Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
898
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
584
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
337
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1319
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
668
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Клубтарымыз Еуропа лигасында жетістікке жете ала ма?

28 июн. 2016, 13:37 | 2396
Франциядағы еуро доданың нағыз қызған тұсында, кәрі құрлықтың барлық дерлік мемлекеттерінің клубтары Еуропа Лигасының іріктеу турындағы ойындарын бастайды. Үш жылдан бері патшасы өзгермеген бұл жарысқа біздің елден үш команда жарыс жолына шығады. Олар - «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы». Үш ұжым үшін де еуродода таңсық емес. Бірде сәтті, бірде сәтсіз ойнап жүрген бұл командалардың осы жылғы аяқ алысы қалай болар екен? KazFootball.kz порталы осы мақалада сол сұраққа жауап іздеп көрмек.

Алдымен «Қайраттан» басталық. Алматылықтар еурожарыстарға үнемі қатысып келеді. Тек, әнеубір жылдары қаржылық дағдарысқа ұшырап, елге алақан жайып, көмектен құр қалып, қазақ футболының көшбасынан біраз уақыт кеткен кезде ғана ел намысын Еуропа алаңдарында қорғаудан қалған еді. Ал, соңғы үш-төрт жылда жағдай оңалып, команданы Владимир Вайсс секілді айтулы маман баптаған соң, «Қайрат» ес жиып, ішкі біріншілікте “Астанамен” алтынға таласып, Еуропада тәжірбиелі клубтармен сынға түсіп, алатаудың баурайындағы халықты қуантып жүрген жайы бар. Ең жоғарғы жетістікке команда былтыр жетті. Вайсс баптаған жігіттер тәжірбиелі «Црвена Звезданы», «Алашкертті», «Абердинді» артқа тастап, қос ойын қорытындысы бойынша «Бордомен» тең түссе де, өз алаңында жіберген голдың салдарынан Еуропа Лигасының топтық кезеңіне қамшы салым жерден тоқтаған еді.

Осы маусымда «Қайрат» негізгі ойыншыларын сақтап қала алды. Исламхан, Исаэль, Гоу, Маркович, Тимощук, Бакаев секілді футболшылар әр ойында нәтижені қамтамасыз ететіні түсінікті. Дегенмен, бұл жігіттердің маусымға енуі қиынға соқты. Соның нәтижесінде команда былтырғы маусыммен салыстырғанда өз деңгейінен төмен ойнап, чемпионаттағы басты қарсыласы «Астананы» алысқа ұзатып алды. Ұпай алуға тиіс ойындарда ойда жоқта сүрініп жатты. Дегенмен, бірінші айналым аяқталар тұста өз ойындарын тауып, соңғы он кездесудің тоғызында қарсыластарын тізе бүктірді. Оның ішінде басты қарсыластары «Астана» мен «Ертіс» бар. Алматылықтар қос ұжымды өз алаңында 1:0 есебімен жеңді.

Бүгінде «Қайраттың» осал тұсы қорғанысы болып тұр. Марковичпен жұп құрап, орталық қорғанысқа жауап беріп жүрген Бруно Соарес жарақат алып, жарты жылдай алаңға шықпайтын болған соң, Цхададзе бапкер оның орнына Тимур Рудосельскийді ойнатып жүрген. «Астанаға» қарсы соңғы кездесуде ол да бірінші таймда жарақат алып, орнына Лунин ойнауға мәжбүр болған еді. Мансабын шабуылға жақын ойнайтын жартылай қорғаушы болып бастап, Вайстың шешімі бойынша оң қапталдағы қорғаушы қызметіне ауысқан Лунин алматылықтардың қуанышына орай өрескел қателіктер жіберген жоқ. Сонымен қатар, қорғанысты жапса шабуылға үлгермейтін, шабуылға кетсе қорғанысты ашық қалдыратын, ал кейде екеуін де жарытпайтын Лукаш Тесактың позициясы да (сол қапталдағы қорғаушы) қазіргі таңда бас ауыртар мәселе болып тұр. Еуропа Лигасында кем дегенде былтырғы жетістігін қайталау үшін «Қайратқа» тәжірибиелі жақсы 2-3 қорғаушы керегі анық. Оң қапталдағы қорғаныста жоғарыда аталған Луниннан бөлек, Ермек Қуантаев секілді ойыншы бар. Ал, жартылай қорғаныс пен шабуылға мін тағу қиын. Ортаның бекемдігіне Бакаев пен Тимощук жауап берсе (қосалқы құрамда Қуат), шабуылдағы нәтижелі ойынды Исламхан, Исаэль, Аршавин, Гоу және жақында ғана «Қайрат» сапына қосылып, премьер-лигадағы ең қымбат футболшы стасуына ие болған чилилік легионер Герсон Асеведо секілді ойыншылар қамтамасыз етпек. Олардан бөлек қосалқы құрамда Дарабаев, Тұрысбек, Тавамба секілді ойыншылар бар.

Жарыс жолын Еуропа Лигасының бірінші кезеңінен бастайтын «Қайратқа» қарсылас ретінде Албанияның «Теута» клубы атанғаны белгілі. Былтыр Албан чемпионатында төртінші орын алған бұл команданы алматылықтар еш қиындықсыз өтулері тиіс.

Алаңдататын да, қорқытатын да «Ақтөбе» болып тұр. Өткен маусымда «Астана» мен «Қайраттың» соңынан үштікке ілініп, еурододаға жолдама алған батыстық ұжым маусым аралық үзілісте бағытын күрт өзгертіп, бірнеше жыл команда намысын қорғаған тәжірбиелі футболшыларды жан-жаққа таратып, клуб жастарға сенім артты. Әрине, бұл ойы бір жағынан құрметке лайық болғанымен, Еуропа Лигасында дәл былтырғыдай тағы да жарысты бастамай жатып аяқтаулары әбден мүмкін. Команданың соңғы кездегі нәтижелері де мәз емес. Ақтөбеліктер соңғы үш матчта ірі есеппен ойсырай ұтылды. Премьер-лиагада ең көп гол жіберген команда осы – “Ақтөбе”. Көңілге медеу болатыны Дидар Жалмұқан, Тоқтар Жаңғылышбай секілді футболшылардың нәтижелі ойындары. Дидар Жалмұқан жас та болса, бас болып жүр. Жиырма жастағы футболшы бүгінде “Ақтөбенің” көшбасшысы десек артық емес.

Әйтсек те, «Ақтөбені» ерте ерден құлататындай қарсылас та асып-тасқан мықты емес. Венгрияның «МТК» командасы да, “Қайраттың” қарсыласы секілді ішкі біріншілігінде төртінші орынға табан тіреген. Бұған дейін Еуропа Лигасында бірінші айналымнан аса алмаған. Венгрия чемпионатында қазір үзіліс екенін ескерсек, «Ақтөбенің» қолында аз да болса басымдық бар.

Ең қиын қарсылас шымкенттік «Ордабасыға» түсті деуге болады. Сербиялық «Чукарички» клубы Белград қаласының атынан шығады. Сондай-ақ, бұл шаһарда «Партизан» және «Црвена Звезда» секілді алпауыт командалар өнер көрсететінін білеміз. Жыл сайын қарқынды дамып келе жатқан бұл клуб былтыр «Партизан» мен «Црвена» командаларының серб футболындағы үстемдігіне нүкте қоюға сәл ғана қалды. «Чукарички» өз тарихындағы алғашқы трофейді Сербия кубогының финалында «Партизанға» қарсы ойында жеңіп алған еді. Ал, ішкі біріншілікте қос алыппен аяғына дейін таласып бақса да, үшінші орынды қанағат тұтты.

«Ордабасы» жақында ғана өзінің капитаны, әрі сұрмергені Азат Нұрғалиевті “Астанаға” жалға берді. Еурокубок есіктен келіп сығалап тұрған кезде, бұл шымкенттік клуб үшін орны толмас жоғалту. Серб клубының ең мықты тұсы жартылай қорғанысы екенін ескерсек, Азат секілді жылдам, әрі ойлы футболшы командаға керек-ақ.

Шымкенттік команда жылдағы әдетінше алғашқы алтылықтағы орынға таласуда. Қазір команда жетінші орындағы «Тобылдан» жеті ұпайға озып тұр. Бірінші айналымның аяқталуына бар болғаны төрт тур қалғанын ескерсек, екінші айналымда бірінші алтылықтан бұл ұжымды көруіміз әбден мүмкін. Оған қоса, еурокубокте де барынша ұзақ ойнаса нұр үстіне нұр болар еді. Былтыр шымкентіктердің бірінші айналымнан аса алмағынын білеміз.

Қалай болғанда да Еуропа Лигасына қатысатын ел командаларының жағдайы оңып тұрған жоқ. «Қайраттың» ұзаққа шабатынына сенім мол болса, қалған екі клубқа келгенде күмән бар. Әйтсе де, «Ордабасының» да, «Ақтөбенің» де қарсыластардан ойын алдындағы бір басымдылығы - Қазақстан премьер-лигасының бүгінде қызып тұрғаны. Олай болса сәттілік жігіттер! Намысты қолдан бермейік!

Фараби Әбдіхалық

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх