Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
887
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
573
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
329
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1308
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
659
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Деңгейлестер тартысы

19 июн. 2016, 11:21 | 1538
Бүгін ел чемпионатының кезекті туры өтеді. Назарларыңызға "Деңгейлестер тартысы" атты сараптамамызды ұсынамыз.

17-тур.  19-маусым.

«Астана» - «Ертіс»

Чемпионаттың қос лидері арасындағы кездесу турдың басты ойынына баланып тұр. Футболшылардың өздері де әлеуметтік желілерде осы ойынды талқылауда. Мысалға, «Ертіс» қорғаушысы Елдос Ахметов өзінің бұрынғы командасына қарсы алаңға шығатынын мәлімдеді. Соңғы кездері гол соғып, үздіктер қатарында жүрген Ахметов «Астана» шабуылшылары үшін біраз қиындықтар тудыртуы мүмкін. Ал, Станимир Стойлов болса, осы ойында үш ұпай алуды жоспарлайды. Ұпай ауадай қажет десек те болады. Себебі, «Ертіс» елордалықтардың бәсекелесі болып саналады. Екеуінің арасында тоғыз ұпай айырмашылық болғанымен де Станимир бапкер қазірден бастап жағдайды жақсарта бергенді қалайды. Өйткені, жақын арада чемпиондар лигасының екінші іріктеу ойындары басталады. 20-шы маусым күні бұл жарыстың жеребе тарту рәсімі өтеді. Сондықтан, еурокубоктық ойындар алдында ел чемпионы ішкі чемпионаттағы жағдайын анағұрлым жақсартып тастауды көздейтіні анық.

Өткен жолы «Астана-Арена» стадионының ішінде ауа жоқ, қапырық деп мәлімдеген болгариялық бапкер өз өтінішіне жауап алды. Аренаның төбесінен саңлау ашылып, түндігі керілді. Енді таза ауада ешқандай өрекпімей, өкпе қыспай ойнауға болады. Айта кетуіміз керек бұл матчты тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсетеміз деп отыр.

«Шахтер» - «Ақжайық»

Соңғы екі ойында сегіз гол жіберген «Шахтер» осы жолы жанкүйерлер алдында кешірім сұрауға дайын. Оның үстіне қарсылас та қолайлы. Оралдың «Ақжайығы». Йозеф Вукушичті чемпионат басталғалы бері «отставкаға» жіберіп жатқан баспасөз өкілдері қазір бұл тақырыпты қаужауды қойды. Қарағандылық команданың басшылығы бұл маманға сенімін жоғалтар емес. Алайда, команда керекті нәтижеге жетіп те жүрген жоқ. Вукушичтің не сиқыры бар екенін біле алмадық?!

«Ақжайық» та оңып тұрған жоқ. Олар соңғы үш матчта тоғыз гол жіберген. Екі команданың да демек қорғанысы әлсіз. Бірақ, ұпай кімге бұйырары да анық емес. Деңгейлес қос команданың арасындағы тартыста үш емес алты ұпай ойнатылғалы тұрған секілді. Себебі «Шахтер» мен «Ақжайық» турнирлік кестеде көршілес тұр.

«Жетісу» - «Тобыл»

Душан Савич команданы алға сүйреп келеді, сүйреп келеді. Маңызды голдарды қарша боратып жүрген бұл легионерге осы күні елордалық «Астана» қызығыпты дейді. Кім біледі бұл да бір Деспотович секілді «жарқ» етейін деп тұрған ойыншы шығар. «Жетісу» командасын жетелеп жүргеніне екі жыл болды. Бұл ойында тағы да Савич гол соқса, онда Душанға деген қызығушылық одан әрі арта түсері анық. Македониялық шабуылшы чемпионатта тоғыз гол соғып үлгерді. Бұл бекерден бекер емес. «Тобыл» қорғанысына осы футболшыдан сақ болу керек. «Тараз» қақпасына хет-трик жасаған Савичтің бір голы тіпті Мессидің стилінде соғылды. Ал, сонау Еуро-1996 турнирінде гол соққан Омари Тетрадзе қостанайлық «Тобылды» алғашқы алтылыққа енгіземін деп жүр. Өткенде өз алаңында жеңілген «Тобыл» Тетрадзенің бұрынғы командасы «Жетісуға» қарсы ойнайды. Кездесу тең аяқталатын секілді.

«Ордабасы» - «Оқжетпес»

Азат Нұрғалиев «Астанаға» ауысуы мүмкін деген ақпарат шығысымен шымкенттік жанкүйерлер қобалжи бастады. Команданың негізгі ойыншысы тек «Ордабасыда» ғана емес, сонымен қатар, Ұлттық құрамада да керемет өнер көрсетіп жүр ғой. Азат өзге командаға ауысса, Байсейітов командасының шабуыл шебі әлсірейді деген сөз. Әзірге нақты Нұрғалиевтің ауысуы жайлы ресми ақпарат жоқ. Тіпті кеше ауыспайтын болыпты деген де алып қашпа әңгіме шықты. Тегеурінді қос команда арасындағы ойында «Ордабасы» жеңіске жетеді дегенге букмекерлер екі коэффицент беріп тұр. Олардың ойынша қос команда арасында тең нәтиже тіркеліп қалуы да ғажап емес екен.

«Атырау» - «Тараз»

«Атырау» командасы жаңадан келген бас бапкердің жұмысқа деген ынтасымен ілесіп, жақсы нәтижеге қол жеткізіп келеді. Олар сыртта соңғы ойында «Ақжайықты» 4:0 есебімен тас-талқан етті. Енді бұл жолы олар өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Өткен маусымда «Атырауда» өнер көрсеткен қорғаушы Антон Григорьев бұл жолы «Тараз» сапында. Ол енді «Атыраулық» шабуылшылардың қарқынын қайтаруымен айналысатын болады. Алғашқы алтылықты көздеп отырған атыраулықтарға бұл ойында тек қана үш ұпай керек.

«Ақтөбе» - «Қайрат»

Өте қызықты ойын болғалы тұр. «Ақтөбе» қақпашысы Самат Отарбаев жарақат алып қалған. Самат Смақовтың да жайы солай. Кішкене әлсіздеу көрініп тұрған «Ақтөбе» жергілікті жанкүйерлер алдында ең болмаса тең нәтижені ұстап қалса жаман болмас еді. Турдың қызықты ойынына баланып тұрған бұл матчты тағатсыздана күтетініміз анық.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх