Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
887
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
573
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
329
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1307
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
658
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Қайрат" екінші орынға көтерілді

11 июл. 2016, 17:30 | 1600
"Тобыл", "Атырау" және "Ақтөбе" командаларында алтыншы орын алатын әлі де мүмкіндіктер бар. Осы турда "Атырау" алғашқы алтылыққа бір аяқпен еніп тұрған. Бірақ, "Ақтөбенің" бір голы мерекені құртып кетті. Ал, өзге ойындарда қандай тартыстар өрбігенін шолып өтсек.

8-шілде

қжайық" – "Астана" - 1:5 (1:3)

Голдар: Нұрғалиев 2 (0:1), Говедарица 20 (1:1), Кабананга 22 (1:2), Тағыберген 44 (1:3), Мұжықов 64 (1:4), Нұрғалиев 90+1 (1:5)

«Астана» командасы Чемпиондар лигаcында өнер көрсететін болғандықтан, бұл матчты сәл ертерек ойнауға бел буған. Елордалықтар осы матч алдында үш күн бұрын «Оқжетпеспен» кездесіп еді. Ол ойында алаң иелері Кабананганың жалғыз голының арқасында жеңісті жұлып әкеткен болатын. Ал, Оралға жасаған сапарында астаналықтар аса қатты қиналмай жеңіске жетті. Ойынның небәрі екінші минутында Азат Нұрғалиев есеп ашты. Шымкенттік «Ордабасыдан» ауысып келген жартылай қорғаушы осылайша «Астана» сапындағы» екінші матчында алғашқы голын соғып үлгерді. Шамасы Азат жаңа командаға тамаша сіңісіп кеткен секілді. Олай деуімізге тағы бір себеп бар. Ол ойынның соңғы секундтарында команда сапындағы екінші голын да соқты. Ал, негізі матчтың 20-шы минутында алаң иелері есепті теңестірген де болатын. Предраг Говедарица бұрыштама кезінде шапшаң қимылдап, таразы басын теңестірді. Бірақ тең нәтиже ұзақ сақталып тұрмады. 22-ші минутта Джуниор Кабананга елордалықтарды алға шығарды. Кабананганың бұл екінші ойын қатарынан гол соғуы. Рохер Каньястың орнына шыққан Асхат Тағыберген алыстан көп соққы жасай берді. Және де соның бірі өз нәтижесін берді. Бірінші таймға Тағыберген нүкте қойды. Екінші таймда қорғаушы мен қақпашының түсініспеушілігін Серікжан Мужиков дәл пайдаланып, есепті тіпті күрделіге жеткізді. Сырт алаңда бес гол соққан «Астана» енді 13 шілде күнгі Чемпиондар лигасының матчына тамаша көңіл-күймен кететін болды.  

9-шілде.

«Тараз» - «Ертіс» - 1:0

Гол: Мера 40

«Тараз» командасы қатарынан үш рет жеңіске қол жеткізді. Бүкіл чемпионат басталғалы бері олар жеті ұпай алған еді. Ал, соңғы үш матчта олар тоғыз ұпай алып отыр. Бұл жағдай жамбылдық футболшыларды одан әрі шабыттандырып тұр. Келесі ойында әулиеаталықтар енді Шымкент қаласында «Ордабасына» да тығырыққа тірейміз дейді. Кездесудің 40-шы минутында бұрыштама кезінде допқа бәрінен биік секірген Иоан Мера жеңісті голдың авторы атанды. Румыниялық қорғаушының бұл голы «Ертісті» үшінші орынға түсіріп тастады. Оның орнына екінші сатыға «Қайрат» көтерілді. Екі ойын қатарынан жеңіліс тапқан керекуліктер енді келесі турда дәл осы «Қайратпен» кездеседі. Осы ойында күміс жүлдеге таластың қызатыны анық. «Тараздың» ендігі мақсаты 11-ші орыннан көтерілу болып тұр. Алдында келе жатқан қарағандылық «Шахтер» бұлардан екі ұпай көбірек жинаған. Қарағандылықтар «Ордабасымен» тең түскенде, «Тараздың» да тең нәтижеге неге қолы жетпесін?!

10-шілде

«Шахтер» - «Ордабасы» - 0:0

Ел премьер-лигасындағы сүреңсіз ойындардың бірі болды. Елімізде тең нәтиже ойнағыш екі команда бар. Бірі – «Атырау» болса, екіншісі осы «Шахтер» болып тұр. Соңғы ойында бұл тізімге «Ақтөбе» қосылды. 0:0 деген есепті жанындай қалайтын «кеншілер» әдеттегі жағдайға сәйкес бір ұпай еншіледі. Ал, жалпы қарағандылықтардың гол соқпағанына үш тур болды. Түгел біріншілік барысында олар небәрі сегіз-ақ гол соққан. Бірақ сол сегіз голдың арқасында 18 ұпай жинап алған. Міне, қызық! Одан төмен орналасқан «Тараз» 18 гол, турнирлік кестенің түбіндегі «Ақжайық» 12 доп соғыпты. Маңызды голдарды қалай соғу керектігін «Шахтерден» үйреніңіздер.   

«Оқжетпес» – «Жетісу» 2:0 (0:0)

Голдар: Бөлешев 63, Молдақараев 90+1

Бұл ойын барша букмекерлік кеңселерді «банкрот» қылды десек болады. Матч алдында еліміздегі кеңселер «Оқжетпестің» жеңісіне 1,91 коэффициент беріп тұрды. Ертесіне елдің барлығы бәс тіге бастаған соң, коэффициент 1,53-ке түсті. Матчтың өзі бірінші таймда алаң иелерінің басымдылығымен өтті. Дегенмен, таблодағы көрсеткіш еш өзгермеді. Душан Савич пен Бауыржан Тұрысбектен айырылған «Жетісу» өте нашар халде екенін байқатып алды. Талдықорғандықтар тек қорғанумен болды. Екінші таймда алаңға алмасып кірген Әлібек Бөлешев допты қақпашыдан асыра тастап кездесудің есебін ашты. Бұл жерде ортада тұрып керемет пас берген Джозеф Нейнді ерекше мақтап кеткеніміз жөн. Қиғашынан, әуелете келген пас голдың сәні болды. Ал, соңғы минутта Жасұлан Молдақараев жеңісті тек сенімдірек етті.

«Атырау» – «Ақтөбе» 1:1 (0:0)

Голдар: Аржанов 53 (1:0), Бочаров 86 (1:1)

Венгриядан ұшып келген «Ақтөбе» бар күшті жиып шықты. Екі күн демалыс алып, «Атыраудан» ұпай алуды көздеді. Матч барысында жасыл алаң шетінде Дмитрий Васильев әдеттегідей шоу жасап жүрді. «Ақтөбе» директоры өз командасына тек осылай ғана қолдау көрсетті. Ал, жалпы айтқанда ойынның екі қаһарманы бар. Ол екі команданың қақпашылары. Самат Отарбаев қарсылас жасаған біршама шабуылға тойтарыс берді. Бірақ, 53-ші минутта шарасыз қалды. Себебі, үш метр жерден қақпаға соққы бағытталды. Айып алаңында дриблинг жасаған белорус ойыншысы Макась допты қорғаушылардан тартып алып, Аржановқа асыра салды. Украиналық легионер бос қақпаны дәл көздеді. Жеңісті ұстап тұрған «Атырау» алғашқы алтылыққа енгендей еді. Алайда, 86-шы минутта Никита Бочаров таразы басын теңестіріп кетті.   

«Қайрат» – «Тобыл» - 3:2 (0:0)

Голдар: Исламхан 49 (1:0), Қуат 60 (2:0), Жулпа 68 (2:1), Исаэль 72 (3:1), Хижниченко 76 (3:2)

«Қайраттың» әрбір ойыны қызықты, әрі тартысты өтуде. Көрермен көзайымына айналған ұжым болды десек артық емес. Шабуыл өті керемет құрылған бұл команданың осы күнгі басты мәселесі әлсіз қорғаныс болып тұр. Тимур Рудосельский мен Бруно Суарестің жоқтығы ауыр тиюде. Ал, мына матчқа Ермек Қуантаев та қатыса алмады. Бұл алматылық команда үшін шынымен де өте қиын жағдай болып тұр. Оның үстіне команда жақын арада Еуропа лигасында Тель-Авивтік «Маккабимен» кездеседі. Қорғаныстың әлсіздігі ретінде «Тобылдың» соққан екі голын айтуға болады. Біріншісі алыстан жасалынған соққыдан енсе, екіншісі қақпашы Плотниковтың қателігі. Жақында ғана командаға алынған Стас Покатилов шамасы келесі ойында қақпаны өз қолына алады-ау. Тоғыз тур бойы қатарынан гол соққан Жерар Гоудың рекорды осы матчта тәмамдалды. Дегенмен, африкалық шабуылшы биыл тағы да үздік сұрмерген атануды мақсат тұтыпты.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх