Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
915
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
606
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
349
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1342
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
682
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

“Астана” Ақтөбеде жеңіске жете ала ма?

28 мая 2016, 10:38 | 1864
Станимир Стойлов бұл матчқа тыңғылықты дайындалуда. Тіпті, сырттағы “Қызылжарға” қарсы өткен ойынға бармады да. Осы апта соңында болатын 13-ші турда неше түрлі қызықты оқиға орын алуы мүмкін.

13-тур. 29-мамыр.

“Ордабасы” – “Жетісу”

Ұлы Отан соғысының мерекесі аталып өтетін 9-мамыр күні шымкенттік жанкүйерлер “Ордабасының” жеңісін тамашалаған еді. Содан бері үш апта өтті, жергілікті жанкүйерлер өз алаңында ойын көрмеді. Үлкен футболға сусап отыр десек болады. “Орда” кубоктағы додадан шығып қалғаннан кейін енді амал жоқ, сол жанкүйерлер алдында өз-өзін көрсетуі тиіс. Алғашқы алтылықта жүрген командалардың ішінде шымкенттіктер ең көп гол жіберген ұжым. Ал, жалпы 12 команданың ішінде алғашқы үштікті қорытындылап тұр. Шымқаланың жігіттері 17 гол соғып, 17 доп жіберген. Бұл команданың басты проблемасы қорғаныс. Нақтырақ айтқанда қақпашы. Демек, Душан Савич пен Бауыржан Тұрысбек екеуінің сыртта гол соғулары бек мүмкін. Байсейітов командасын осындай жағдайда құтқарып тұрған негізі, шабуыл шебі. Алдыңғы бөліктің сардарлары тағы да ойынды сақтап қалулары тиіс.   

“Шахтер” – “Тобыл”

“Кеншілер” чемпионат барысында ең аз гол соққан екі команданың бірі. Шабуыл шебі былай қарасаңыз, жалпы жаман емес секілді. Ортадағы ойыншылары да ойқастап жүреді. Сзоке, Зенели, Ягуби, Скорых, Байжанов, Уббинк секілді футболшылар төмен деңгейдің ойыншылары емес. Әр матч сайын көптеген қауіпті мүмкіндіктер тудыртады. Алайда, “Шахтер” 12 ойында небәрі төрт қана гол соққан. Йозеф Вукушич мұны қалай түсіндірер екен. Осы турда қарағандылықтар бір гол кем дегенде соғуы керек. Ал, “Тобыл” да шабуылды жақсы жүргізетін ұжым. Тек жеңіске ғана ұмтылады. Тағайындалған бас бапкері жоқ болса да, таңдалынған орындаушылары жарап-ақ тұр. Тағы да соларға сенім артады.  

“Қайрат” – “Ақжайық”

Фаворит анық. Атқа мінген алматылық “Қайрат” осы күні алдынан шыққанның барлығын жайпап келеді. Чемпионатта қатарынан төрт ойында жеңіске жетті. Бұл матч бесінші болуы ықтимал. Сол соңғы төрт ойында Цхададзе шәкірттері 11 гол соққан. Шабуылдың шындалғанын көрсетіп тұр. Ол аз десеңіз осы апта ортасында олар сыртта талдықорғандық “Жетісуға” кубоктың ширек финалдық кездесуінде екі гол соғып келді. Аршавин мен Исламханның арасында байланыс орнап, Гоу мен Тавамбаның бәсекелестігі Исаэльге тіпті тамаша болды. Осындай жағдайды қалыптастарған Кахабер Цхададзе енді қорғанысты реттесе, команда жалпы жаман болмас. Оралдың “Ақжайығы” Алматыда тең нәтиже көрсетіп, бәр ұпай алып кетсе, онда ол – сенсация!

“Оқжетпес” – “Тараз”

Владимир Муханов командасының негізгі мақсаты - алғашқы алтылық. Кубоктағы ойынға екінші құрамды шығарғаннан кейін осындай ойды одан әрі құнттап берді. Демек, премьер-лигадағы әрбір ұпай маңызды деген сөз. “Астана-Аренаға” оралған команда үшін “Тараз” ұпай алатын тамаша мүмкіндік. Бірақ, “Тараз” өткенде кубоктық ойында алаң иелерін әбден қинаған. Қазір, әулиеаталықтарда мықты бапкер бар. Юрий Максимов команданы тығырықтан шығаруға келді. “Ақтөбемен” тең түскеннен кейін бұл команда кубок ойынына қатыспады. Демек, “Оқжетпеске” жақсылап дайындалуда. Ал, көкшетаулықтар үшін мамыр айы өте нашар өтуде. Бұл айда олар алты кездесу өткізген. Соның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Қалған матчтардың тек біреуі ғана тең нәтиже. Қалғанының барлығы ұтылыс. Енді мамыр айындағы соңғы матчта жеңіске жете алар ма екен?

“Атырау” – “Ертіс”

“Атырау” осы күні қайта түлеген ұжым болып тұр. Пшемыслав Трытьконың техникасы мен қақпаға деген ұмтылысы команда ойынын түгел алға сүйреуге көмектесуде. Алғашқы турларда өзін жоғалтқан күйде сезінген поляк қазақ футболының ерекшеліктерін сезіне бастағандай. Болмаса, айқыш-ұйқыш шөбі кесілген, арасында су жүретін кішігірім арықтары бар, арам шөп қаптаған жасыл алаңдарға бой үйрете бастады ма? Кубоктың жартылай финалына өтіп алған бұл команданың чемпионаттағы да жағдайы оңалуда. Премьер-лигадағы соңғы екі ойынды ұтты. Ендігі кезекте “Ертіс” тұр. Тегеурінді командаға айналған “Ертіс” “Астананы” қуып жетуді көздеп жүр. Бұл жолы мұнайлы өлкеден тағы да ұпай жоғалтып оралса не дерсіздер?

“Ақтөбе” – “Астана”

Бұл бір саяси матч болғалы тұр. Алаңдағы футболшылардан бөлек сыртта жүрген “көкемдердің” тартысы болмақ. Кейде ішкі чемпионатымыз осындай жағдайларымен де қызық қой. Шынына келгенде “Астана” мықты. Алайда, “Ақтөбенің” бір басымдылығы - жергілікті жанкүйерлері. Олардың қолдауы Уткульбаев командасына шабыт берері анық. Төреші болып алматылық Александр Алиев тағайындалған. Оның жұмысы өте қиын болайын деп тұр. Себебі, алаң иелері ел чемпионына қарсы бой көрсетуге дайын. Жалпы алғанда “Астанаға” қарсы өткен ойында бүкіл команда қатты ойнауға тырысады. Не болса да, алаңдағы ойын бүкіл сұраққа жауап бермек.

Ермұхамед МӘУЛЕН 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх