Главное Маңызды
23 апр. 2024, 10:15
159
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
404
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
282
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 10:45
357
Председатель наблюдательного совета «Кайрата» Кайрат Боранбаев в своем Instagram рассказал о работе академии клуба и призвал болельщиков поддержать главного тренера команды Кирилла Кекера, сообщает корреспондент KazFootball.kz:
22 апр. 2024, 10:20
291
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (2:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу столичного клуба:

Талғат Байсуфинов: "Ұлттық құраманың намысын қорғау үшін әрбір қазақ футболшысына мүмкіндік беремін"

24 июн. 2016, 11:11 | 2239
Бүгін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Талғат Маруанұлы Байсуфинов Kazfootball.kz порталына Ұлттық құраманың қалай дайындалатынын және құрамада кімдердерің өнер көрсетуі мүмкін екенін айтып берді.

- Жуырда «Ақжайық» клубынан кетемін деп арыз жазып едіңіз. Бұл мәселе не болды?

- Біріншіден мен «Ақжайық» басшыларына рақметімді айтқым келеді. Өйткені, Орал қаласының әкімі маған бұған дейін құрама мен клуб тізгінін қатар ұстауға рұқсат беріп келді. Бүгін мен Оралға жол тартамын. Сол жаққа барып, клуб басшыларымен, қала әкімімен кездесу өткіземін. Менің арызым қарастырылып жатыр. Бірақ, әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Бұйырса, осы жолы шешіледі деп отырмын.

- Қазақстан Ұлттық құрамасының бапкерлер қосынына кімдер кіреді?

- Бапкерлер қосыны қатты өзгермейді. Бұған дейін бірге жұмыс істеп келген Нұркен Мазбаев, Юрий Новиков, Андрей Ферапонтов сынды мамандар қызмет атқарады.

- Әлемдік практикаға қарайтын болсақ, құрама ойыншыларының физикалық дайындығын жақсату үшін шет елдік мамандарды шақырады. Сіз де бұл қызметке шет елдік маманды шақырасыз ба?

- Мен қазіргі бапкерлер қосынына толық сенемін. Қазірше осы азаматтармен бірге жұмыс істеп, сараптама жасаймыз. Егер, алдағы уақытта шет елдік маман қажет болса, біз командамен ақылдасып көреміз.

- Ұлттық құрамаға іріктеуді қалай өткізесіз? Мәселен, соңғы жиындарға «Оқжетпес» сапында сәтті өнер көрсетіп жатқан Марат Хайруллин шақырту алмады.

- Мен Ұлттық құраманың намысын қорғау үшін әрбір қазақ футболшысына мүмкіндік беремін. Тек жігіттер өзінің шын мәнінде мықты екенін дәлелдесін. Ешкімді бөле-жарып, ешкімге бей-жай қарамаймын.

- Бүгінде құрамаға шет елден футболшы шақыру деген сәнге айналып кетті. Сіз де құрама сапына шет елдік футболшы шақыртасыз ба?

- Ел намысын қорғайтын ел біріншілігінде де футболшылар жетерлік. Егер, шет елдік футболшылар керек болса, оны да қарастырамыз. Бірақ, шет елдік аяқдопшылар елімізде өнер көрсетіп жатқан футболшылардан шынында мықты екенін дәлелдеулері керек. Әйтпесе, ортаңқол футболшылар елімізде де көп.

- Іріктеу кезеңі басталуға дейін әлі біршама уақыт бар. Оған дейін Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу өткізіп, дайындығын пысықтайды ма?

- Ұлттық құраманың жоспарын алдағы уақытта аламын. Дайындықтар міндетті түрде болады. Қазір Қырғызстанмен келісіп қойдық. Жаздың соңында бұл құрамамен жолдастық кездесу өткіземіз. Одан бөлек, Қазақстан чемпионаты бар, жуырда Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасы басталады. Футболшыларды осы турнирлерге қарап іріктейміз.

- Федерациямен қанша уақытқа келісім-шартқа қол қойдыңыз?

- Алдағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңына дейін.

- Соңғы сұрағым, Ұлттық құраманың бас бапкері ретінде Сізге қандай мақсат қойылды?

- Мақсат біреу ғана – құрамамен бірге 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу. Бұл үшін тынбай еңбек етеміз.

- Әңгімеңізге рақмет! Алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх