"Астана" Чемпиондар лигасына дайындығын жалғастыруда
«Шахтер» – «Тобыл» - 1:0 (1:0)
Гол: Байжанов 42
Ескертулер: Уббинк 17, Тарасов 81, Багинский 88 – Жұмасқалиев 35, Кургулин 85
«Шахтер»: Багинский, Уббинк (Зенели 84), Садовничий, Курилов, Сзоке, Нұрыбеков (Финонченко 64), Габышев, Ермеков (Скорых 74), Пикалкин, Тарасов (к), Байжанов
Қосалқы құрам: Шацкий, Ягуби, Горячий, Дубков, Ветров, Тәттібаев
«Тобол»: Петухов, Деак, Дудченко, Жулпа, Кассай, Шимкович, Яворский, Жұмасқалиев (к) (Досмағамбетов 73), Кургулин, Мирошниченко, Мухутдинов (Хижниченко 59)
Қосалқы құрам: Логиновский, Н’Диайе, Главина, Аслан, Джалилов, Левин, Розыбакиев
Төреші: Измайлов (Талдықорған), Попов (Өскемен), Филоненко (Тараз)
29 мамыр. Карағанды. Стадион «Шахтер». 1 000 көрермен.
Қарағандылық «Шахтер» үшін әрбір ұпай маңызды екені анық. Йозеф Вукушичтің командасы қалың ұйқыдан енді оянғандай. Командаға қайта оралған Мақсат Байжанов кездесуде жалғыз голды соғып, “кеншілерге” үш ұпай алып келді. Бұл арада қостанайлықтардың қорғанысы өте өрескел қателік жіберді. Айып алаңында допқа иелік еткен Мақсат асықпастан қақпашының дәл алдынан допты қақпаға тоғыта салды. Қостанайлықтар да біршама шабуыл жасады. Тіпті екінші тайм түгелге жуық допқа қонақтар иелік етті. Ойын соңынан кейінгі статистикалық мәліметке көз жүгіртер болсақ, допқа иелік ету пайыздық көрсеткіші 34 те 66 болған. Осының өзі көп жайды көрсетіп тұр. Бір гол соғып алған алаң иелері қалың қорғанысқа жатып алған. Аузы дуалы атақты мамандар айтпақшы, “ойын ұмытылады, ал нәтиже мәңгілік қалады”.
“Ордабасы” – “Жетысу” - 0:1 (0:1)
Гол: Савич 11
Ескертулер: Сүйімбаев 38, Диакате 44, Тұңғышбаев 84 – Сағындықов 34, Әмірсейітов 43, Джалович 44
«Ордабасы»: Бойченко, Диакате, Чатто (Бейсенов 66), Касалица (Трифунович 58), Симчевич (Төлебек 52), Трайкович, Абдулин, Нұрғалиев (к), Сүйімбаев, Тұңғышбаев, Қожабаев
Қосалқы құрам: Бекбаев, Адырбеков, Әшірбеков, Ирисметов, Мухтаров, Қайқыбасов
«Жетісу»: Пасеченко (к), Кадио, Джалович, Клайн, Моисов (Харун-Заде 90+2), Савич, Симоновски (Калинин 55), Сағындықов (Азовский 72), Әмірсейітов, Шабаев, Тұрысбек
Қосалқы құрам: Шабанов, Әділханов, Мыңбаев, Боровский, Балғабаев, Хасанов
Төреші: Алешин (Павлодар), Тергеусізов (Алматы), Субботин (Ақтөбе)
29 мамыр. Шымкент. Стадион «Кажымұқан». 4 000 көрермен.
Үнемі қақпашының кесірінен гол жіберетін “Ордабасы” бұл жолы қорғаушылар қателігіне ұшырады. Ойынның небәрі 11-ші минутында Ренат Абдулин Серік Сағындықовты қақпашымен бетпе-бет жіберіп алды. Алдынан атып шыққан Бойченкоға жақындамастан допты әріптесіне ысыра салған Сағындықов Душан Савичке гол соғатын мүмкіндік жасап берді. “Жетісудың” бойтұмарына айналып кеткен Савич еш саспастан допты бос қақпаға тастай салды. Одан кейін Абдуллай Диакате талдықорғандық команданың қақпасына жақын маңнан соққы бағыттаған. Алайда сенегалдық ойыншының добы қақпа бағанын жалап өтті. Ал, Мардан Төлебектің добы сәл қиыс кетті. Касалицаның соққылары қарсылас қақпасына дарымай қойды. Үнемі құтқаратын шабуыл шебі бұл жолы еш шара қолдана алмады. “Орда” үшін сәтсіз өрбіген бұл ойын осылайша аяқталды. Жақын арада Еуропа лигасында Қазақстан намысын қорғайтын шымкенттіктер үшін алаңдаулымыз. Мынандай ойынмен олар ұзаққа бара алмас-ау. Демек, дем арасында қорғанысқа Джон Терри мен Гэрри Кэйхилді болмаса да, соларға ұқсас ойын мәнерін көрсететін тасқамал орталық қорғаушылар алдыртуы керек.
“Оқжетпес” – “Тараз” - 0:0
Ескертулер: Чертов 40 – Байтана 28, Недашковский 81, Таубай 90
Алаңнан қуылған: Чертов 85 (екінші ескерту)
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чертов, Чижов, Еоне, Нганбе, Ристович (Юрин 58), Куксин, Мангуткин, Хайруллин, Молдакараев, Булешев (к) (Алхазов 74)
Қосалқы құрам: Бабаханов, Тулиев, Чичулин, Жумаханов, Лебедев, Кожамберды, Зябко
«Тараз»: Григоренко, Мера, Данилюк, Мане, Воротников, Баялиев (Айтбаев 75), В.Евстигнеев (к), Таубай, Сулей, Байтана (Шахметов 46), Нұралы (Недашковский 59)
Қосалқы құрам: Докич, Д.Евстигнеев, Каримолла
Төреші: Холматов (Кызылорда), Попов (Павлодар), Шарипов (Атырау)
29 мамыр. Астана. Стадион «Астана Арена». 1 500 көрермен.
Украиналық бапкер Юрий Максимов келгелі бері “Тараз” жеңіліп көрген емес. Алайда олар жеңіске де жеткен жоқ. Дегенмен, жамбыл жерінде бұл екі нәтижені жақсылыққа жорып отыр. Себебі, жамбылдық жанкүйерлер жеңілістен көз ашпай келген еді. Мінекей, футболда алаңдағы ойыншылардан гөрі кейде көп нәрсені бапкерлер шешетінін де байқап отырсыздар. Орындаушыларға дұрыс бағытта бағдар көрсетілмесе, тепкен добыңнан береке келмес. Ал, келелі оймен, ақылды ойын көрсетсең керегіңе де жетерсің. Алайда, ойын бойы алаң иелері толассыз жауған жаңбырдай көп шабуыл жасады. 90 минут бойы бір тынбады. Бірақ, кірмеймін деген доп сол күйі қақпаға кірмей кетті. Әсіресе, Әлібек Бөлешевтің бес метрден тепкен добы қақпадан қиыс кеткенде “Оқжетпеске” көз тиген екен-ау деген ойға қалдық. Әшейінде қақпада тулайтын доп ерегіскенде Григоренко қақпасына енбей қойды. Баяғы “Шахтер” секілді бір қойды құрбандыққа шалмаса, көкшетаулықтардың жолы ашылмайтындай.
“Қайрат” – “Ақжайық” - 3:2 (1:2)
Голдар: Валиуллин 3 (0:1), Исламхан пенальтиден 16 (1:1), Хромцов 31 (1:2), Гоу 89 (2:2), Тавамба 90+2 (3:2)
Ескертулер: Қуат 55 – Хромцов 22, Омаров 36, Шурыгин 37, Багаутдинов 81, Мальцев 85
“Қайрат»: Сидельников (Плотников 40), Исаэль, Гоу, Маркович, Аршавин (Ли 90+2), Бакаев, Исламхан (к), Қуантаев, Қуат (Тавамба 70), Рудосельский, Лунин
Қосалқы құрам: Дарабаев, Нұрмұхамет, Мұсаев, Вороговский
«Ақжайық”: Багаутдинов, Колуния, Ортиз, Николич, Хромцов (Мальцев 69), Антипов (Сергиенко 49), Валиуллин (Бегалин 66), Омаров, Сапанов (к), Шевцов, Шурыгин
Қосалқы құрам: Удалов, Сәрсекенов, Тапалов, Хайыров
Төреші: Атажанов (Шымкент), Айжігитов (Қызылорда), Бейжанов (Петропавловск)
29 мамыр. Алматы. Стадион «Орталық». 8 000 көрермен.
Сидельниковтың “қызығын” көріп өскен қазақ жанкүйерлері бұл жолы қақпашының “өнеріне” тіпті тәнті болды. Негізі оның қателіктері кішкене де болса “Ақжайыққа” ұпай әкеле ме деген едік. Олай болмай шықты. Кахабер Цхададзе қателігін дер кезінде мойындап, Андрейдің орнына Плотниковты қоя берді. Плотников шығысымен “Қайраттың” қорғанысы сенімді ойнап, бүкіл мәнді шабуылға қойды. Осы ойыннан кейін кезінде қазақстандық жанкүйерлер Сидельниковтың Ұлттық құрама қақпасын күзеткеніне қалай шыдап келген деген ой келді. Қазақта дені-сау қақпашылар баршылық қой. Ең болмаса бір ұпай алсақ деген оралдық жігіттердің сағын Тавамба сындырды. Гоу мен Тавамбаны алаңға қатар жібергенде жойқын шабуыл болатынын грузиялық бапкер енді түсінгендей. Сонымен қатар, Аршавиннің де аяқ алысы жаман емес.
“Атырау” – “Ертіс” - 0:1 (0:0)
Голдар: Мұртазаев 50
Ескертулер: Коробкин 15 – Фонсека 40, Мұртазаев 44, Әлиев 45, Фаль 71, Лория 90+1
“Атырау”: Нәрзіқұлов, Дамчевски (Макась 61), Ламанж, Эссаме (к), Аржанов, Трытко, Балтаев (Кузьмин 37), Эсатов, Қонысбаев, Коробкин, Сапаров (Куртеян 46)
Қосалқы құрам: Жомартов, Нұрмұхаметов, Шарпар, Мулдаров, Чуреев, Шабалин
“Ертіс”: Лория (к), Йирсак (Гетериев 67), Фонсека (Фернандес 84), Фредгеймас, Керла, Джаллоу, Фаль, Әлиев, Есімов, Мұртазаев (Сартаков 90+2), Малый
Қосалқы құрам: Цирин, Кислицын, Аяғанов, Киров, Попов
Төреші: Чесноков (Өскемен), Виноградов (Петропавловск), Құсайнов (Астана)
29 мамыр. Атырау. Стадион «Мунайшы». 3 000 көрермен.
“Атырау” жеңісті сериясын бұзып алды. Чемпионаттың екі ойыны мен кубоктағы ширек финалдың матчынан жеңімпаз болып шыққан “мұнайшылар” 13-ші турда өз алаңында ұпай жоғалтты. Тіпті, ең болмағанда бір ұпай да ала алмады. Кездесуде жалғыз голды Роман Мұртазаев соқты. Соққанда да зор соқты. Айып добы кезінде қойылған тосқауылды бұзып жарған “Мұртазиньо” жойқын соққымен Нәрзіқұлов қақпасының торын “бүлк” еткізді. Бұл гол Криштиану Роналдудың “Вольфсбург” қақпасына соққан добының айна-қатесіз көшірмесі болды. Одан кейін алға лап қойған алаң иелері көптеген шабуылдар жасады. Алайда, көбінесе стандарттық жағдайларға иек артқан атыраулықтар таразы басын теңестіре алмады. Дегенмен, сондай қиын жағдайлардың бірінде “Атырау” гол соқты. Бірақ, кездесу төрешісі Игорь Чесноков анық голды аңғармай тастады. Тәртіптік комитеттің отырысы осы мәселеге бей-жай қарамауы тиіс деп білеміз.
“Ақтөбе” – “Астана” - 0:1 (0:0)
Голдар: Максимович 83
Ескертулер: Бочаров 22 – Постников 38, Щеткин 89
“Ақтөбе»: Отарбаев (Павлов 85), Куаджа, Сорокин, Цвейба, Ситдиков, Бочаров (Жаңғылышбай 80), Азовский, Крюков, Смақов (к), Шестаков, Әйімбетов (Жалмұқан 7)
Қосалқы құрам: Жұмашев, Қайыров, Тотай, Әбдукәрімов, Жұмағали
«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Каньяс, Деспотович (Щеткин 86), Максимович, Аруна (Абдурахими 71), Шомко, Мұжықов, Нөсербаев (к) (Тағыберген 82), Логвиненко
Қосалқы құрам: Мокин, Бейсебеков, Гурман, Шайыхов, Наджарян, Жүнісов
Төреші: Әлиев (Алматы), Сүйінов (Павлодар), Лабашов (Атырау)
29 мамыр. Ақтөбе. Стадион «Орталық». 8 000 көрермен.
Бұл бір саяси ойынның шешімі қалай болар деген күдік көптің көкейінде жүрді. Әр матч сайын пенальти теуіп үйренісіп қалған ақтөбеліктер бұл матчта да айып алаңына кіріп көп құлады. Алайда, төреші Александр Алиев мұндай мүмкіндіктерге мүлде паң қарады. “Астана” чемпиондар лигасының іріктеу ойындарына дайындалу мақсатында қазірден бастап чемпионаттағы ойындарда көбірек ұпай жинап қалуды көздеп жүр. 20-шы маусым күні Чемпиондар лигасының жеребесі тартылмақ. Елордалықтардың шамамен қарсыластары анықталып тұр. Демек, Стойловтың негізгі ойы сонда ауа бастады деген сөз. Сондықтан болар, осы матчқа болгариялық бапкер Бесарт Абдурахимиді және Аруна Лукманды шығарды. Бұл екі легионер сол чемпиондар лигасының аясындағы ойындарда командаға көп көмегін тигізуі керек. Ал, ойындағы жалғыз голды Неманья Максимович соқты. Әдеттегідей, баспен. Сербия Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы “Астана” сапында тек маңызды голдар ғана соғып жүр.
Ермұхамед МӘУЛЕН
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |