Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
881
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
566
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
324
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1299
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
653
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Еркектің екі сөйлегені – өлгені! Бірақ, Васильевке бәрібір ...

10 июл. 2016, 07:30 | 4713
Қазақта "Айтылған сөз - атылған оқпен тең" деген жақсы мақал бар. Мағынасы баршаңызға белгілі шығар. Қысқа қайырғанда, аузыңнан шыққан сөзге жауап бер деген сөз. Бірақ, бұл сөзді бүгінгі «Ақтөбе» футбол клубының директоры Дмитрий Васильев білмейтін секілді, деп жазады Kazfootball.kz порталы.

Олай деуге директордың өзі итермеледі. Осыдан шамамен үш апта бұрын Дмитрий Пантелеевич "Twitter " әлеуметтік желсіндегі парақшасында – «Соңғы ойындарымыз үшін ұятты болып тұрмын. Кешіріңіздер! Неге бұлай болып жатқанын білмеймін. Егер венгрлерді өте алмасақ, арыз жазып қызметімнен кетемін. Командаға қысым көрсетпеулеріңізді сұраймын. Қолдаңыздар!», - деп жазба қалдырған еді.

Екі ойынның қорытындысы бойынша «Ақтөбе» Еуропа лигасының бірінші айналымында Венгрияның МТК клубынан әрі өте алмады. Өз алаңында Юрий Уткульбаев шәкірттері қарсыластарымен 1:1 есебімен итжығыс түссе, түзде 0:2 есебімен тізе бүкіті. Жалпы есеп 1:3, ары қарай МТК өтті.

Клубтың келесі кезеңге өте алмағанынан кейін қазақ футболы жанашырларының көкейіне жоғарыдағы жазба сап ете қалды. «Уәде Құдай сөзі» деген бар. Бірақ, Дмитрий Пантелеевич әлі уәдесінде тұрған жоқ.

Ойын аяқтала салысымен ол кісіден шағымды ешкім сұраған жоқ. Әйтсе де, ойынның ертесінде уақыт бар еді. Оның үстіне директор мырза Ақтөбеде болды. Бір жапырақ қағазға арызды жазу бес-ақ минут. Сол арызды жазу негізі Дмитрий Васильевтің ойында да жоқ-ау.

Жығылған сүрінгенге күледі деуші ма еді? Дмитрий Васильев қазір уәдені шетке жиып қойып, өзге команданы айыптауға көшті. Мысалы, бірер күн бұрын облыстық телеарналардың бірінде «11+» деген бағдарлама болды. Қонақ ретінде Дмитрий Васильев келген. Бағдарламада ол өзінің командасының жағдайы жайлы емес, «Оқжетпес» командасының проблемасын тізіп отыр. Бұл нәрсе ол үшін не қажеті бар? Қазақ футболына қатты жүрегі ауыратын азамат болса, «Ақтөбені» қазіргі жағдайдан құтқармайды ма?

«Ақтөбе» Еуропа лигасынан шығып кеткеніне қарамастан, Васильев қызметінен кетпейді. Бұл бұған дейін шешіліп қойған мәселе екен. Командаға жақын адамдар солай дейді. Бір кетсе, Васильев тек команда бірінші алтылыққа кіре алмаса жылы орнын босатады.

Біздің бұл материалды жазғандағы мақсатымыз – «Ақтөбені» жерге тығу емес еді. Ол қолымыздан да келмейді. Біздің мақсат – бұрынғы дүркіреп тұрған ұжымды көру. Шыны керек, сағындық. 

Қазір команданың ішкі атмосферасы да мықты емес. Кезінде Бадло, Логвиненко секілді жігіттер бір сөзімен команданы жинай білген еді. Рас, қазір Самат Смаков бар. Бірақ, жарақат алып қалғаннан кейін капитанды тыңдайтындар азайыпты. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, әлеуметтік желіде тым белсенді болып кеткені үшін Смаковқа да айыппұл тағылыпты. Қазір капитан да ауызына құм құйып алды. Ал, команданың басқа футболшыларына хабарласып, сұқбат алайық десек, ат-тонын ала қашады. Басшылар сұқбат бермеу туралы ескертпе жасапты.

Қазір жұрт «Ақтөбеден» көп өзгерістер күтіп жүр. Біз де. Айрандай ұйып отырған команданың мұнша қауқарсыз күйге түскеніне кім кінәлі? Осыны білгіміз келеді. Егер, Дмитрий Васильев болса, қызметінен кетсін! Уәдесінде тұрсын! Әй, бірақ, қайдам. Біздің «Еркектің екі сөйлегені – өлгені» дейтін мақалымызды ол кісі білмейтін де шығар ...

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх