Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
885
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
570
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
328
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1305
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
658
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Ақтөбе" алғашқы алтылыққа енгелі тұр ма?

16 июл. 2016, 14:10 | 1485
Осы апта соңында Қазақстан Премьер-лигасының 21-ші тур ойындары. Еліміздің алты қаласында алапат тартысты ойындар өткелі тұр.

21-тур. 

16 шілде

«Астана» «Атырау»

21-ші турдың шымылдығын ашатын матч. «Астана» деген кезде қазір барлығымызға Чемпиондар лигасы елестейтін болған. Елордалық команда Литваға барып, "Жальгириспен" 0:0 тең ойнап қайтты. Енді олар 20-шы шілде күні «Астана-Аренада» қарымта ойын ойнайды литвалықтармен. Алғашқы ойын Стойлов шәкірттерін қатты шаршата қойған жоқ. Ойын бір қалыпты, тыныш мәнерде өтті. Сондықтан, бұл ойында «Астана» үш ұпай алатын жөні бар. Он ұпай басымдылық сезінгенімен, Станимир Стойлов «Қайраттан» одан әрі озуды қалайды. Себебі, «Жальгиристен» өткеннен кейін ұжымды «Селтикке» қарсы ауыр ойындар күтіп тұр. Шотландияға алыс сапар шегу керек болады. Сондықтан, бар кезде ұпайды алып қалуға тырысады. Дегенмен, болгар бапкері кейде аралас құрам шығарып, негізгі ойыншылаға демалыс беріп те қалатын әдеті бар. Ал, жалпы бұл кездесуде соғылған көп гол көреміз деп есептемейміз.  

«Жетісу» – «Ақжайық»

«Жетісу» қазір қайта қалпына келу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алмас Құлшынбаев шәкірттері жаңадан келген футболшыларды жерсіндіруде. 20 ұпайы бар талдықорғандықтар осы турда ұпай алмаса, одан әрідегі жағдайлары қиындауы мүмкін. Себебі, «Шахтер» мен «Тараз» дендеп, жақындап келеді. Оның үстіне «Жетісу» өз жерінде жеңіске жетпегеніне де біраз уақыт өтті. Соңғы рет алаң иелері 12-тші урда «Шахтерді» жеңіпті. Міне, мамыр айынан бері жетісулық жанкүйерлер өз командасының жеңісін көрмеген. Сусап қалған халықтың шөлін басуға осы жолы тамаша мүмкіндік. Әрине, «Ақжайыққа» да шегінерге жол жоқ. Олар турнирлік кестенің түбінде. Олардың бар мүмкіндіктері қорғанысты мықтап ұстап, тең нәтижеге қол жеткізу болатын шығар. Талғат Байсуфинов бұл команданы жаттықтырудан бас тартқалы бері, оралдықтардың үнжырғалары көтерілер емес.

«Тобыл» – «Оқжетпес»

Екі команда арасындағы ойын Көкшетауда өткен кезде 1:1 есебімен тең нәтижесі тіркелді. Жалпы алғанда қос команда бір-біріне ұқсайды. Турнирлік кестеде де шамалас. «Оқжетпес» 4-ші орында тұрса, «Тобыл» 6-шы. Бірақ, қос командалар арасында бақандай тоғыз ұпай айырмашылығы бар. Ресейдің бірінші лигасында қарсылас командаларды баптаған Омари Тетрадзе мен Владимир Мухановтың жолы тағы да түйіскелі тұр. Алғашқы алтылықты көксеп жүрген «Тобыл» тайлы-тұяғы қалмай шабуылдап, мүмкін болған ұпайдың барлығын алуға тырысады. Себебі, «Атырау» мен «Ақтөбеден» озу керек. «Атырауды» қайдам, «Ақтөбе» осы турда үш ұпай алатындай көрінеді.

17-шілде

«Ордабасы» – «Тараз»

Оңтүстіктік дерби. Арасын екі жүз шақырым бөліп жатқан көршілес облыстардың басты командалары кездеседі. Бірінші айналымдағы ойында «Ордабасы» Жамбыл жерінен үш ұпай алып кетті. Ол кезде «Ордабасы» шынымен мықты еді. Бірақ, қазір Ғафуржан Сүйімбаев пен Азат Нұрғалиевтің жоқтығы қатты әсерін беруде. Дегенмен, Еуропа Лигасынан шығып қалған шымкенттіктер енді бар күшті ішкі біріншілікке салары анық. Сондықтан, үш матч бойы тек қана жеңіске жетіп келе жатқан «Тараздың» тамаша сериясын осы жерде тоқтату мақсат болып тұр. Бас бапкер Бақтияр Байсейітов тарапына қазір көп сын айтылып кетті. Осы турда «Ордабасы» тағы сүрінер болса, шымкенттік фанаттар бас көтерері айқын.  

«Ертіс» – «Қайрат»

Бұл матчқа да еурокубоктық кездесулер мәселесі көлденеңдеп тұр. Сырт алаңда «Маккабимен» ойнайтын алматылықтар әрбір үш күн сайын матч өткізетін болады. Бас бапкер Кахабер Цхададзенің осыны айтып қабырғасы сөгілгенін сезіп жүрміз. Алайда, амал жоқ, бар футболшымен базар болуға тура келеді. Қазақстанда Еурокубоктарда өнер көрсететін командаларға қазір ешқандай да жеңілдіктер жоқ. Әркімнің өз шаруасы. Ойынды келесі аптаға шегеру деген дүние болатын бұрын. Оған да жете алмай отыр клубтар. Оның үстіне «Маккабимен» ойынның соңғы минуттары алматылықтардың көңілін құртты. Жауапты гол жіберіп алды, әрі Бауыржан Исламхан алаңнан қуылды. Енді келесі ойында «Қайратқа» қиын болатыны анық. Ал, араларын екі ұпай бөліп тұрған қос команданың чемпионаттағы ойыны қалай болмақ? «Қайрат» барын салып өнер көрсете ме? «Ертіс»  өз алаңында оңай жағылар жаңғақ емес. Қонақтарды әбден шаршатары анық. Бұл кездесу осы турдың басты ойынына бағаланып отыр.  

«Ақтөбе» – «Шахтер»

Егер «Тобыл» өз алаңында «Оқжетпесті» жеңе алмаса, «Атырау» «Астанаға» жеңілсе, онда «Ақтөбе» осы нәтижелердің барлығын естіп, біліп болғаннан кейін соңғы ойынды өткізеді. Демек, өз алаңында «Шахтерді» жеңсе, онда олар алғашқы алтылыққа енеді. Ал, Юрий Уткульбаев соңына дейін таласып, келесі турды да күтетіні анық. Осы турдан кейін 22-ші соңғы тур болады. Сол кезде алғашқы алтылыққа енген соңғы команданың есімі белгілі болатын шығар. Қазір чемпионатта ең қызып тұрған тақырып осы. Себебі, екінші кезең басталғаннан кейін қайтадан, он матч өткізуге тура келеді. Ал, негізі бұл екі команда чемпионатта ең көп тең нәтиже тіркеген ұжымдар. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх