Главное Маңызды
25 нояб. 2024, 19:23
360
Главный тренер сборной Казахстана Станислав Черчесов в интервью «Матч ТВ» поставил себе оценку по итогам группового этапа Лиги Наций, рассказал, что у него не получилось в первые месяцы работы у руля национальной команды, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 20:05
1330
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
991
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
632
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1646
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:

Байсуфиновпен бағымыз ашылады ма?

24 июн. 2016, 14:27 | 2183
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов ресми түрде Талғат Байсуфиновты Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде тағайындап, жұртшылыққа таныстырды. Соңғы он жыл көлемінде тек шет елдік мамандардан тәлім алып келген құраманың қазақ бапкері келгеннен соң бағы ашылады ма? Kazfootball.kz порталының тілшісі бұл материалда осы сауалға жауап іздеп көреді.

Тәуелсіздік алғаннан бері футболдан Қазақстан құрамасын ХХІ ғасырдың басына дейін Бахтияр Байсейітов, Б.Баймұхамедов, Сергей Бердалин, Сергей Гороховодацкий, Ваид Талгаев, Владимир Фомичев, Вахид Масудов сынды тек қазақстандық мамандар тізгіндеп келді. Тек 2003 жылы Леонид Пахомов деген ресейлік маман келіп, бір жыл бас құрамамызды жаттықтарған еді. Бірақ, қатырмады. Бұл бапкердің бастамасымен футболшыларымыз 6 жолдастық кездесу, 4 халықаралық ойын өткізіп, бірде-бір жеңіске жете алмады.

Осы жағдайдан кейін Қазақстан футбол федерациясы бұл азаматты орнынан алып тастап, Сергей Тимофеевті тағайындаған еді. Бірақ, арада бір жыл өткен соң Сергей Анатольевич те қызметінен кетті.

Содан соң Қазақстанға шет елдік мамандар бірінің-артынан бірі келді. Голландиялық Арно Пайперс бастап берген жолды Берн Шторк (Германия), Мирослав Беранек (Чехия) жалғастырса, соңғы болып Юрий Красножан (Ресей) қоштады. Міне, содан 11 жыл өткеннен кейін ұлттық құрама тізгінін қазақ бапкері - Талғат Маруанұлы Байсуфинов ұстады.

Бұл әрине қазақ футболы үшін қуанышты жаңалық. Талғат Маруанұлын көзі қарақты жанкүйер жақсы таниды. Футболшы ретінде ол «Трактор» (Павлодар), «Металлург» (Ермак), «Еңбек» (Жезқазған), «Ертіс» (Павлодар), «Экибастузец» (Екібастұз), «Жетісу» (Талдықорған), «Восток» (Семей) сынды клубтарда өнер көрсетіп, 2003 жылы карьерасын аяқтаған.

2003 жылдан бастап бапкерліктің қамытын киген Талғат Байсуфинов «Есіл – Богатырь», «Ақсу», «Ертіс» сынды командалардың тізгінін ұстады. Ал, өткен жылы ол оралдық «Ақжайықты» жаттықтырып, 2013 жылы төменгі лигаға түсіп қалған ұжымды қайта премьер-лигаға алып шықты.

Ұлттық құрама тізгіні 47 жастағы маманға биыл наурыз айында бұйырды. 5 айдай бапкер таппаған ҚФФ Талғат Байсуфиновке ұсыныс тастады. «Қажет болса ұлттық құраманы тиын-тебенсіз-ақ жаттықтыруға дайынмын» деп жүрген бапкер бірден келісімін берді.

Сол уақыттан бері Талғат Байсуфинов пен Нүркен Мазбаев жұбы Қазақстан құрамасымен үш жолдастық кездесу өткізді. Алдымен Антальяда Әзірбайжан құрамасынан басым түссе (1:0), содан соң Тбилисиде Грузия құрамасымен тең түсті (1:1). Осыдан екі жұма бұрын «аспан асты» елінде Қытай құрамасының апшысын қуырып, жеңіске жетті (1:0). Бұл тізгінді уақытша ұстап жүрген тәлімгер үшін тамаша көрсеткіш еді бұл.

Талғат Байсуфиновтың бұл жетістігін федерация басшылары да марапатсыз қалдырмады. Бүгін бұл бапкер ресми түрде ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды. «Талғат Маруанұлының соңғы үш айда атқарған жұмысын біз де мұқият бақыладық. Сөйтіп футбол ардагерлерімен, футбол функционерлерімен және жанкүйерлермен ақылдасып, бүгін оны ресми түрде Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде тағайындаймыз»,  - деп бапкерді ҚФФ Президенті Ерлан Тоқтарханұлы таныстырды.

Федерация мен бапкер 2018 жылғы Ресейде өтетін әлем чемпионатының іріктеуі аяқталғанша келісім-шартқа қол қойыпты. Бұйырып, командамыз әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығып жатса, маман өз қызметін жалғастыра береді.

Жиын барысында Байсуфиновпен бірге ұлттық құраманың бапкерлер қосыны да бекітілді. Бұл жерде де өзгеріс жоқ. Соңғы үш айда қызмет жасап келе жатқан Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Ферапонтов сынды білікті отандық мамандар бапкерлер штабына кірді.

Құрама тізгінін көптен күткен қазақ маманы ұстады. Ендігі сауал – Байсуфиновпен Қазақстан құрамасының бағы ашылады ма? Оған біздің жауап дайын. Бұл бапкердің бастамасымен жағдайымыз жақсармаса, нашарламайды!

Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған дұрыс. Шет елдік мамандардан еш кем көрсеткіш көрсетпейді деп сенеміз. Оның үстіне, Байсуфинов қазақ футболшыларын жақсы таниды. Футболшыларымыз да бапкерді жақсы біледі. Қазақ тілінде ақыл-кеңес айтады. Аудармашының қажеті болмайды. Тағы бір назар аударатын жайт, құрама сапында қазақ жігіттері көбейеді. Енді құрама жігіттері бапкерді ұятқа қалдырмау үшін, ал бапкері жанкүйерді жерге қаратпау үшін жұмыс жасайды.

Бас бапкер ретінде Байсуфинов бірінші ойынын Қырғызстан құрамасына қарсы өткізеді. Айыр қалпақты ағайынмен Қазақстан құрамасы тамыз айында жолдастық кездесу өткізеді. Одан кейін әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды. Біздің құрама «Е» тобында Румыния, Дания, Польша, Черногория, Армения сынды құрамалармен ойнайды.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх