Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1061
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
728
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
385
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1396
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
715
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Қожағапанов VS Хамитжанов

30 янв. 2016, 14:09 | 2179
“Футбол бұл жанкүйерлер ойыны” деген тақырыппен өткен ғасырдың соңғы онжылдығында түрлі лозунгтар көтерілді. Ал қазір, футбол бұл-саясат. Сен футболмен айналыспасаң, футбол сенімен айналысады. Еуропа және әлем футболы әлдеқашан саясиланып, қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды. Футболды басқарған тұлғалар темір тордың артында абақтыға жабылса, кейбірі мемлекет басқаратындай деңгейге жетті.

Қазақстанда да соңғы жылдары ел футболы саясиланып барады. Бұрындары бір ғана адамның қол астында болған футболға, енді ауыз салып жүрген бірнеше адам бар. Осының алдында біз Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ерлан Қожағапановтың “Қайрат” командасының жетекшісі Қайрат Боранбаевпен арасындағы кикілжің жайлы сөз қозғасақ, бүгінгі тақырып Ерлан Қожағапанов пен Саян Хамитжанов арасындағы дауда болмақ. Ара жігін ажыратуға тырысып көрейік.

Былтырғы маусымның басында “Астана” футбол клубына әжептеуір қысымдар жасалынды. Команда ойындарында төрешілер бұра тартып, қасақана қастандық жасай бастады. Кіріп тұрған голды есептемей, ойыншыларын алаңнан қуды. Бұл кезде Саян Хамитжанов басқаратын елордалық “Астанаға” тосыннан жау тиген еді. Ешкім мұндай жағдайды күтпеді. Президенттік кәсіпқой спорттық клубтың құрамына кіретін “Астананы” бұлайша шеттету, өзектен тебу, кімнің батыл қолының ісі дейсіз ғой. Кімнің шыдамы мен батылдығы жетуі мүмкін? Төрешілер алқасының басшысы италиялық маман Маттео Трефолонидің өзі араға түсіп, ештеңе де болмағандығын жеткізді.

Осы аралықта Дархан Қалетаев араласып, бір мәселе көтерді. Ойыншылар айлығы жылына 300 мың АҚШ долларынан аспасын деді. Ол кісінің өзге де ақпараттарға ие екені анық. Бұл нағыз Саян Хамитжанов секілді клуб басшыларының бақшасына қол салу еді. Яғни, қаржыға талас. Біреудің көріп отырған табысына қол сұғу. Қалетаев бір жақтан, Қожағапанов екінші жақтан. 

Дархан Қалетаевтың Ерлан Қожағапановқа тікелей ықпалы бар адам екендігін ескерсек, футбол федерациясының басшысы қызметінің күшін жан-жақты пайдалануға мәжбүр болды. “Астананы” қысып, оның басшысын орнынан кетіру басты мақсат болатын. Бірақ, бұл “жоба” іске аса қоймады. Саян Хамитжанов оңай шағылар жаңғақ болмай шықты. Саян Жақсыгелдіұлының басқаратын командасы Еуропа ареналарында тамаша өнер көрсетіп, ел абройын асқақтатты. Чемпиондар лигасының тарихында тұңғыш рет қазақстандық команда топтық кезеңге өтті.

Осы фактор “Астанаға” жасалынған түрлі қысымға тойтарыс берді. Маусым аяқталып, “Астана” жылды жақсы қорытындылап болған соң, енді міне Ерлан Тоқтарханұлы баспасөз арқылы Саян Жақсыгелдіұлына қайта шүйлікті. Футболшыларын Ұлттық құрамаға жібермеді деп айыптады. “Астана” президенті қарымта жақсы жауап қатып, футболшысының жастар құрамасындағы ойынынан кейін жарақатпен оралғанын тілге тиек етті. Және де, жарақатының жазылуына, емделуіне футбол федерациясы ешқандай да көмек көрсетпегенін де қоса кетті. Осыдан кейін, әрине де Қазақстан футбол федерациясының басшысына деген құрмет азайды. Боранбаевпен бір тіресіп, енді Хамитжановқа қайта килікті.

Әрине, Қазақстан футболының саяси ойын алаңына айналғанын ешкім де қалап отырған жоқ. Онсызда жағдайы қиын жатқан футболымызды дамытудың орнына, бір-бірін сөзбен түйреп, аңдысын аңдығандар пайдасыз іспен айналысуда. Бұлай жалғаса берсе, еліміздегі белді клубтардың басшылары қосылып күш болып, қарсы жұмысқа шығуы ықтимал. Одан кейін, кеткен берекені қайта қалпына келтіру қиын болары анық. Футболымыздың басшысы көпірме көп сөзден гөрі, нақты іспен айналысса екен деген тілек бар.

Нұрмат Елеуұлы

 

 

 

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх