Главное Маңызды
19 апр. 2024, 12:30
160
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Второй лиги после второго тура.
19 апр. 2024, 10:59
127
Казахстанский полузащитник «Гомеля» Абинур Нурымбет рассказал об играх в условиях Рамадана, целях по голам на сезон и адаптации в новом клубе, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sport5.by.
17 апр. 2024, 16:03
557
Экс-нападающий сборной России и «Кайрата» Андрей Аршавин вспомнил о матче на «Энфилде» и о времени проведенном в «Арсенале», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Спорт-Экспресс».
15 апр. 2024, 19:06
5263
Исполняющий обязанности главного тренера карагандинского «Шахтера» Андрей Финонченко подвел итоги матча 1/8 финала Кубка Казахстана с семейским «Елимаем» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 апр. 2024, 18:37
714
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.

Израиль командалары әзрейіл болып тұр

23 июл. 2016, 05:10 | 2428
Қазақстан атынан Еуропа лигасында өнер көрсеткен алматылық «Қайрат» жарысты екінші іріктеу кезеңінен аяқтады.

"Қайратым" деп мен жүрмін,

"Қайрат" қылмай сен жүрсің.

Ұтып қайтар деп жүрмін,

Сен ұтылып кеп жүрсің, - деп заманында Әбділдә Тәжібаевтың ащынғанда айтқанын білеміз.

Сол секілді «Қайрат» бұл жолы да жеңіліп қайтты. Біз жағдай қиын болса да соңына дейін сеніп едік. Матч барысында тамаша мүмкіндік те болды. Бірақ, қолынан сусытып шығарып алды.

Сонымен, «Қайратқа» «Маккабиді» айналып өтуге не кедергі болды? Көптеген жанкүйерлер бұл жағдайда «Қайраттың» негізгі ойыншыларының жарақатын сылтау қылып отыр. Шынымен де, Тимур Рудосельский мен Бруно Соарестің қорғаныста жоқтығы кесірін тигізді. Олардың орнына шыққан Станислав Лунин, Ермек Қуантаев, Сесар Арзо секілділер сенімді ақтамады. Жалпы қорғаушылар проблемасы туындаған сәтте алматылық команда тек екі ойыншыны ғана алды. Ғафуржан Сүйімбаев пен Сесар Арзо. Испан ойыншысы командаға кірігіп үлгермегені байқалса, Ғафуржан қолдан келгеннің барлығын жасап бақты. Екінші ойынға дейін біздің команда алғашқы ойында көп қателік жасаған. Цхададзе шәкірттері Алматыдағы ойында жаза басты. Бұл жерде әрине барлық кінә бапкерге артылады. Бірақ, екі ойыншымыз екі қателік жасап, барлығын нашарлатып тастады. Қапталдан пас асырылған сәтте допқа жете алмаған Ермек Қуантаев позициялық қателік жасады. Айып алаңында бұлай қимылдауға болмайды. Әуелеп келе жатқан допты жібере салып, қарсыласты бет-әлпетпен күтіп тұру қажет болатын. Бірақ ол олай істемеді. Соның кесірінен тәжірибиелі Йосси Бенаюн гол соғып кетті. Екінші қателікті Бауыржан Исламхан жасады. Төрешімен салғыласпай, сары қағазды алып кетіп қалу керек еді. Екінші ойында Исламханның жоқтығы сезілді.

Жерар Гоу мен Исаэль Барбозаны «Ертіске» қарсы ойынға шығармаған Кахабер Цхададзе екеуіне Андрей Аршавин мен Герсон Асеведоны қосып берді. Исаэльдің ойыны түк көңілге қонбады. Ал, Асеведо жоғалтық күйде жүрді. Бірінші таймда қайта-қайта қателесіп, ойын сәнін кетірді. Бас бапкер оның орнына Бауыржан Тұрысбекті немесе Исламбек Қуатты шығарғаны дұрыс еді.

Бапкердің осы жерде қателігі анық көрінсе, қорғаныстағы жағдайды амалсыз жасады. Лунинді қапталға қойып, ортаға Арзоны бекітті. Испаниялық қорғаушымыз ойынды соңына дейін ойнай алмайтыны байқалған соң, орнына Қуантаев кіріп, Лунин ортаға қайта келді. Ал, негізі Цхададзе Қуантаевқа сенім артып алғашқы минутта оны оң қапталға қойса ештеңе де болмас еді. Лунин мен Маркович ортада үйренісіп қалған болатын. Ал, ортаға Анатолий Тимощук пен Михаил Бакаевті сонымен қоса Исламбек Қуатты шығара салу қажет еді. Асеведоның бір тайм бойы сәтсіз жүгіргенін тамашалағанша.

Жылдам қақпамызға соғылған гол түгел Луниннің қателігі дей аламыз. Қапталдан енген Бен-Хаим есепті ашу үшін тегі бір қатты қиналған да жоқ. Қарапайым, оңай голдарды «Қайрат» ешқашан жібермеуі тиіс. Гоу есепті теңестіргеннен кейін Исаэльдің шаруасы бітіп жүрген. Ыстық ауа-райына, жалпы климатқа дұрыс дағдылана алмады ма, әйтеуір Исаэльдің қимылдары еш ұнамады. Оны да Кахабер Цхададзе ертерек алмастыруы керек еді деп ойлаймыз.

86-шы минутта айып алаңының сыртанан соғылған гол алматылықтардың жігерін құм қылды. Альберман абдыратып тастады. Егер, сол өз алаңымыздағы ойынды 1:0 қылып аяқтағанымызда, келесі кезеңге «Қайрат» шығар еді-ау! Енді румынияның «Пандурий» командасы «Маккабимен» кездесетін болады.

"Маккаби Тель-Авив" (Израиль) - "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) - 2:1 (1:0)

Алғашқы тайм: 1:1

Голдар: Бен-Хаим 2 5 (1:0), Гоу 64 (1:1), Альберман 86 (2:1)

Ескертулер: Бен-Хаим 2 22, Игиебор 41, Бен-Хаим 1 83, Миха 90+3, Райкович 90+3 — Лунин 24, Гоу 53, Куат 59

«Маккаби»: Райкович, Медунянин (Филипенко 90), Альберман, Бен-Хаим 2 (Бенаюн 75), Миха, Тиби, Рикан, Бен-Хаим 1, Игиебор, Перец (Даса 69), Орланду Са

«Қайрат»: Плотников, Сүйімбаев, Маркович, Арзо (Қуантаев 80), Лунин, Тимощук, Бакаев, Аршавин, Асеведо (Қуат 46), Исаэл (Тавмба 86), Гоу

Бас төреші: Тьягу Мартинш (Португалия)

21 шілде. Нетания. «Нетания». 

Ал, жалпы азды-кем статистикалық мәліметтерге көз жүгірте кетсек. Израильдік командалармен Еурокубоктық ойындарда кездескен Қазақстандық командалар көп жағдайда жарыстан шығып қалып отырған екен. «Ақтөбе» екі рет Чемпиондар лигасында сүрінсе, Еуропа лигасының аясында «Шахтер» мен «Ордабасы» қарсыластарынан өте алмаған. Енді мінекей бұл тізімге «Қайрат» та қосылып отыр. Тель-Авив қаласының «Хапоэль» деген командасын елордалық "Астана" 2014/15 жылғы маусымда жеңіп өткен. Сонымен алты рет Израильдік клубтарға қарсылас атанып, соның бесеуінде біздің ұжымдар жарыстан шығып отырған.

Чемпиондар лигасы. 2009/2010 ж.

"Маккаби" (Хайфа, Израиль) - "Ақтөбе" (Ақтөбе, Қазақстан) - 4:3, 0:0

Чемпиондар лигасы. 2010/2011 ж.

"Хапоэль" (Тель-Авив, Израиль) - "Ақтөбе" (Ақтөбе, Қазақстан) - 3:1, 0:1

Еуропа лигасы. 2013/2014 ж.

"Маккаби" (Хайфа, Израиль) - "Шахтёр" (Қарағанды, Қазақстан) - 2:1, 2:2

Еуропа лигасы. 2014/2015 ж.

"Хапоэль" (Тель-Авив, Израиль) - "Астана" (Астана, Қазақстан) - 1:0, 0:3

Еуропа лигасы. 2015/2016 ж.

"Бейтар" (Йерусалим, Израиль) - "Ордабасы" (Шымкент, Қазақстан) - 2:1, 0:0

Еуропа лигасы. 2016/2017 ж. 

"Маккаби" (Тель-Авив, Израиль) - "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) - 2:1, 1:1

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 4-2 8
2 Қызылжар 4 8-2 7
3 Ордабасы 4 8-3 7
4 Ақтөбе 3 7-2 7
5 Тобыл 3 6-2 7
6 Елимай 4 4-4 7
7 Астана 4 4-2 6
8 Туран 4 2-3 4
9 Жетісу 3 1-2 4
10 Атырау 4 2-3 3
11 Шахтер 4 1-8 3
12 Женис 4 1-9 3
13 Қайсар 3 1-7 0
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх