Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
876
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
561
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
322
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1292
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
650
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Атырау" алғашқы алтылықта

21 июн. 2016, 08:30 | 1351
Қазақстан Премьер-лигасының әр турынан кейін турнирлік кестеде түрлі өзгерістер орын алуда.

17-тур.

"Астана" – "Ертіс" - 1:1 (0:0)

Голдар: Нөсербаев 51 (1:0), Керла 69 (1:1)

«Астана» өз алаңында ұпай жоғалтты. Чемпионаттың қос лидері арасындағы ойын өте тартысты өтті. Топ бастап келе жатқан елордалық «Астана» негізгі бәекелесі «Ертісті» ұту үшін қолдан келгеннің барлығын жасады. Алайда, Станимир Стойлов шәкірттері кездесуден тек жалғыз ұпай ғана алды. Ойынның алғашқы кезеңі тең аяқталды. Көбірек шабуылдаған астаналықтардың мүмкіндіктері голға айналмай жатты. Бұл арада қонақтар қақпашысы Давид Лорияның шеберлігін айта кеткеніміз жөн. Екінші кезең басталысымен қапталдан пас асырған Дмитрий Шомко Таңат Нөсербаевты дәл тапты. Шабуылшы келіп қалған допты кеудесімен қақпаға бағыттай салды. Сұрмерген шабуылшыны ашықтан-ашық қалдырған «Ертіс» қорғаушылары бірден бас бапкер Димитар Димитровтан ұрыс естіді. Қос болгариялық бапкердің арасындағы теке тірес тең аяқталды. Себебі, ойынның 69-шы минутында Семир Керла таразы басын теңестіріп кетті. Айып алаңында дәл үшып келген допты асықпай қақпаға бағыттаған ол, Ненад Эричке еш мүмкіндік қалдырмады. Кездесу осылайша тең аяқталып, керекуліктер елордадан бір ұпай олжалап қайтты.  

"Шахтер" – "Ақжайық" - 3:1 (2:0)

Голдар: Василевич 27 (1:0), Уббинк 45+2 (2:0), Уббинк 86 (3:0), Лечич 90+3 (3:1)

Осы кезге дейін біріншілікте небәрі 5-ақ гол соққан қарағандылықтар 17-ші турда ағынан жарылды. Оралдан келген «Ақжайық» қақпасына олар бірден үш гол соқты. Командаға қайта оралып, жарақатын емдеген Никола Василевич кездесу есебін ашты. Ал, бірінші тайм аяқталар тұста Голландия елінің өкілі Корнелиус Уббинк есепті еселей түсті. Осы жақында ғана Нидерландыдан ата-анасы қонаққа келіп кеткендігі жақсы әсерін берсе керек, Уббинк екінші таймда тағы бір голдың авторы атанды. Өз потенциалын аша алмай жүрген жас шабуылшы 86-шы минутта есепті 3:0-ге жеткізді. Кезінде «Тараз» сапында жарқылдаған сербиялық Мирослав Лечич Қазақстан чемпионатына қайта оралғанын голмен атап өтті. Оралдық ұжымға жетіспей жүрген шабуылшы Байсуфинов командасында енді пайда болған сыңайлы. Ал, бапкердің өзі осы ойыннан кейін баспасөз мәслихатында қызметімнен кетемін деп мәлімдеді.

"Жетысу" – "Тобол" - 0:1 (0:0)

Гол: Шимкович пенальтиден 90+3

Талдықорғандық «Жетісу» тең нәтиженің өзін қанағат тұтып тұрған. Алайда, оған да жете алмай қалды. Бүкіл матч бойы шабуылдап, қарсылас қақпасынан саңлау таба алмаған Алмас Құлшынбаев командасының қосымша уақытта гол жіберіп алғаны тіпті ауыр болды. Бұл түгел команда ойыншыларын тұңғиыққа батырған ауыр гол болды. Оны 93-ші минутта Томаш Шимкович пенальтиден соқты. Команда лидерлерінің бірі Бауыржан Тұрысбек те енді келесі ойында «Жетісу» үшін өнер көрсетпейді. Ол алматылық «Қайрат» сапына ауысып кетті. Талдықорғандық команданың алдағы уақыттағы жағдайы қалай болары белгісіз. Оның үстіне жығылғанға жұдырық болып, тағы бір ақпарат шықты. Македониялық Душан Савич те өзге командаға ауысуы ықтимал. Атап өтер болсақ, елордалық «Астана» қызығушылық танытып отыр. Жалпы ел чемпионы биыл македониялық футболшыларға шүйліккендей. Ол командаға жақында македониялық Агим Ибраими есімді футболшы келгенін білесіздер. Ал, оған дейін Бесарт Абдурахими алынған болатын.  

"Ордабасы "– "Оқжетпес" - 2:2 (2:0)

Голдар: Диакате 30 (1:0), Сүйімбаев 36 (2:0), Бөлешев 54 (2:1), Юрин 64 (2:2)

4-5-ші орындарда тұрған қос команда арасындағы ойын жарнамасынан-ақ тартымды еді. Байсейітов пен Муханов арасындағы тартыста қай бапкер біліктілігін көрсетер екен деп отырдық. Себебі, премьер-лигадағы жастары да, тәжірибиелері де толысқан мамандардың ойыншыларға қалайша жігер беретінін қызықты еді. Қақпашыдан қорлық көрген шымкенттік «Ордабасы» бұл матчта да болмашы голдар жіберді. Әйтпесе кездесудің 54-ші минутына дейін алаң иелері 2:0 есебімен алға шығып тұрған. Ойынның алғашқы жарты сағаты түгеселер тұста Абдуллай Диакате есеп ашты. Араға алты минут салып Ұлттық құрама команданың қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев сол қапталдан суырылып өтіп соққы жасады. Бұл допты Саша Стаменкович қайтара алмады. Ал, «Оқжетпес» екі доп соққаннан кейін сол Стаменкович бірде балтырын ұстап, бірде бүйірін ұстап қайта-қайта жарақат ала берді. Алайда, алаң иелерінің шабуылдары кезінде 100 пайыз еніп тұрған доптарды қайтарып жатты. Қақпашының бұл әрекеті жергілікті жанкүйерледің наразылығын тудыртты. Чемпионатта көп гол соғуымен көзге түсіп жүрген екі команда екі голдан салып тең тарқасты. «Ордабасы» осымен екі ойын қатарынан 2:0 есебімен жеңіп тұрып, үш ұпайдан айырылып қалуда. Бас бапкер Байсейітов бұл жағдайды команданың қолы жүрмей тұр деп түсіндірді. Айта кетуіміз керек Еуропа лигасында өнер көрсететін «Ордабасы» өз қарсыласын естіді. Шымкенттіктердің қарсыласы болып Сербияның «Чукарички» командасы түсті. Алғашқы ойынды қазақстандық команда сырт алаңда 30-шы маусым күні өткізеді.  

"Атырау" – "Тараз" - 1:0 (0:0)

Гол: Дамчевски 57

Болгариялық бапкерлердің сәнге айналған заманында сол елден маман алдыртқан «Атырау» жақсы жүріс алып отыр. Бұл жолы жайықтың жағасындағы команда өз алаңында «Таразды» ұтты. 11-метрлік пенальтиді соға алмаған жамбылдықтар бар кінәні өздерінен көрді. Юрий Максимовтың ойынша сол гол болғанда «Тараз» тең нәтижеге қол жеткізгендей екен. Екінші таймда шамамен 28-метр жерден белгіленген айып добын легионер Дамчевский тамаша орындады. Александрдың бұл добы қақпаға әдемі еніп, алаң иелері соның арқасында үш ұпайға кенелді. Бұл маңызды ұпайдың арқасында «Атырау» алғашқы алтылыққа енді.

"Ақтөбе" – "Қайрат" - 2:6 (1:4)

Голдар: Тесак 4 (0:1), Исламхан 17 (0:2), Гоу 25 (0:3), Аршавин 38 (0:4), Шестаков 43 (1:4), Жалмұқан пенальтиден 64 (2:4), Гоу 67 (2:5), Исаэль 77 (2:6)

Қазақстан атын Еуропа лигасында қорғайтын қос команда Ақтөбедегі «Қобыланды батыр» атындағы стадионда кездесті. Негізгі қақпашы Самат Отарбаевтың жарақаты мен Самат Смақовтың жоқтығы алаң иелеріне қатты әсер етті. Оның үстіне «Қайрат» та ашулы келсе керек. Алаң иелерін еш аямады. Кездесудің 38-ші минутында қонақтар 4:0 есебімен жеңіп жатты. Лукаш Тесак қазақстандағы алғашқы голын матчтың небәрі 4-ші минутында салып тастады. Одан кейін Бауыржан Исламхан есепті еселесе, Жерар Гоу таблодағы көрсеткішті 0:3-ге жеткізді. Ал , Аршавиннің голы ақтөбеліктерді тіпті есеңгіретіп тастады. Тек 43-ші минутта Кирилл Шестаков өзінің бұрынғы командасына гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Екінші таймда пенальти соғудан рекорд жаңартып жүрген «Ақтөбе» тағы бір 11 метрлікті пайдаланды. Капитанның жоқтығын Дидар Жалмұқан жоқтатпады. Алайда 67-ші минутта Гоу тағы бір гол соғып мергендер тізімінде көш бастады. Африкалық шабуылшы қайтадан өз бабына келе бастағандай. Матч нүктесін «Қайраттың» соңғы ойындарында үздік болып жүрген Исаэль соқты. Қорытынды есеп 2:6. Бұл командалар арасындағы матчтарда соңғы жылдары осылайша сегіз голдан еніп жүр.

Осы арада Еуропа лигасы жайлы әңгімені түйіндей кетсек. «Қайрат» биыл да Албанияның командасына қарсылас атанды. Өткен жылы «Кукеси» болса, биыл - «Теута». Алғашқы ойын Албанияда 30-шы маусым күні өтеді. Тура сол күні «Ақтөбе» өз алаңында Венгрияның МТК командасын қабылдамақ. Сырттағы ойын 7-ші шілде күні Будапештте өтеді деп жоспарланған.

Ермұхамед МӘУЛЕН

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх