко (Дудченко 73)

Қосалқы ойыншылар: Розыбакиев, Кургулин, Левин, Досмағамбетов, Дмитренко, Н'Диайе, Бусурманов

«Қайрат»: Плотников, Исаэль, Гоу (Тавамба 67), Тимощук, Маркович, Тесак, Бакаев, Исламхан (Дарабаев 81), Қуантаев (Лунин 74), Қуат, Рудосельский

Қосалқы ойыншылар: Вороговский, Мұсаев, Сидельников

Төрешілер: Қарлыбаев (Орал), Бельский (Тараз), Шаринов (Атырау)

10 мамыр. Қостанай. "Орталық" стадион.  5 000 көрермен.  

Батысқазақстандық төреші Болат Қарлыбаев матч бастала салысымен пенальти белгілеп, алматылықтарды тығырыққа тіреді. Томаш Шимкович есеп ашты. Кахабер Цхададзе шәкірттері терісінен шыға жаздап, әбден қиналды. Көптеген шабуылдар түбі нәтижесін беруі керек деп сенді. Өткен матчта “Жетісу” қақпасына гол соққан Гаэль Тавамба Жерар Гоуға бәсекелестік тудыртты. Соның салдарынан Джерри өткен ойынды соңына дейін ойнамай, 70-ші минутта алаңды әріптесіне босатқан. Бұл жағдай Гоуды қатты ойландырса керек. 13-ші минутта ол бірден есепті теңестірді. Ал, 56-шы минутта тіпті командасын алға шығарды. Өткен маусымда 22-гол соққан сұрмерген енді “Мұртазиньоны” қуып жетуге жол салған секілді.    

«Жетісу» – «Оқжетпес» - 1:4 (0:2)

Голдар: Хайруллин 2 (0:1), Нганбе 32 (0:2), Молдақараев 59 (0:3), Симоновски 78 (1:3), Хайруллин 90+4 (1:4)

Ескертулер: Әділханов 10 – Куксин 26, Чижов 89

«Жетісу»: Шабанов, Кадио, Клайн, Савич, Сағындықов, Әмірсейітов, Әділханов (Мыңбаев 64), Шабаев, Тұрысбек, Калинин, Харун-Заде (Симоновски 35)

Қосалқы ойыншылар: Сейдахметов, Хасанов, Азовский, Балғабаев, Рудик, Джалович, Пасеченко

«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов, Нейн Еоне (Ристович 66), Волков, Нганбе (Алхазов 65), Куксин, Богданов, Хайруллин, Молдақараев (Юрин 85), Бөлешев 

Қосалқы ойыншылар: Зябко, Қожамберді, Лебедев, Төлеев, Алхазов, Бабаханов

Төрешілер: Дүзмәмбетов (Өскемен), Павлов (Алматы), Дудниченко (Экібастуз)

10 мамыр. Талдықорған. «Жетісу» стадионы. 1 500 көрермен. 

Қысқа-қысқа пастармен айып алаңына кіріп алған Марат Хайруллин тура бильярдтағыдай алыс бұрышты дәл көздеп, есеп ашты. Жылдам соғылған гол алаң иелерін тұнжыратып, үн-жырғаларын түсіріп тастады. Салы суға кеткен Құлшынбаев шәкірттерінен құлшыныс байқалмады. 32-ші минутта Нганбе есепті еселеген шақта Владимир Мұқанов арқасын кеңге жайды. Командадағы шабуылшы дефицитін жақсы біліп жүрген Молдақараев та өз-өзін жақсы көрсетіп қалды. Берілген мүмкіндіктен Жасұлан мүлт кетпеді. Македониялық Симоновскийдің жалғыз голы “Жетісу” жанкүйерлерінің көңіліне медеу болды. Ал, кездесу нүктесін сол баяғы Хайруллин қойды. Марат шамасы бұрыңғы бапкерін тауып, екінші жастық шағын бастан өткеріп жүргендей.

«Астана» – «Ақжайық» - 2:0 (1:0)

Голдар: Нөсербаев 45 (1:0), Твумаси 58 (2:0)

Ескертулер: 

«Астана»: Мокин, Постников, Аничич, Каньяс, Твумаси, Деспотович (Щеткин 87), Максимович, Шомко, Гурман, Мұжықов, Нөсербаев (Тағыберген 75)

Қосалқы ойыншылар: Логвиненко, Наджарян, Шайыхов, Аруна, Абдурахими, Дүйсен, Эрич

«Акжайык»: Багаутдинов, Говедарица, Колуния, Коронель Ортиз, Николич (Омаров 73), Валиуллин (Мальцев 69), Сапанов, Тапалов, Хаиров, Шурыгин, Гридин (Хромцов 58)

Қосалқы ойыншылар: Бегалин, Шевцов, Сергиенко, Антипов, Абдрахманов, Удалов

Төрешілер: Антонов (Павлодар), Орынбаев (Шымкент), Субботин (Ақтөбе)

10 мамыр. Астана. «Астана Арена» стадионы. 2 500 көрермен.

“Астана-Аренаға” келгенде көп футболшы жасындай жарқылдағысы келеді. Әсіресе жас футболшылар. Сондай жас футболшылары көп “Ақжайық” барынша қолдан келгенінше тайталасып бақты. Бірақ, стандарттық жағдайды мүлт жібермеген елордалықтар таймның соңғы секундтарында есеп ашты. Бұл жолы Таңат Нөсербаев келіп қалған допты қақпаға шегедей қадады. Кеше ғана туған күнін тойлаған Патрик Твумаси екінші голды салған кезде кездесу жеңімпазы анықталып қойды. Тур аяқталысымен турнирлік кесте өз қалпына келді. Екі күнге созылған оныншы тур “Жеңіс” күніне тамаша жеңістер сыйлады. “Астана” мен “Ертіс” арасындағы тартысқа жақын арада алматылық “Қайрат” та келіп қосылатын секілді. Ал, оған дейін “Оқжетпес” пен “Ордабасыға” үміт арта тұрмақпыз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх