Главное Маңызды
26 нояб. 2024, 16:55
498
Петропавловский «Кызылжар» имеет долги по налогам за предыдущие годы. Также, следователи обнаружили факты хищения бюджета, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Гол Емес».
25 нояб. 2024, 19:23
567
Главный тренер сборной Казахстана Станислав Черчесов в интервью «Матч ТВ» поставил себе оценку по итогам группового этапа Лиги Наций, рассказал, что у него не получилось в первые месяцы работы у руля национальной команды, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 20:05
1519
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
1183
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
801
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.

Әбиірбек Қонысбаев: "Ұлан менің ғана емес, халықтың Ұланы болғанын сезіну, отбасымыз үшін - үлкен қуаныш"

10 июн. 2016, 10:02 | 3918
7 маусым күні өткен Қытай мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде Ұлттық құрамамыздың жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев ауыр жарақат алып, Қытайдың Далянь қаласында ойыншыға ота жасалған болатын. Кеше ғана Ұлан сайтымызға өз жағдайы туралы сұқбат берді. Бүгін Ұланның әкесі Әбиірбек ағамыз Kazfootball.kz порталы арқылы Қазақстан халқына өз үндеуін жолдауда:

Құрметті Қазақстан футболының жанкүйерлері!  

Қытай мен Қазақстан Ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесуде жарақат алып қалған Ұланға көрсетіп жатқан қолдауларыңыз бен жанашырлық ниеттеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Ұлан менің ғана емес, халықтың Ұланы болғанын сезіну, отбасымыз үшін - үлкен қуаныш. Осы бір қиын сәтте Ұланның жанынан табылған  мыңдаған жанкүйерлерге, Қазақстан футбол федерациясының басшылығына, жеке Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапанов мырзаға алғысым шексіз.

Футболға жəне футбол жүгін арқалап жүрген Ұландай азаматтарға жасап жатқан қамқорлықтарыңыз - еліміз, жұртымыз үшін жасалып жатқан еңбектеріңіздің бір парасы екені анық.

Дегенмен, осы жағдайларды жоққа шығаруға тырысатындар да арамыздан табылып жатыр. Қытай құрамасымен болған ойын мен ойыншылардың жанқиярлық мінез көрсетіп, жеткен жеңісін жоққа шығаруға тырысатын ақпараттар футбол жанкүйерлерінің арасында алауыздық туғызуда. Атап айтқанда, кейбір бұқаралық ақпарат көздерінде Қытай құрамасымен өткізген ойынның пайдасы мен зияны туралы мақалада ойынның зиянды жақтарын термелеп, осы ойынды ұйымдастырған ҚФФ басшылығын айыптап, Ұланның жарақатын да осымен байланыстыруға тырысып жатқандар бар.

Бұл пікірмен келісуге болмайды, себебі мемлекет беделі мен ел абыройын, азаматтардың төккен адал терін жеке мүдделер қызығымен араластыру адамгершілікке жатпайды. Ұланның жарақатынан арзан дау іздеудің қажеті жоқ жəне ұятты тірлік. Осы ретте көршісінің шөбі өртеніп жатқанда, шай қайнатып алуға тырысқан əйел туралы халық даналығы еске түседі. 

Сондықтан, алпауыт елдің ойыншыларын тізе бүктірген балаларымыздың еңбегін жоққа шығармайық. Мақтан етейік, бұл еліміз үшін, ұрпағымыз үшін қажет нəрсе жəне жеке мүддеден биік тұратын сезім. Өз басым Ұланның жəне оның əріптестерінің осы тарихи жеңісін мақтан тұтамын. Тағы да өздеріңізге деген шынайы сезімнен туған рақметімді қабыл алыңыздар.

Ұлан Қонысбаевтың əкесі, прокуратура саласының ардагері,
Қонысбаев Əбиірбек Мамытұлы

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх