Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
875
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
561
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
322
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1291
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
650
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Ордабасыны" орға жыққан кім?

18 июл. 2016, 23:50 | 1808
"Тараз" командасы осы турда елең еткізді. Сырт алаңда "Ордабасыны" ірі есеппен жеңген олар, төрт ойында төрт жеңіске қол жеткізіп, турнирлік кестедегі жағдайларын жақсартып алды.

16 шілде

«Астана» – «Атырау» - 2:1 (2:1)

Голдар: Владимир Аржанов 7 (0:1), Азат Нұрғалиев 20 (1:1), Азат Нұрғалиев 39 (2:1)

Чемпиондар лигасын ойлап алаңға шыққан алаң иелері сәл кібіртіктеп ойнады. Станимир Стойлов бұл матчқа Таңат Нөсербаев, Агим Ибраими, Марин Аничич, Неманья Максимович, Игорь Шитовтарды негізгі құрамда шығармады. «Жальгириспен» болатын ойынға сақтап қалғысы келгендей. Ал, негізгі құрамда Асхат Тағыберген, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Джуниор Кабананга сынды негізгі құрамнан орын табыла бермейтін ойыншылар шықты. Одан бөлек Чемпиондар лигасының екінші іріктеу ойындарына қатыса алмайтын Азат Нұрғалиев болды. Және дәл осы футболшы елордалықтар үшін зор еңбек қылды. Ойынның алғашқы минуттарында «Атырау» қаптал арқылы шабуыл жасап, айып алаңына келген пасты Абзал Бейсебеков баспен шығаруға тырысты. Алайда доп дәл Владимир Аржановқа келе қалды. Ойланбастан қақпа бұрышын көздеген Аржанов Ненад Эрич қақпасына гол соқты. Ойынның 20-шы минутында Азат Нұрғалиев есепті теңестірді. Бұл оның елордалық команда сапындағы үшінші голы еді. Ал, төртінші голын Нұрғалиев тіпті тамаша соқты. Джуниор Кабанангадан пас алған ол қақпашымен бетпе-бет шықты. Үлкен жылдамдықта жүйткіп келіп, бос бұрышқа допты «сылқ» еткізді. Егер, «Астана» «Жальгиристі» жеңіп, келесі айналымға өтетін болса, үшінші іріктеу кезеңінде «Селтикпен» кездеседі. Сол ойындарға Азат Нұрғалиев қатыса алады.

 «Жетісу» – «Ақжайық» - 2:0 (0:0)

Голдар: Марко Джалович 68, Борис Дидье Кадио 70

Оралдан келген қарсыластарға бұл матчта бір ұпай да артық етпес еді. Қорғанысты мықтап ұстап, қарымта шабуылдарға иек артқан олар алғашқы таймды тең аяқтады. Екінші таймда 33-жасар қақпашы Срдян Остоич  қателік жасады. Жақында ғана командаға келген сербиялық қақпашы «Ақжайықты» ұятқа қалдырды. Оның үстіне екі голдың арасы небәрі екі-ақ минут болды. Алғашқы голды Марко Джалович, екіншісін Борис Дидье Кадио салды.  33-ке келген легионер қақпашыны командаға алу да бір жағынан логикаға сыймайды ғой. Одан гөрі Нұрболат Қалменовтың тұра бергені дұрыс еді. Жас қазақ қақпашысы қайта тәжірибие жинап, толысар еді. Себебі, оның орнына қақпада тұрған Срдян Остоич «Ақжайықты» Премьер-лигада алып қалмасы белгілі.

«Тобыл» – «Оқжетпес» - 0:1 (0:0)

Гол: Игорь Юрин 64

Ойын бойы басымдылықта алаң иелері болды. Шындығын айту керек қостанайлықтардың жасаған шабуылдары қақпаға қарсыласқанда енбей қойды. Қол жүрмесе сол емес пе? Кірмеймін деген доп қақпаға кірмей кетеді ғой. Ал, 64-ші минутта қонақтар алыстан бір соққы бағыттап, таблодағы көрсеткішті өзгертіп тастады. Игорь Юрин бағыттаған доп Владимир Логиновский үшін алынбастай болды. Алыстан бағытталған осы соққы кездесу тағдырын шешіп тастады. Көкшетаулық команда енді үшінші орын үшін таласатын тамаша мүмкіндікке ие. Ал, «Тобылдың» алғашқы алтылыққа енуі мүшкіл.

17-шілде

«Ордабасы» – «Тараз - 0:3 (0:3)

Голдар: Андрей Яковлев 4, Әлішер Сүлей 13, Әлішер Сүлей 40

«Оңтүстік дербиі» деп аталатын бұл кездесу көрермен көзайымына айналған ойын болды. Соңғы кездері жүрісінен жаңылған «Ордабасының» халі нашар, мүшкіл десек болады. Өз алаңында «Таразға» жеңіледі деп ешкім күткен жоқ. Ал, 0:3 есебімен ұтылады деген «Ордабасы» жанкүйерлерінің түсіне де кіріп-шықпаған. Алайда, алғашқы таймда барлығы да астаң-кестең болды. 13-ші минутта алаң иелері екі доп айырмасымен жеңіліп жатты. Жанкүйерлер «Бақтияр кет!» деген лозунгтар шығарып, бүкіл трибунаны дүрліктірді. Бас бапкер Бақтияр Байсеитовке қазір барлығы қарсы. Тіпті, байқауымызша футболшылардың өздері де қарсы секілді. Ал, бас бапкердің негізгі құрамда Мардан Төлебек пен Филип Касалицаны шығармауының себебі неде екенін түсіне алмадық. Шынымен, бұл бапкердің басты қателігі секілді көрінді. Шабуыл өтінде түк бітіре алмаған алаң иелері екінші таймда кішкене шабуылға шыға бастады. Себебі, 40-шы минутта Әлішер Сүлей өзінің екінші голын соғып, көрсеткішті 0:3-ке жеткізіп тастаған еді. Бірақ, алаң иелері «Тараз» қақпасына шын мәнінде қауіпті жағдай жасаған да жоқ. Осы ойыннан кейін дүрліккен халық бас бапкердің кетуін талап етті. Енді жақын арада бұл мәселенің мән-жайы анықталатын болады. Ойыннан кейіңгі баспасөз мәслихатында Бақтияр Даниярұлы әзір командадан кетпейтіндігін, үш жылдық келісім-шарты бар екендігін мәлімдеді. 

"Ертіс" – "Қайрат" - 2:3 (2:3)

Голдар: Семир Керла 5 (1:0), Бауыржан Исламхан пенальтиден 16 (1:1), Гаэль Тавамба 22 (1:2), Гаэль Тавамба 39 (1:3), Роман Мұртазаев 45+1 пенальтиден (2:3)

Бірінші таймда бес гол соғылған ойындар ел премьер-лигасында некен-саяқ кездеседі. Голдар шеруіне айналған бұл ойын жанкүйерлерге қызықты болғанымен, керекулік фанаттар үшін жағымды бола қоймады. Себебі, екінші және үшінші орындарда тұрған командалар арасындағы тартыстың қалай боларын барлықтарыңыз білесіздер. Мұндай матчтарда үш емес алты ұпай сарапқа салынады деп айтылады. Жеңіске жеткен алматылық ұжым енді «Ертістен» бес ұпайға озып кетті. Айта кету керек Еуропа Лигасындағы маңызды ойынға Кахабер Цхададзе дайындықты осы күннен бастап жүргізіп жатқанын байқатты. Себебі, бұл матчқа Жерар Гоу, Исаэль Барбоза, Анатолий Тимощук, Владимир Плотников мүлде қатыспады. Михали Бакаев пен Ермек Қуантаев екінші таймда ойынға қосылды. Бірақ, бір өкініштісі орталық қорғаушы Жарко Маркович жарақат алып қалды. Енді оның «Маккабиге» қарсы матчта алаңға шығу-шықпасын жақындағанда ғана бір-ақ білетін боламыз.  

 «Ақтөбе» – «Шахтер» - 2:0 (1:0)

Голдар: Дао 22, Щеткин 58

Осы тур алдында жазған шолу мақаламда «Тобылдың» өз алаңында «Оқжетпеске» шамасы келмей, «Атырау» «Астанаға» ұтылып, «Ақтөбе» алғашқы алтылыққа енетін шығар деген болжам жасаған едім. Тура сол сценарий айна-қатесіз орын алып, «Ақтөбе» алғашқы алтылыққа енді. Келесі 22-ші тур ойындары барлық сұраққа нүкте қояры анық. Ақтөбеліктердің қазір екі ұпай басымдылығы бар. Дегенмен, «Атырау» да, «Тобыл» да турнир аутсайдерлерімен кездеседі. Ал, «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасымен» ойнайды. Үш команда да жеңіске жетуі мүмкін. Сондықтан, біз тағатсыздана 22-ші тур ойындарын күтеміз. Айта кетейік, соңғы тур ойындары 23-24 шілде күндері өтеді деп жоспарланған.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх