Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
915
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
607
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
349
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1343
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
684
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Жартылай финалға кімдер лайық?

24 мая 2016, 15:40 | 1566
Қазақстан кубогының ширек финалдық кездесулерінде фавориттердің есімі белгілі. Бірақ, олар шынымен де алаңда фавориттікке лайық өнер көрсете ала ма? Жартылай финалда кімдер ойнауы мүмкін? Осы сауалдарға жауап іздеп көрелік.

Қазақстан Кубогы. Ширек финал.

“Жетісу” – “Қайрат”

Қазақстан кубогының бұл сатыдағы ойындары бір ғана кездесуден тұрады. Тек жартылай финалда ғана екі матчтық жүйе іске кіріспек. Сондықтан, ширек финалдық ойындарда тартыс өте қызықты болары сөзсіз. Өз алаңында “Оқжетпесті” әбден ұялтқан алматылық “Қайрат” бұл теке тіресте анық фаворит. “Жетісудің” жалғыз басымдылығы өз алаңы, жергілікті жанкүйерлері. Әйтпесе, алматылық ұжымның қазір нағыз атқа қонған шағы. Аршавин де, Исламхан да гол соғуға кірісті. Ал, сұрмерген Жерар Гоудың осы күні Тавамба деген бәсекелесі бар. Сондықтан, шабуылы күшті команданың бірі осы күні “Қайрат” болып тұр. Бірақ, алматылық команданың басшылығы соңғы кездері Қазақстан Футбол Федерациясына қарсы шығып жүр. Арада кикілжің орын алды. Енді “Қайрат” ойыншыларын Ұлттық құрамаға жібермейміз деп кесіп айтты. Федерация тарапынан осы орайда қандайда бір “қастандық” болмаса екен дейміз. Кім біледі?

“Атырау” – “Ордабасы”

“Атырау” бабына енді келе бастаған секілді. Әйтпесе, бағы жанып тұр ма? Осы екеуінің бірі. Владимир Никитенко кеткелі бері жеңіліп көрген емес. Жеңілген былай тұрсын екі ойынның екеуін де жеңді. Өз алаңында алдымен “Астананы” ұтса, артынша сыртта “Тобылды” тізерлетті. Қақпашы Жасур Нарзикуловқа қайтадан сәттілік жолдас бола бастады. 100 пайыз соғылып тұрған доптарды шығаруда. Сырттан келген легионерлер өз ойындарын енді таба бастағандай. Трытько “Тобылға” қарсы ойында қақпаға сегіз доп бағыттаған екен. Польшалық шабуылшы “Атырау” сапында биылғы маусымда бес гол соғып үлгерді. Әлі де соғары бар ойыншы. Команданың биылғы мақсаты еурокубоктық аймаққа түсу. Яғни, келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсету. Ол үшін команда алғашқы үштікке енуі керек немесе Қазақстан Кубогында сәтті өнер көрсетуі қажет. Ал, команданың тура қазір алғашқы алтылыққа еніп кетуі сәл қиындау шаруа болғандықтан, Коньков шәкірттері “Ордабасыны” бір ойыннан тұратын кішігірім финалда жеңіп кетулері керек. Ал, “Ордабасы” үш күннен кейін чемпионатта маңызды матчтардың бірін ойнамақ. Шымкенттіктердің де кубокқа қол созғысы бар. Алайда, чемпионат пен жақын арада басталатын еурокубоктық ойындар Байсейітов командасын кішкене де болса алаңдатады.

“Қызыл-Жар СК” – “Астана”

Бірінші лиганың командасы сенсация жасауы әбден мүмкін. Владимир Фомичевтің қандай маман екендігін қазақстандық жанкүйерлер жақсы білуі тиіс. Өте талапшыл, білгір жаттықтырушы. Дегенмен, елордалықтардың деңгейі анағұрлым жоғары екендігі анық. Твумасидің жылдамдығы мен Деспотовичтің ұрымтал сәтте қалай қимылдайтынын барлықтарыңыз білесіздер. “Ордабасының” өзін 3:1 ұтып жүрген ұжым сыртта төменгі лига командасын 2:0 есебімен оңай ұтып, уақыт созып жүре салуы да ғажап емес. Станимир Стойлов сол “Ордабасымен” өткен ойыннан кейін қызылжардағы ойынға екінші құрамдағы бірнеше ойыншыны шығарамын деді. Олар шамамен Бесарт Абдурахими, Аруна Лукман, Геворг Наджарян, Алексей Щеткин, Берік Шаихов, Асхат Тағыберген, Александр Мокин, Марк Гурман, Абзал Бейсебеков. Өйткені тура осы ойыншылар “Каспийге” қарсы ойнаған болатын. “Қызылжар” ойыншыларының астаналықтарға қарсы қандай көңіл-күймен шығары анық. Чемпионның қақпасына бір гол соғудың өзі абырой. Сондықтан, Әли Әлиев бастаған жігіттер алаңда барын салуға тырысып көреді.   

“Оқжетпес” – “Ертіс”

Алматыда “Қайраттан” 0:6 есебімен ойсырай жеңілген “Оқжетпес” енді жанкүйерлер алдында абыройды қайтаруы тиіс. Көкшетаулық деген аты болмаса, заты астаналық команданың биылғы маусымдағы біршама ойыны “Астана-Аренада” өткен. “Астанаға” қарсы ойынды өзге алаңда өткізген “Оқжетпес” “Жақсы” деп аталатын спорт кешеніндегі ойындарда “жаман” деген баға алды. “Астанадан” жеңілгеннен кейін, “Тобылмен” тең түсті. Одан кейін сыртта болған оқиға анау. Енді бұл бір сәтсіздіктер сериясын Владимир Муханов қайтадан алаң алмастырумен бұзғысы келеді. Ендігі ойындарын “Оқжетпес” “Астана-Аренада” өткізетін болады. Бір жағынан Көкшетаудағы стадион әлі жарамсыз, екіншіден “Арена” Марат Хайруллин бастаған жігіттер үшін “өз стадиондарындай” болып кеткен. Ал, “Ертісте” де қазір жағдай қиындау болып тұр. “Ақжайықпен” тең түскен павлодарлықтар екі ұпайдан айырылып қалды.

Ермұхамед МӘУЛЕН

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх