Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
886
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
572
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
329
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1305
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
658
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Ел біріншілігіндегі ауыс-түйістер. III-бөлім

17 июл. 2016, 11:20 | 1739
Қазақ футболындағы көшбасшы екі клубтың жазғы транcфер кезіндегі аяқ алысын байқадық. Бүгінге дейін Еуропада танылып үлгерген де, осы еурокубоктік маусымда бар сенеріміз де «Астана» мен «Қайрат» болып отырғаны баршамызға аян. Екі ұжым басшылығы да көздеген футболшыларға қол жеткізуге тырысты. Бүгін  KazFootball.kz порталы ел футболындағы қос алыппен қатар, олардың ізін ала жайғасқан «Ертіс» пен «Оқжетпес» сапындағы трансфер кезінде орын-алған ауыс-түйістерге көз жүгіртіп көрмек.

«ОҚЖЕТПЕС»

Осы маусымда көп команданың «Оқжетпеске» атқан оғы дарымай жүр. Көкшетаулықтар маусымның сенсациясы болып тұрғаны анық. Жеңілсе, «Астана» мен «Қайратқа» ғана. Маусым басында «Ақтөбеден» есе жіберген Муханов жігіттері, екінші айналымда кеткен есені еселеп қайтарды. Екі апта бұрын өткен «Астана-Аренадағы» матчта да өте сенімді ойын өрнегін көрсетті. «Астанаға» оралғанын голмен атап өтуге бар күшін салған Кабананганың мергендігі болмағанда «Оқжетпес» елордадан бір ұпайды алып кеткелі тұрған.

Тізгінін ұстаған командасын өрге сүйреп жүретін Муханов бапкер трансфер кезінде сапқа көп футболшы қоса қойған жоқ. Жігіттердің ойынына риза. Мақсаты алғашқы алтылыққа ену болған ұжым, бірінші кезең аяқталарға екі тур қалғанда жетінші орыннан бақандай тоғыз ұпай озып тұр. Яғни, екінші кезеңде сәтті ойнап жатса, еурокубоктың ауылы да алыс емес көкшеліктер үшін. Муханов қатарға тәжірибиелі қорғаушы Александр Кислицинді қосты. Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 22 ойын өткізген Қарағанды футболының түлегі «Оқжетпес» сапында төрт матчқа қатысып үлгерді. «Ақтөбемен» болған ойында Отарбаевтың қақпасын дәл көздеп мергендігімен көзге түсті.

«Оқжетпестің» шабуылында Әлібек Бөлешов пен Жасұлан Молдақараев жасындай жарқырап жүр. Екеуі де қарсыластар қақпасына алты голдан тоғытты. Алайда, команда тағы бір шабуылшыны алуды жөн санаған екен. Бакудың «Нефтчи» клубынан ауысып келген Николас Каналес «Оқжетпеспен» маусым аяғына дейін келісім-шартқа отырды. 25 жастағы Николос мансабында 184 матч өткізіп, 94 гол атына жазған. Ал, командадан ресейлік легионер Александр Алхазов, алаңға бірде-бір мәрте шықпаған Никита Хохлов кетті.

«ЕРТІС»

Былтыр Димитар Димитров келгелі тасы өрге домалап, алғашқы үштікке мықтап жайғасқан «Ертіс» қатарына жарқын футболшылар қосты деп айта алмайыз. Бұны команданың ішкі біріншілікте ғана өнер көрсететінімен түсіндіруге болатын шығар немесе қаржы мәселесі. «Ертіс» дәл осы құраммен де Премьер-лигада қолаға қол жеткізе алады деп ойлағанбыз трансфер терезесі ашылмай тұрып. Алайда, керекуліктер негізгі футболшыларын сақтап қала алмады. Команданы алға сүйреп, әр матчта нәтижелі ойынымен танылып жүрген грузин Гогита Гогуа «Ордабасыға» ауысты. Ал, Қазақстандағы үздік орталық қорғаушылардың бірі Сергей Малый «Астанаға» кетті. Александр Кислицин жоғарыда айтылғандай, «Оқжетпесте» шабуылшылар жолына тосқауыл болмақ. Негізгі құрам ойыншысы бола алмаған Александр Киров "Тараз" сапына ауысты. 

Грузинді грузинмен алмастырғысы келген клуб басшылығы Гогуаның орнына, соңғы жұмыс орны Кипрдің «Этникос» клубы болған Шота Григалашвилиді алған болатын. Бәрібір де, Гогуаның орны ойсырап тұр. Сондай-ақ, «Ертіс» командаға клубсыз жүрген және ауыр жарақаттан енді ғана айықан Дамир Даутовты, «Қайсардың» қорғаушысы Игорь Назаровты, «Қайратта» қосалқы құрамға мықтап жайғасқан Виталий Лиді, ешкімге танымал емес Дмитрий Рыбалконы, Дәурен Орымбайды, Нұрсұлтан Алимбековты алды.  

«ҚАЙРАТ»   

Қайраттың жазғы трансферлік ауысым кезіндегі жұмысына екі жақты қарауға болады. Кем дегенде шетелдік мықты орталық қорғаушымен толығады деп күткен едік. Ал, іс жүзінде клуб басшылығы өткен онжылдықта Испан премьерасында доп тепкен Сесар Арзоны алды. Деңгейі күмәнді. Ал, «Штутгарттың» футболшысы Тони Шуничпен бір мәмлеге келе алмады. Негізі, Маркович-Шунич жұбы қарсыластар үшін алынбас қамал болар ма еді. Кім білсін...

Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшы біздің қатарда болмақ деп, Герсон Асеведоны командаға алды. Чили футболшысы «Уралдың» сапында тәп-тәуір ойнап жүрген. Жылдам, физикасы мығым, еңбекқор, кез-келген сәтте матч тағдырын жалғыз өзі шешіп кететін Асеведо Алматыға келіп алаңда адам танымастай өзгерді. Еңбекқор қасиеті жоғалған жоқ, алайда, матчта қателікті көп жібереді. Допты көп ұстап, ұзақ ойланады. Ішкі біріншілікте үш матч өткізген Герсонның, әр ойыны сәтсіз өтті, әр ойында жанкүйерлер тарапынан көп сынға ұшырап жүр.

Жасы отыздан асқан қапталдағы қорғаушы Лукаш Тесактан құтылып, орнына «Ордабасыдан» Гафуржан Сүйімбаевты алғаны тамаша қадам болды. Маңынан ұшқан құсты өткізбейтін, шабуылға өте белсенді араласып, қарсылас қорғаушыларының басын қатыратын Гафуржанға көп үміт артуға болады.

«Жетісудан» ауысып келген Бауыржан Тұрысбек «Қайраттың» қосалқы құрамын нығайтуы тиіс. Бауыржан Еуропа лигасында «Теута» қақпасына доп дарытып үлгерді. Ал, Стас Покатилов ресейлік клуб «Ростов» тарапынан жалға берілді. Виталий Ли «Ертіске», Тесак өзінің Ресейдегі «Арсеналына» кетті. Легионерлердің орны толуына байланысты клуб басшылығы ауыр жарақаты бар Бруно Соаресті команда тізімінен шығарды.

«АСТАНА»

Чемпиондар лигасында дәл былтырғыдай сенсация жасаймыз деп белді бекем буынып отырған «Астананың» құрамы күшейе түсті деуге негіз бар. Маусымаралық үзілісте қатарға көп футболшы қоспаған елордалықтар жазда жемісті жұмыс істеді. Азат Нұрғалиевті «Ордабасыдан» алып, орталық алаңда креатив пайда болды. Осыған дейін Фокси Кетевоаманың орнын ешкім баса алмаған еді.

Былтыр кеткен Бранко Иличтің позициясында ойнап жүрген Бейсебеков жарытпады. Абзалдың деңгейі «Астанамен» сәйкес келмейді екен. Клуб оң қапталға Белоруссия ұлттық құрамасының футболшысы Игорь Шитовты алды. Ал, былтыр «Марибор» сапында «Астанаға» қарсы ойнаған Агим Ибраими елордалық ұжыммен екі жарым жылға келісім-шартқа отырды. 27 жастағы Агим Македония ұлттық құрамасында 36 ойын өткізіп, 7 мәрте мергендік танытқан. Сонымен қатар, Джуниор Кабананга Чемпиондар лигасының қарсаңында «Карабюкспордан» қайта оралды. Клуб футболшыны маусым басында жалға берген еді. «Ертістің» негізгі футболшыларының бірі болып жүрген Сергей Малый болса Юрий Логвиненко мен  Марин Аничичке бәсекелес болып көрмек.

Команда төмендегі ойыншылармен қош айтысты: Марк Гурман, Берік Шаихов, Михаил Голубничий, Евгений Постников, Бесарт Абдурахими, Аруна Лукман, Алексей Щеткин. 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх