Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
899
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
585
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
338
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1325
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
669
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Қақпаны күзетпей күміс жүлдегер атанған қақпашы

06 июл. 2016, 13:50 | 2793
Жақында "Қайрат" футбол клубы тағы бір футболшымен толықты. Былтыр елімізден шет елге бақ сынауға аттанған санаулы футболшыларымыздың бірі болған қақпашы Стас Покатилов алматылық командаға Ресейдің "Ростов" футбол клубы тарапынан жалға берілді. Болашағынан зор үміт күттіретін, осыдан аз уақыт бұрын ғана бүкіл ел алдағы он жылға Қазақстан Ұлттық құрамасының бірінші нөмірін беріп қойған қақпашының жат елде сәтті өнер көрсетуіне не кедергі болды? KazFootball.kz порталының тілшісі бұл материалда осы сауалдың басын ашып көреді.

Стас Покатилов Орал футбол мектебінің түлегі. Үлкен футболға жергілікті «Ақжайықта» алғаш қадам басқан. 2010-шы жылдың 16-шы мамырында Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Ордабасыға» қарсы кездесудің 86-шы минутында оралдық клубтың негізгі қақпашысы Роман Багаутдинов өз айып алаңында тәртіп бұзып, қақпасына пенальти әкеліп, алаңнан қуылған соң, орнына жасы он сегізге де толмаған Стас шығады. Алайда, жас қақпашы Тәжімбетовтың орындауындағы пенальтиді қайтара алмайды. Ал, «Ақжайық» дәл осы кезеңде жарыс жолынан шығып қалады.  

Қақпашыға бірінші минуттардан қақпаны күзету бақыты келер жылы ғана бұйырады. Тағы да Қазақстан Кубогы. Бұл жолы 1/16 финалда «Ақжайық» сол кезде атағы дүркіреп тұрған «Ақтөбемен» кездеседі. Батыстық дербидің қаһарманы Стас Покатилов болады. «Ақтөбе» сапындағы тәжірибиелі футболшыларға Стастың қақпасына пенальти соғу мұң болған еді. Алғаш болып, ойынның 74-ші минутында ақтөбелік капитан Самат Смақов пенальтиден қақпаға теңбіл допты дарыта алмай, өкініштен өзегі өртенсе, матч соңынан болған пенальти сериясында «Ақтөбенің» тағы екі футболшысы он бір метр жерден мүлт кетеді. Келесі кезеңде де бапкер қақпаны Стасқа сеніп тапсырады. Дегенмен, ол ойын «Ақжайық» үшін сәтсіз өтіп, Стас қақпасынан төрт мәрте доп алып шығуға мәжбүр болады. 2012-ші жылы «Ақжайық» Премьер-лигаға жолдама алады. Алайда, Премьер-лига ойындарында қақпа күзету мәртебісіне сол Багаутдинов ие болады. Ал, командаға Антон Цирин қосылып, Стас үшінші қақпашы қызметіне түседі. Әйткенмен, осындай тәжірибиелі футболшылармен бір командада жаттығу 18 жасар қақпашының шеберлігін шыңдай түсуіне өз септігін тигізгені даусыз.

Келер маусымда командадан Цирин кетіп, «Ақжайық» жергілікті қақпашыларға үміт артуды жөн көреді. Оған қоса, әр ойын барысында алаңда кем дегенде 1992-ші жылғы бір ел футболшысы өнер көрсетуі тиіс болатын. Маусым басынан бастап Стас команданың бірінші нөмірі атанады. Алғашқы турда сол кездегі ел чемпионы «Шахтерды» ойсырата ұтуға көмегін тигізеді. Қақпадағы сәтті ойынның арқасында, дәл осы клубтың көзіне түсіп, маусым барысында қарағандылық клубқа ауысады. Стасқа еліміздің бірнеше клубтары қызықса да, қақпашы «Шахтерды» таңдаған еді. Біріншіден, бұл ұжым Қазақстанның чемпионы. Екіншіден, команда Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Сол кезде кеншілердің бас бапкері бір командада екі ұжым жасақтауға талпынған еді. Бірі, Чемпиондар лигасында, әрі кейін белгілі болғандай Еуропа Лигасының топтық кезеңінде, екіншісі ішкі чемпионатта ойнауға. Еурокубоктерде қақпаны Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпашысы Мокинге сеніп тапсырса, Премьер-лигада алаңға бірінші нөмірмен Покатилов шығып жүрды. Еуропа Лигасының топтық кезеңінде бір мәрте, «АЗ Алкмаарға» қарсы кездесуде алаңға шыққан еді. Сол маусымда Стас Қазақстанның ең үздік жас футболшысы атанады.

2014-ші жылы жас футболшы Мокиннің көлеңкесінде қалып, чемпионатта бар болғаны алты ойын өткізеді. Бір жыл бұрын ғана Еуропаны дүркіреткен «кеншілер», толықтай құлдырайды. Соңғы рет алғашқы алтылыққа енгені де сол жылы еді. Дегенмен, Стас ұсыныстан құр қалған жоқ. Вице-чемпион «Ақтөбе» 2015 жылы қақпашыны өз сапына шақырады. Бірнеше жыл батыстық ұжымның қақпасын қорғаған Сидельников кетіп, Стас бірден ақтөбелік клубтың бірінші нөмірі болады. Маусым барысында сан түрлі күй кешкен «Ақтөбенің» сапында кінәлауға болмайтын жалғыз футболшы болса, ол - Покатилов. 22 жастағы қақпашының сенімді ойынының арқасында «Ақтөбе» осы маусымда Еуропа Лигасында өнер көрсетіп отыр. Соның нәтижесінде, «Ақтөбе» былтыр «Қайрат» пен «Астанадан» кейін ең аз гол өткізген команда болды. Өзінің ойынымен Красножанды тәнті етіп, ұлттық құрама сапына шақырту алады. Алғашқы ойынын Стас наурыз айында Ресейге қарсы өткізіп, қақпаға гол жібермейді. Жалпы алғанда ұлттық құрама сапында жас қақпашы бүгінге дейін сегіз ойын өткізіп, бар болғаны бес гол жіберген. Қазақстан Ұлттық құрамасының қақпасын қорғай тұра, әр ойынға шаққанда бір голдан кем жіберу, әрине, қақпашы шеберлігінің айқын көрсеткіші.

Маусым аяқталысымен Покатиловқа ел ұжымдарынан да, шетел клубтарынан да ұсыныстар түскені жайлы айтылды. Оның бірі Құрбан Бердиев баптайтын Ресейдің «Ростов» футбол клубы. Құрбан Бердиев әлемге аты әйгілі бапкер. Ресейдің бүкіл клубтары бұл маманға тізгінді бергісі келеді-ақ. Әйтсе де, Құрбан көрші елдің аутсайдер клубтарын жаттықтырып келеді. Әрине, бүгінгі «Рубин» мен «Ростовқа» қарап аутсайдер дей алмассыз, алайда Бердиев келгенге дейін бұл екі ұжым да сондай тізімде еді. Қашан да клубтың бар ісін қолға алып, бақылап отырғысы келетін бұл кісі, осы жағына келгенде алпауыт клубтың басшыларымен пікірі сәйкес келмей жатады. «Зенит», «Спартак» секілді көшбасшы клуб бүкіл жүйесін бір адамға сеніп тапсырғысы жоқ. Ол өздерінің мәселесі, ал, өз ісінің шебері Құрбан Бердиев былтыр кестенің жертөлесіне мықтап жайғасқан "Ростовтың" тізгінін ұстап, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалады. Маусымаралық үзілісте команда сапын күшейте түсіп, қысқы үзіліске «Ростов» бүкіл елді таңғалдырып екінші орынмен аттанады. Дәл осы кезде Сослан Джанаевқа бәсекелес бола алады деген мақсатпен Құрбан Стасты команда сапына шақырады. Бердиев бапкер «Ақтөбе» сапында жасындай жарқылдаған Стасты «Шахтер» қақпасын қорғап жүрген кезде-ақ көздеген көрінеді.

Стастың кейінгі жағдайы баршаға белгілі. Осыған дейін орта деңгейлі қақпашы болып жүрген Джанаевтың қақпаны мықты күзетіп кеткенін қайтерсіз. Тіпті, бірнеше ойын қатарынан гол жібермеген кездері болды-ау. «Ростовтың» маусым басынан көш басында жүруіне Сосланның мықтылығы себеп деп жатты Ресей футбол мамандары. Әрине, Покатилов команданың бірінші нөмірі атанады деуге сену қиын еді. Екінші айналымда бірде-бірде рет негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ, ал «Ростов» жастар құрамасының қақпасын бір мәрте алғашқы минуттардан күзетіп, бір тайм барысында үш гол өткізіп, үзілісте орнын басқа қақпашыға босатқан еді. Соның салдарынан бапкерлер тарапынан сенімді де жоғалтты, ұлттық құрама сапында да бірінші нөмір болудан да қалды. Соңғы жолдастық кездесулерде қақпаны Лория қорғағанын білеміз.

Покатилов «Ростов» сапында Джанаевқа әлі бәсекелес бола алмайтынын көрсетті. Бар жетістігі - Ресейдің күміс жүлдегері деген атағы. Қақпаны бір минут та күзетпей вице-чемпион атанды. Әйтсе де, клуб жас қақпашыдан айырылуды көздеген жоқ. Жалға беруді жөн санады. Бір жағынан, Покатиловтың «Қайратқа» келгені де түсініксіз. Алматылық клубтың бірінші нөмірі Плотниковтың қақпада сенімді екені барша жұртқа мәлім. Басқасы басқа, соңғы екі жылда Плотников «Қайрат» сапында ешқашан жанкүйерлер тарапынан сынға ұшыраған емес. Егер де, Еуропа Лигасында алматылық ұжым ұзаққа барып жатса, Цхададзе бапкер Плотниковты еурокубокте, Покатиловты ішкі біріншілікте ойнатуы мүмкін. Осыдан 3-4 жыл бұрын «Шахтерды» баптаған Кумыков, Мокин пен Покатиловқа дәл осылай қызмет бөліп берген. Сонымен қатар, алматылық ұжым сапында Андрей Сидельников, Владимир Грошев сынды қақпашылар бар.

Стас Покатиловтың шебер қақпашы екені даусыз. Бүгінде ұлттық құрама сапына шақырылып жүрген Лория мен Плотников отыздан асқан, ал олардың орнын басар қақпашы жақын маңда көрінбейді. Бар үміт осы Покактиловта болып тұрғанда, Стас әр команданың қосалқы құрамында отырып, жоғалып кетпес пе екен?

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх