Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
901
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
588
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
339
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1327
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
670
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Ертіс" те, "Қайрат" та ұпай жоғалтты

06 июл. 2016, 13:20 | 1546
Ел премьер-лигасының 19-шы турында екінші және үшінші орындарда келе жатқан командаларымыз ұпай жоғалтты. Осы турда тағы бір қызық матч өтті. Ол "Тобыл" мен "Ертіс" арасындағы кездесу.

"Шахтер" – "Тараз" - 0:1 

Гол: Мане 33

Қазақта «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірді» деген сөз бар. Сол секілді бұл матчтың тағдырын бір ғана гол шешті. Өзі онсызда гол соғуға сараң келген қос ұжым бұл матчта қорғаныс арқылы ойнады. «Тараз» аңдысып жүріп, керекті добын салып алғаннан кейін кібіртектеп, қорғанысқа қарай көрпені тарта берді. Қазіргі футболдың да кеткен жолы осы емес пе?! Өздеріңіз байқап жүрсіздер Еуропа чемпионатында да жарытып голдар соғылып жатқан жоқ. Футболда осы күні қорғанысы мығымдар ғана күн көріп жүр. «Қақпаға гол жібермесек, ұтылмаймыз» деген философия қазақ футболына да осылай келіп жатыр. Аутсайдерлер арасындағы арпалыстың маңызы жоғары еді. Алаң иелері жеңіске жеткенде турнирлік кестедегі жағдайларын біршама жақсартып алар еді. Бірақ, соңғы турда «Тобылды» жеңіп желпініп алған қонақтар Малик Маненің арқасында есепте алға шықты. Оның 33-ші минутта соққан голы ел чемпионатындағы әдемі голдардың қатарына енетін анық. Себебі, өзінің сүйікті сол қапталынан ортаға жылжыған сенегалдық вингер тоғыздыққа дәл соққы жасады. Осы жеңістің арқасында «Тараз» соңғы орыннан көтеріліп алды. Енді оның орнын «Ақжайып» алып отыр.  

"Жетісу" – "Қайрат" - 1:1 

Голдар: Савич 37 (1:0), Гоу 90 (1:1)

Сырт алаңда «Теутаны» жеңіп келген алматылық «Қайрат» Талдықорғанда ұпай жоғалтты. Тіпті ұпай жоғалтты дегеннен гөрі негізі бір ұпай алды деген дұрыс. Себебі, ойынның соңғы минутында ғана қонақтар таразы басын теңестірген еді. Ал, соңғы рет 21-ші мамыр күні «Шахтерді» жеңген «Жетісу» футболшылары талдықорғандық жанкүйерлерге одан бері жеңіс сыйламаған еді. Бұл жолы сол жеңістің ауылы жақын болған. Талдықорғандық көрермендердің көзайымына айналып кеткен Душан Савич чемпионаттағы 9-шы голын осы турда соқты. Алғашқы таймда жеңімпаз атанып кеткен алаң иелері, екінші кезеңде есепті сақтап қалуға тырысты. Алайда, кездесудің 90-шы минутында Жерар Гоу алматылықтарды жеңілістен құтқарып қалды. Бұл шабуылшының маусымдағы 14-ші голы болып тіркелді. Жалпы Гоу Қазақстан чемпионатында бір рекордты жаңартты. Бұрын қатарынан бес тур бойы гол соққан Дәуренбек Тәжімбетовтың ерлігі жолда қалды. Гоу осы турдағы голының арқасында қатарынан сегіз турда гол соққан футболшы болып тіркеліп отыр. Енді келесі турда «Қайрат» «Тобылмен» кездеседі. «Орталық» стадионда Жерар тағы желпінуге тырысады деген сөз.

"Ордабасы" – "Атырау" - 2:1 

Голдар: Коробкин 30 (0:1), Гогуа пенальтиден 85 (1:1), Тұңғышбаев 87 (2:1)

Соңғы кездері «Ордабасыдан» футболшылар кете бастады. Жақсы деңгейдің ойыншылары, оның үстіне. Азат Нұрғалиев кеткен. Енді Ғафуржан Сүйімбаев. Оның алдында Дәуренбек Тәжімбетов «Таразға» тартып кеткен. «Саясы жоқ дараққа бұлбұл қонбайды» дегендей-ақ, «Орданы» алға сүйреп жүрген жігіттердің командадан кетуінің себебі не? Бәрін ысрып былай қойғанда, енді «Ордабасы» чемпионаттың қалған бөлігінде не істейді деген сұрақ туындайды. Тек әйтеуір Еркебұлан Тұңғышбаев ешқайда кетпеді. Жаңадан келген Гогита Гогуа екеуі ортадағы ойынды қыздырып тұр. Тура осы екі ойыншы үш минуттың ішінде бір-бірден гол соғып, жағдайды құтқарып қалды. Әйтпегенде ойынның алғашқы жарты сағаты таусылған сәтте Валерий Коробкин есеп ашқан еді. Айтпақшы, Коробкиннің сол күні туған күні болатын. Өз-өзіне тамаша сый жасады. «Орда» мен «Атырау» арасында ұпай аралығы жақындап, алғашқы алтылықтың түп жағында бәсеке қыза түсер еді. Алайда, алаң иелері әупірімдеп төреші көмегімен үш ұпайды алып қалды. Осының кесірінен «Атырау» жетінші орынға сырғып кетті.     

"Тобыл" – "Ертіс" - 3:2 

Голдар: Жулпа 18 (1:0), Шимкович пенальти 23 (2:0), Йирсак 54 (2:1), Асильдаров пенальти 63 (3:1), Григалашвили 68 (3:2)

Бұл ойынның төрешісі, астаналық Марат Ысқақов кездесуде есте қалған тұлғалардың біріне айналды. Ғаламтор бетінде жанкүйерлер бұл кісінің қызметін жан-жақты талқылауда. Себебі, төреші ойын барысында үш пенальти белгіледі. Бір қызығы барлығы да «Ертіс» қақпасына. Футбол әлемінде бір команданың футболшысы бір матч барысында үш бірдей пенальтиді соға алмаған кез болған. Ол 1999-жылы Аргентина – Колумбия ойынында тіркелген еді. Аргентиналық шабуылшы Мартин Палермо сол ойында өзіне берілген үш мүмкіндіктің үшеуінде гол соға алмаған болатын. Ал, бұл ойында Томаш Шимкович 23-ші минутта есепті 2:0 қылды. Оның алдында бұрыштама кезінде Жулпа баспен гол соққан. Ал, 54-ші минутта Игнасио Эррера тамаша пас беріп Ирсак есеп айырмасын қысқартты. Араға төрт минут салып Марат Ысқақов тағы бір пенальти белгіледі. Оны Томаш Шимкович голға айналдыра алмады. Қақпашы Давид Лория доптың өтіне дәл секірді. Бұл аз болғандай 63-ші минутта бас төреші тағы бір пенальти белгіледі. Бұл жолы нүктеге тәжірибиелі Асильдаров жақындады. Есеп 3:1. Бес минуттан кейін керекуліктер тағы бір голмен жауап қатты. Бұл жолы бұрыштамадан Григалашвили Эррераның тамаша пасын голға айналдырды. Осы матч барысында соғылған бес голдың бесеуі де стандарттық жағдайдан соғылды. Қайта алтыншысы да болуы ықтимал еді. Екі гол пенальтиден, екі гол бұрыштамадан, бір гол айып добы кезінде салынды. Міне, қызыққа толы өткен ойын осылай өрбіді. Бірақ, «Ертіс» бапкері баспасөз мәслихатында түсініктеме бере алмай, жұмған аузын жалқаулана ашты.

"Ақтөбе" – "Ақжайық" - 1:0 

Гол: Бочаров 80

«Ақтөбе» Еуропа лигасында алғашқы ойынын өткізгеннен кейін, «Ақжайықпен» кездесті. МТК-ға қарсы ауыр ойыннан кейін қонаққа «Ақжайық» келді. Әйтпегенде алаң иелерінің аяқдопшылары болдырып-ақ қалғандай еді. Бұл матчтың тағдырын бір гол шешті. Оны 80-ші минутта Никита Бочаров соқты. «Ақтөбе» 11-ші турдан бері жеңістің не екенін білмей келген. Бұл үш ұпай Юрий Уткульбаев командасына сырттағы МТК-ға қарсы ойын алдында кішкене көңілге медеу болатын болды. Ал, «Ақжайық» турнирлік кестенің түбіне түсті. Сырт алаңда небәрі төрт-ақ ұпай алған «Ақжайық» ең болмаса тең нәтижеге де таласа алмады. Мына жүріспен оралдықтар премьер-лигамен қоштасатыны анық. Демек, алдағы ойындарда түбегейлі өзгеріс қажет.  

"Астана" - "Оқжетпес" - 1:0 

Гол: Кабананга 87.

Елордалық "Астана" осы турда да керекті ұпайына қол жеткізді. Станимир Стойлов шәкірттері ойын барысында бірнеше ойыншыны қосалқы құрамда қалдырды. Олардың бірі Патрик Твумаси еді. Болгариялық бапкер мықты ойыншыларын Вильнюсте өтетін Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің матчына алып қалғысы келді. Алайда, 70-ші минутқа дейін команда гол соға алмаған соң, Гана ұлттық құрамасының ойыншысы Твумасиді алаңға жіберді. Сонымен қатар, шабуыл өтіне Джуниор Кабананга шықты. Дәл осы екі ойыншы матч тағдырын шешті. Твумаси берген пастан Кабананга гол соқты. Соңғы минуттарда гол соққыш қасиеті бар Кабананга Чемпиондар лигасының алдында командаға тамаша дем берді. Жақын арадағы ойындарға бұл шабуылшы негізгі құрамда шығып қалуы бек мүмкін. Себебі, іріктеу матчтарында мықты қарсыластар тап болған шақта осындай мығым шабуылшылар ауадай қажет болады. Сондықтан, қазірден бастап "Джоккер" Кабананга алаңда көбірек ойнай бергені дұрыс. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх