Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
887
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
573
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
329
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1306
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
658
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Астана" Еуропа алаңдарында өткен жылғы жетістігін қайталай алады ма?   

19 июн. 2016, 11:17 | 1384
Қыр астында Еуропадағы клубтық турнирлер көрініп тұр. Бұйырса, дүйсенбі күні "Қарт құрлықтың" басты додасы – Чемпиондар лигасының алғашқы екі айналымының жеребесі тартылады. Бұл додада биыл да ел намысын "Астана" қорғайды. Өткен маусымда Чемпиондар лигасында сәтті өнер көрсеткен елордалық ұжым, биыл сол жетістігін қайталай алады ма? KazFootball.kz порталының тілшісі осы сұраққа жауап іздеп көрді.

Сөзсіз, биыл да қазақ футболының жанкүйерлері елордалық "Астананың" аяқ алысына ерекше назар аударады. Өткен жылы Станимир Стойлов шәкірттері айды аспанға шығарып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан еді.

Бұл маусымда да "Астана" былтырғы жетістігін қайталай алады. Оған бірнеше мысал да келтіре аламыз:

  1. "Астана" өткен жылы жетістікке қол жеткізген құрамының 60-70 пайызын сақтап қалды. Командадан - Бауыржан Джолчиев, Елдос Ахметов, Денис Дедечко, Георгий Жуков, Фокси Кетевоама, Джуниор Кабананга, Игорь Пикалкин, Владимир Логиновский және Бранко Илич кетті.
  2. Елордалық ұжым тәжірибе жинап, Чемпиондар лигасындағы жеңістің дәмін тартып көрді.
  3. "Астананың" Қазақстан Премьер-лигасындағы жағдайы жақсы. Клуб екінші орында келе жатқан "Ертістен" тоғыз ұпай ұзап кеткен. Сол үшін Еуропа алаңдарындағы ойындарына емін-еркін дайындала береді.
  4. Команда жоғары деңгейдегі шабуылшы – Джордже Деспотовичті алды. Өткен маусымда Стойлов бапкердің мазасын алған шабуылшылар еді. Қазір серб шабуылшысы таза «тоғыздықтың» орнын басып, Таңат Нөсербаев шамалы артқа шегініп ойнап жүр. Одан бөлек, жуырда Агим Ибраими деген шабуылға жақын ойнайтын ойыншыны алды. Ол да «Астана» шабуылындағы бәсекені қыздыра түсетін шығар.
  5. Команда қорғанысын күшейтті. Ұжымға еліміздегі ең таңдаулы деген қорғаушылар – Юрий Логвиненко мен Марк Гурман келді. Бізде бар мәліметтер бойынша, алдағы уақытта клуб шет елден тағы бір қорғаушы алуы мүмкін.

Дегенмен, бұл дәлелдерге қарсы мәліметтер де бар:

  1. Командадағы орны ойсырап тұрған ойыншы - Бауыржан Джолчиев. Өткен маусымда бұл футболшы команданың көрсеткішіне едәуір үлес қосты. Бранко Илич пен Фокси Кетевоаманың орнын басатын ойыншы табылмай тұр. Өткен маусымда оң қанатқа жауап берген Иличті жоқтатпау үшін бапкер түрлі қадамдарға барып жүр. Бірақ, Абзал Бейсебеков көңілден шықпаса, Евгений Постников бұл позицияда өзін еркін сезіне алар емес. Сонымен қатар, орталық алаңда ойын үйлестіретін Кетевоаманың орны ойсырап тұр. Бұл позицияға да бапкер эксперимент жасап келеді. Бірде Максимовичті қойса, кейде Нөсербаев «ондықты» қызметін атқарып жүр. Ара-тұра бұл жерде Аруна Лукман мен Асхат Тағыберген ойнап қояды. Алайда, олардың бәрі де Кетевоама атқарған жұмысты істей алмайды. Осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін команда Азат Нұрғалиевті алады деген ақпарат шығып еді. Оның да трансфері болмай қалуы мүмкін екен. Георгий Жуковтың "Астанадан" кетуі де командаға керіс әсерін тигізуі мүмкін. Ал, Дедечко, Ахметов, Пикалкин, Логиновский, Кабананга секілді ойыншылардың командадан кеткені білінер емес. 
  2. Бұл маусымда басқа командалар өткен жылғыдай «Астанаға» немқұрайлы қарамайды. Өткен жылы бірнеше ұжымдар біздің командаға көзінің қиығымен қарап, опық жеп қалған еді. Биыл ондай жағдайды күтуге болмайды. Барлық команда «Астанаға» қарсы тас-түйін дайын шығады.

"Астана" Еуропада қандай жүйемен ойнайды?

Бұл сұрақты негізі көзі қарақты, қазақ футболының көп жанкүйері қойып жүр. Біз мүмкіндігімізше жауап беріп көрейік.  Болгар бапкері Станимир Стойлов үш жүйе бойыншы өнер көрсетеді. Біріншісі, 4−2−3−1. Бұл жүйені клуб соңғы ойындарда көп пайдаланып жүр. Одан бөлек, «Бенфикаға» қарсы кездесуде де осы жүйе қолданылды. Екіншісі, 4−4−2. Мұны бапкер сирек қолданады. Бұл жүйені толық пайдалану үшін командаға мықты екі шабуылшы керек. Ал, қазір «Астанада» ондай шабуылшылар жоқ. Үшіншісі, 4−3−3. Өткен маусымдағы топтық кезеңге клуб дәл осы жүйемін ойнады. Бірақ, биыл оны Стойлов сирек қолданып жүр.

Біз ұсынған жүйелердің ішінде бапкер біріншісін таңдайды деп ойлаймыз. Егер солай болса, құрам келесідей болып қалуы мүмкін: Эрич, Постников (немесе жаңадан алынған қорғаушы), Логвиненков, Аничич, Шомко, Каньяс, Максимович, Твумаси, Мужиков, Нөсербаев және Деспотович.

Кімдер қарсылас болуы мүмкін?

Биыл "Астана" клубы іріктеуді екінші айналымнан бастайды. Біздің командадан бөлек, доданы екінші айналымнан "Ф91", "Жальгирис", "Хапоэль", "Олимпия", "Вардар", "Норрчепинг", "Ференцварош", "Крусейдерс", "Зриньски", "Дандолк", "Младост", "СИК" бастайды. Осы командалардің бірі біздің қарсыластар болады.

Бұдан бөлек, "ТНС", "Валлетта", "Флора", "Санта Колома", "Б36", "Линкольн", "Алашкерт", "Тре Пенне", "Лиепая", "Фероникели" секілді командалардың бірінші кезеңді бағындырғандарының бірі де "Астана" қарсыласы атануы ықтимал.

Ал, үшінші айналымнан бастап додаға "Олимпиакос", "Виктория", "Зальцбург", "Селтик", АПОЭЛ, БАТЭ, "Легия", "Динамо" (Загреб), "Лудогорец" және "Копенгаген" қосылады. Егер бұл кезеңге жетсек, біздің команда бұл командалардың бірімен кездеседі.

2016/17 маусымдағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдерінің кестесі:

28−29.06.16 - Бірінші іріктеу кезеңі, бірінші ойындар.

05−06.07.16 - Бірінші іріктеу кезеңі, екінші ойындар.

12−13.07.16 - Екінші іріктеу кезеңі, бірінші ойындар.

19−20.07.16 - Екінші іріктеу кезеңі, екінші ойындар.

26−27.07.16 - Үшінші іріктеу кезеңі, бірінші ойындар.

02−03.08.16 - Үшінші іріктеу кезеңі, екінші ойындар.

16−17.08.16 - Плей-офф кезеңі, бірінші ойындар.

23−24.08.16 - Плей-офф кезеңі, екінші ойындар.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх