Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1089
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
752
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
403
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1429
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
739
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

«Қайсардың» қайта оралуын күтеміз

23 дек. 2015, 22:26 | 1873
"KazFootball.kz" сайтының қадірменді оқырмандары! Біз Сіздердің назарларыңызға Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында болып өткен жағдайларды бір мәрте тағы да еске салу мақсатында, премьер-лига клубтарының әрқайсысына арнайы тоқталып, азды-кем шолу жасап өткенді жөн санадық. Сонымен, алғашқы тоқтаған командамыз - қызылордалық "Қайсар".

Чемпионат басталар кезде премьер-лигадан «Қайсар» түсіп қалады десе, ешкім де сенбес еді. Қызылордалық команда жақсы жасақталынып, өз алдарына биік мақсат қойған болатын. Алғашқы алтылыққа ену деген. Алғашқы алтылыққа ену былай тұрсын, команда соңғы ойындарда тіпті қиын жағдайға түсіп, премьер-лигадан «ұшып» кетті. «Қайсардың» қайсарлығы кетіп, жігерсіз болғандығын кімнен көреміз? Әйтпесе, айдың-күннің аманында бұл командаға ешқандай жау тимеген еді ғой.

Команда директоры Руслан Балтиев пен бас бапкер Дмитрий Огайға жергілікті жанкүйерлер сенім білдірді. Облыс басшылығы да қос мықтыға үміт артты. Екеуі де кезінде ел футболын дүркіреткен адамдар еді. Дмитрий Огай «Қайсарға» жаңа футболшылар алып, команданы мықты легионерлермен жасақтауы тиіс болатын. Бірақ, оның алдыртқан ойыншылары ондай болып шықпады. Словакиялық легионер Юрай Пирошка маусымда небәрі 5 ойын өткізді. Украиналық Владислав Нехтийден де командаға пайда көп бола қойған жоқ. Оның алаңда өткізген матчтарының саны – 10. Болгариялық Пламен Димовқа да сенім көбірек артылды.

Теміртауда өткен ойында «Шахтер» қақпасына гол соққан болгариялық футболшы қызылордалық команданы алдағы уақытта өрге сүйрейтін шығар деп күттік. Айтпақшы, Пламеннің бұл голы «Қайсардың» чемпионаттағы алғашқы голы болатын. Эдин Юнузович сол ойында екінші голды соғып, үш ұпайды қоржынға салды. Эдин Юнузович Қазақстан чемпионатын жақсы білетін хорватиялық шабуылшы. Ол осыған дейін Қытай чемпионаттарын бір аралап, Қазақстанға қайта оралған. Бұл ойыншы «Қайсардың» шабуыл өтін күшейтуі тиіс болатын. Бірақ, осыдан кейін Юнузовичтің жолы болмай, ойыны жүрмей, түбі командадан кетуге мәжбүр болды. Одан кейін «Ордабасыға» ауыса салысымен 5 гол соғып, мергендігімен таныла бастады. Демек, футболшы ойынына «Қайсарда» әріптестері көмек көрсетпеді немесе бапкерден кінәрат болды деп есептейміз.

Одан бөлек қазақстандық болып кеткен Алексей Мулдаров «Қайсар» қорғанысын күшейтеді деп алынған еді. Бірақ, оның ойыны да қайта-қайта қателікке шалдықтыра берді. Маусым басында жасақталынған ойыншылар ішінде өткен маусымнан қалған футболшылар көп болды. Сырттан келген Римо Хунт пен Мартин Кляйн өткен жылғы ойындарын биыл да қайталады. Қайта, олардан кейін келген жаңа легионерлер аса қатты ештеңе тындыра алмады. Соның кесірінен команда төменгі тізімге түсіп, соңғы орындардан еш көтеріле алмай жүрді. 21-турда «Қайсар» Ғани Мұратбаев атындағы стадионда қостанайлық «Тобылға» жеңіліп қалғаннан соң, Дмитрий Огаймен келісім шартты үзу керектігі талқы бола бастады. Сосын команданы сырттағы «Жетісуға» қарсы ойынға Сұлтан Әбілдаев бастап алып барды. Өткен маусымда «Қайсармен» 5-ші орын алған Дмитрий Огай осылайша командадағы жұмысын аяқтауға мәжбүр болды. Жазғы ауысым кезінде қызылордалық ұжым тағы да бірнеше ойыншылармен күшейген. Жарақатынан кейін жарты маусым еш жерде ойнай алмаған хорватиялық Йосип Кнежевич пен болгариялық Георгий Каранейчев алынды. Оның алдында трансферлік ауысымның соңғы күндері алынып үлгерілген Вук Митошевич бар. Сербиялық қорғаушы алдыңғы екеуіне қарағанда кішкене алаңда көбірек өнер көрсетті.

Бас бапкер кетісімен оның орнына ресейден Федор Щербаченко деген кісі шақыртылды. Кезінде футболшы ретінде де, бапкер ретінде де ортаңқол деңгейде жетістіктерге жеткен маман бірден келе салып жағдайды түзете алмады. Команда ішіндегі атмосфера өте нашар болатын. Ойыншылар алаңда бір-бірін түсінісуі қиын еді. Соның салдарынан көптеген голдар салынбады, көптеген ұпайлар алынбады. Футболшылардың айтуынша Федор Щербаченко мінезі жұмсақ, темір тәртіп қоя алатын адам емес екен. Жаңа бапкердің өмірге деген, футболға деген көзқарастары сәл басқаша болып шықты. Ал «Қайсар» болса екінші алтылық ішінде негізгі бәсекелестеріне ұтыла берді. Өз алаң, сырт алаң деп те таңдамады, қарсыластарды да талғамады. Бәрінен жеңіліп шықты.

27-ші турда Қызылордада «Жетісуды» 3:1 есебімен ұтып, кішкене де болса үміт отын қайта жаққан еді. Алайда, артынша команда сабасына түсті. Қызылордалық жанкүйерлер бірнеше мәрте команда басшыларын да, бас бапкерді де сұрақ-жауапқа шақырып, қызуқанды түрде өздерінің шағымдарын жеткізген. Бірақ, оның өзі де жағдайды жөндеуге ешқандай септік ете алмады.

Кезінде жап-жақсы дүркіреген «Қайсардың» халі қиын болып тұр. Соңғы кездері команда басынан қара бұлт кетпей қойды. Дәстүрі бар, жергілікті таланттарға толы ұжымға не жетіспей жүр? Кейбір командалардағыдай қаржылық мәселе бұл командада болмаған. Футболшылар өзге клубтың ойыншылары секілді 2-3 айлап жалақы алмаған кездер «Қайсарда» кездеспепті. Демек, басшылық пен менеджмент саласының ақсап тұрғаны, «Қайсарды» ойлайтын жанашыр азаматтардың жетіспеушілігі шығар. Ал қазақстандық жанкүйерлер еліміздегі қазақи команданың бірінің премьер-лигаға қайта оралуын асыға күтеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН      

Фото "Қайсар" футбол клубының ресми сайтынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх