Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
875
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
561
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
322
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1291
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
650
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Алапат ойын алдында

14 июн. 2016, 08:10 | 1455
Еуропа чемпионатымен қатарласып ел чемпионаты да кезекті турын өткізбек.

16-тур. 15-маусым.

«Ертіс» - «Ақтөбе»

Турдағы қызықты матчтардың бірі. «Ертіс» соңғы турда Шымкентте ұпай алмай, қиын жағдайға тап болды. Енді олардың «Астанамен» ұпай айырмашылығы тоғыз ұпайды құрап отыр. Бұл өте нашар жағдай. Биылға «Астана» бет қаратар емес. Оны қуып жету барған сайын қиынға түсуде. Демек, керекуліктер осы турда өз алаңында үш ұпай алуға тырысады. «Ақтөбе» капитаны Самат Смақов жарақат алып, бір-екі айдай матчқа шыға алмастай болыпты. Сондықтан, ойын фавориті болгариялық Димитар Димитровтың шәкірттері. Олар өз алаңында соңғы кездері жеңіске жете алмай жүр. «Ақжайық» пен «Шахтер» секілді аутсайдерлермен тең түсіп жүрді. Енді осы жолы жергілікті жанкүйерлер әдемі ойынмен өрілген жеңіс күтетіні анық.

«Оқжетпес» - «Шахтер»

Көкшетаулық команда соңғы турда сыртта атырауға жеңілді. Бапкері ауысқан мұнайшылар керемет қарқын көрсетті. Муханов шәкірттері қызу қолға түсіп қалды. Алайда, командада Серж Бандо соңғы кездері голды қарша боратып жүр. Соңғы екі ойында ол үш гол соғып, жалпы премьер-лигада алты гол салды. Дәл қазір команданың сұрмергені осы бір камерундық жартылай қорғаушы. Осы жолы «Оқжетпес» ойдағысын жасауы тиіс. Өз алаңында 0:5 есебімен жеңілген «Шахтерде» артқа шегінерге жол жоқ. Бірақ, «кеншілердің» тең ойынға шамасы жете қояр ма екен? Оның үстіне қарағандылық команда біріншілікте ең аз гол соққан ұжым. Небәрі бесеу. Шабуыл өтіндегі ойындары қашан жолға қойылар екені белгісіз.   

«Тараз» - «Жетісу»

Өткен турда «Тараздың» ойыны қызық жағдайлармен өрбіді. Әулиеаталықтар сыртта «Ақжайықпен» кездескен болатын. Кездесудің бас төрешісі Александр Алиев деген алматылық төреші болды. Осы қазы ойын барысында жамбылдық команданың жеті ойыншысына сары қағаз көрсетті. Ол аз болғандай бас төреші оралдық ойыншылардың біразын да сыбап алды. 3 ойыншыға сары қағаз көрсетті. Ал, чемпионатымызға қайта оралған Мирослав Лечичті тіпті алаңнан қуды. Лечич кезінде дәл осы «Тараз» командасының сапында жемісті өнер көрсеткен болатын. Сол ойында төреші басты қаһарман болғанын айттық. «Тараз» сапынан кім гол соқты дейсіздер ғой?! Александр Алиев! Кезінде киевтің «Динамосында» доп тепкен Александр Алиев. Төрешінің толық аттасы. Стандарттық жағдайларды керемет орындай білетін Алиев енді командасының өз алаңындағы ойынында көзге түсуге тырысады. «Жетісуға» қарсы матчта ол енді негізгі құрамда алаңға шығатын да шығар. Сонымен қатар, өткен маусымда «Атырауда» ойнаған Антон Григорьев те негізгі құрам ойыншысы атануы тиіс. Бір сөзбен айтқанда «Тараз» осы турда үш ұпай еншілеуі ықтимал.

«Тобыл» - «Астана»

Бұл матч жайлы көп толғанудың керегі шамалы. Деңгейі жоғары елордалықтар алаң иелерін қинап жүріп жеңіске жетуі тиіс. «Астананың» ойындары, нәтижелері осылай деуге итермелеп тұр. Керек кезінде команданы жеке шеберлігінің арқасында алып шыға алатын футболшылар бұл командада жеткілікті. «Астана-Аренаның» қапырығына қынжылып жүрген Стойловтың командасы Қостанайда саф таза ауада ашылып ойнауы тиіс. Оның үстіне футболшыларға шабыт беретін жағдай аз емес. Франция жерінде өтіп жатқан Еуро-2016 додасының ойындары көптеген аяқдопшыларға серпін берері анық.

«Ақжайық» - «Атырау»

Оралдық команда соңғы үш ойында кем дегенде екі голдан соғып жүр. Соңғы ойында парагвайлық Коронель Ортиз дубль авторы атанды. Сондықтан, алаң иелері бұл матчта да қонақтар қақпасын торуылдайтыны белгілі. Бірақ, Нарзикулов қақпасынан саңлау табу қиын. Оның үстіне «Атыраудың» қазір көңіл-күйі тамаша. Жаңадан келген бапкер бірден келе сала команданы аяққа тұрғызды. Болгариялық бапкерлер шынымен де Қазақстан футболын жақсы түсінетін секілді. Болмаса болгар футболы қазақ футболына қатты ұқсас қой дейміз.  

«Қайрат» - «Ордабасы»

16-шы турдың басты матчы Алматыда өтпек. «Орталық» стадион жанкүйерлерге лық толы болса таң қалмаймыз. Себебі, Алматыда әдетте шымкенттік жанкүйерлер өте көп. Сондықтан, «Ордабасы» бұл матчта қолдаусыз қалмасы анық. Оның үстіне екі ұжымның соңғы турларда көрсетіп жүрген нәтижелері де керемет. Құрама команда сапында гол соққан Азат Нұрғалиевтің дәурені жүріп тұр. Ал, алматылықтар сапында ондай ойыншылар көп. Аршавин мен Исламхан екеуі ортада жүріп-ақ көп шаруа тындыруда. Соңғы төрт ойында «Қайрат» 19 гол соғыпты. Міне, бұл алапат шабуылдың күші деген сөз. Демек, осы турда екі алыптың ойынын қызықтаймыз деген сөз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх