Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1045
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
712
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
371
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1370
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
701
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Бұлыңғыр болашақ

25 янв. 2016, 08:00 | 2508
Қазақстан жастар құрамасы “Достастық Кубогында” “ЖЕТІНШІ” орын алды. Ал, жарысқа өзі сегіз команда қатысқан болатын. Бұл нәтиже көп адамды ойландырмай қоймауы тиіс деп есептеймін. Ел футболының ертеңі осындай жағдайда деген сөз. Қазіргі жастар құрамасы 3-4 жылдан кейін Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары атанары сөзсіз. Қыруар қаржы салып, жағдайдың бәрін жасап жатырмыз деген құраманың құрдымға кетіп, соңғы орындардың бірін иеленуі ұят нәрсе екені айдан анық. “Ауруын жасырған өледі” демекші, қай жерден кінә кеткенін айтып, көрсетіп, оны мойындауымыз қажет.

Алдымен азды-кем тарихты сүзіп өтсек. 2012-ші жылдан бері “Достастық Кубогы” жастар құрамалары арасында өте бастағалы Қазақстан құрамасы жетінші орыннан төмен түсіп көрмеді. Рас, ол кездері жарысқа 12-13 командадан қатысып келді. 2015-ші жылы олардың саны тіпті 15-ті құрады. Бәсекелестердің көптігіне қарамай 5-6-7-ші орындарды иеленіп жүрдік. 2014-ші жылы Қазақстан жастар құрамасы сәтті ойнаған турнир болды. Саулюс Ширмялис бастаған команда бесінші орын үшін таласта Санкт-Петербургтың құрама командасын 3:0 есебімен жеңді. Сол жылғы “Достастықтың” үздік бомбардирі болып 5 голдың авторы, отандасымыз - Роман Мұртазаев атанды. Жалпы, сол кездегі құраманың ойыны көрер көзге тартымды болатын. Одан кейін, 2015-ші жылғы жарыста Ширмялис бапкер құрама ойыншыларын одан әрі жасартып тастады. Әлішер Сүлей, Максим Федин, Аслан Рафхат секілді ойыншыларды алдыртты.

Биылғы командада ойнаған футболшылардың шамаммен негізгі құрамы өткен маусымда литвалық бапкердің қол астында тәжірибие жинақтаған жігіттер болатын. Бірақ, сол команда өткен жылы 15-команданың ішінде жетінші орын алған. Олар міндетті түрде биыл алғашқы үштікке енеді деп күттік. Себебі, биыл жарысқа қатысушылар құрамы әлсіз, әрі саны небәрі – 8. Сегіз команданың ішінде жүлдегерлер қатарына кіру, ойлап қарасаңыздар аса қатты қиын дүние емес қой.

2016 жылы жарыста болған командаларға тоқталып өтсек, ішінде іліп алар екі команда бар. Бірі жарыс қожайындары – Ресей командасы және біз үш жыл қатарынан жеңіліп келген Беларусь жастары. Ал, қалған командалардың барлығы Қазақстан жеңе алатын ұжымдар.

Алғашқы ойында отандастарымыз Молдова құрамасымен кездесті. Дан Спатарудың жалғыз голына ешқандай жауап қата алмадық. Команда алғашқы ойынды сүреңсіз өткізді. Өткір шабуылдар мүлде көре алмадық. Еуропадағы футболы аса қатты дамымай қалған Молдованың жастарынан жеңілсек, онда шынымен де бізде салыстырмалы теорияның жоқтығы дерсіз. Мысалға алар болсақ, Азияда жүрген шағымызда біз Тәжікстан мен Қырғызстан секілді командаларды еш ойланбастан анық жеңіп өте шығатынбыз. Беларусь құрамасымен тең түскеннен соң, біз айыр қалпақты ағайындарымызға қарсы ойнадық. Алаңдағы кездесу өте ауыр өтті. Қайта-қайта гол соғып, есепте алға шыққанымызбен соңғы минуттарда қақпамызға гол жіберіп алдық. Осы сәтте қазақстандық футболшылардың алаңда бір-бірімен жаға жыртысып қала жаздағанын байқадық. Бұл командада ауызбіршіліктің толықтай мықты еместігін көрсетеді. Демек, бапкер толық жұмыс жасай алмаған. Осылайша, қырғыздармен тең түсіп, топтағы соңғы орынға жайғаса кеттік. Азия құрлығында өндіріп ештеңе көрсете алмай жүрген көршілеріміздің жастарымен тең түсу, бұл әрине шыңыраудың шегі болса керек.

Одан кейін тағы бір азиялық команда Тәжікстан күтіп тұрды. Оларды өткен жылы 2:0 есебімен оңай жеңгенбіз. Биыл ол да бола қоймады. Абат Әйімбетовтың екі добы абырой болғанда 3:2 нәтижесімен жеңуге мұрша берді. Негізі, ойынның соңында біз тағы да қорғаныста жатып алдық. Тәжікстанмен ойында қорғанысқа жатудың өзі де негізі, соншалықты атақ әкелетін жағдай емес қой. Қырғыздар да, тәжіктер де кішкене жылдамырақ, ширағырақ қимылдады. Тәжіктердің бұл ойында алаңға шыққан футболшылары біздің құрама жігіттерінен бір жасқа төмен екендігін де айта кетейін. Сонымен, құрамамыз бұл жарыста бір ғана жеңіске жетті. Екі футболшымыз алаңнан қуылып, он екі футболшымыз сары қағаз алыпты.

Енді команданың осы нәтижесіне жауап беретін тұлғаға тоқталсам. Серік Әбдуәлиев ел футболында аса қатты танымал адамдардың қатарына жатпайды. Кезінде “Жетісу” күміс жүлдегер болғанда бұл кісі ресми түрде бас бапкер болып тіркелген. Бірақ, команданы баптаған Асқар Қожабергенов болатын. Әбдуәлиев оның орынбасары болды. Қожабергенов кетісімен бұл маман өзі жалғыз команданы баптай алмай, орнынан кетті. Осы күні Қазақстан футбол федерациясының шешімімен бұл маманға сенім артылды. Қазақстанның көптеген жастар құрамаларының бапкерлігіне отандық мамандар тағайындалды. Ойрат Сәдуов Гранаткин жарысына U-17 құрамасын апарды. Өйткені, Карлос Марторель Бакес деген испаниядан келген әдістемеші жасөспірімдерді үшпаққа шығара алмады. Өткен жылы оның “Президент Кубогында” масқара болғанын көрдік. Одан гөрі Сәдуов көш ілгері екенін байқадық. Ал, Ширмялистей мықты маманды орнынан алып тастап, орнына тәжірибиесі толыспаған Әбдуәлиевті қою қателік болды. Қазақстандағы көптеген футболшылар Ширмялисті сыйлайды. Литвалық бұл маманды жамандап, сыртынан сынағандарды да көрмеген едік. “Достастық Кубогында” екі жыл қатарынан құрамамыз тәуір ойнап келді. Біршама жастарға бапкер жол ашты. Ол тіпті клубтық деңгейде де жақсы нәтижелер көрсетіп жүрді. “Ақжайық” пен “Ордабасының” сол кездегі ойындары көбіміздің есімізде.

Ел футболының болашағы жастар екені анық. 3-4 жылдан кейін Ұлттық құрамаға келетін футболшылар жас кезінен жөнді тәрбие алмаса, тәжірибиелі бапкерден тәлім термесе, болашағымыз бұлыңғыр болғаны да. Бұл жерде мен қазақ футболшыларын кінәлағым келіп тұрған жоқ. Барлығы да талантты ойыншылар. Бірақ, олардың бір ұжымға айнала алмай, көрпені әрқайсысы әр жаққа тартқаны қынжылтады.  

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх