Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
855
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2782
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
919
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
836
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
611
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Гогита Гогуа: "Шымкенттегі ойындарды шамалы кешкі уақытқа қойса екен"

13 июн. 2016, 16:04 | 1539
Шымкенттік "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Гогита Гогуа KazFootball.kz порталының тілшісіне өзінің бұрынғы командасы "Ертіске" қарсы өткен кездесу туралы өз ойын білдірді:

— Шымкенттегі ойындарды шамалы кешкі уақытқа қойса екен деген ойым бар. Өйткені, 17:00-дің өзінде оңтүстікте күн өте ыстық болады. Сол үшін де командалар бірінші кезеңде комбинациялық ойын көрсете алмады. Екінші таймның орта тұсында ыстық шамалы басылып, жүйелі ойын ойнай бастадық. "Ертіс" мықты ойыншылардан құралған, Қазақстандағы жақсы ұжымдардың бірі. Бірақ, бұл матчта бізге жеңіс маңыздырақ болды. Себебі, команда соңғы ойындарды сүреңсіз өткізіп, жігіттер пихологиялық тұрғыдан шамалы қиналып жүрді. Осы жеңістен кейін жігіттер бір жігерленіп қалды. Бұйырса, келер кездесулерде де "Ордабасы" жанкүйерлерін қуантуға тырысамыз.

Сіз жуырда ғана "Ордабасы" сапына ауыстыңыз. Команда Сізді қалай қабылдады?

— Командаластарым да, жанкүйерлер де мені өте жақсы қабылдады. Бірінші жаттығудан бастап жігіттермен оңай тіл табысып кеттік. Бір біріншілікте ойнап жүрген соң "Ордабасы" клубының бірнеше ойыншыларын мен бұрыннан танитын едім. Ал, басқаларымен ақырындап танысып жатырмын.

Бірінші айналым барысында Сіз "Ертістің" ең бір маңызды ойыншыларының бірі болдыңыз. Павлодарлық командамен келісім-шартты не үшін ұзартпадыңыз?

— "Ертіс" келісім-шартты ұзарту туралы ұсыныс жасады. Тіпті келіссөздер де өтті. Бірақ, біз бір ортақ шешімге келе алмадық. Сол үшін мен Павлодарда қалмадым. Ештеме етпейді. Бұл футбол.

 "Ордабасы" келесі кездесуін "Қайратқа" қарсы өткізеді. Бірақ, өкінішке орай, Сіз бұл ойынға қатыса алмайсыз. Жалпы бұл матчтан не күтесіз?

— Қызықты ойын болайын деп тұр. Мен бұл ойынға қатыса алмайтыныма өкініп тұрмын. Әйтпесе, жасыл алаңда командама пайда келтіру үшін қолдан келгеннің барлығын жасар едім. Қазір "Қайрат" өз ойынын тауып алды. Дегенмен, біздің футболшылардың көңіл-күйі жақсы. Тартысты кездесу күтемін.

Әңгімеңізге рақмет!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх