Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
832
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
507
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
299
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1229
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
616
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Екіге жарылар кез жетті

24 июл. 2016, 10:00 | 1737
Осы турдан кейін чемпионатымыз екіге жарылып, мықтылар бір бөлек, осалдар өздері бөлек шықпақ. Чемпионаттың алғашқы кезеңі осы ойындармен аяқталады.

22-тур

23-шілде

«Шахтер» – «Астана»

Бұл ойын екі команданың шешімі бойынша жетінші тамызға ауыстырылды. Кәсіпқой футбол лигасы да бұл ұсынысты қолдай кетті. Өйткені елордалық клуб Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі шотландиялық "Селтикке" қарсы ойынға тыңғылықты дайындалуды жөн санапты. 

24-шілде

«Оқжетпес» - «Ертіс»

Өткен жылы алғашқы алтылыққа іліне алмай қалған «Оқжетпес» биыл бұл мақсатты орындап тастады. Тіпті қазір үшінші орынға да шығатын жағдайы бар. Өз алаңында «Ертісті» жеңсе, Димитар Димитров командасынан екі ұпай ұзап шығады. Көршілес тұрған қос команданың арасындағы матч осы турдағы маңызды ойындардың біріне айналмақ. Ал, «Ертіс» құрамындағы Усман Джаллоу командадан өз еркімен кетіп қалыпты. Себеп, үш-төрт айға созылған жалақы мәселесі. Енді Усман бүкіл мәселені ФИФА арқылы шешемін деп бел буып отыр. Мән-жайдың анық-қанығы да осы кездесу барысында белгілі болып қалар. Владимир Муханов шәкірттері соңғы ойындарды өте тамаша өткізуде. Қатарынан өткізілген алты матчта көкшетаулықтар 13 ұпай еншілеген. Тек елордалық «Астанаға» жол беріп, «Ордабасымен» тең түскен.  

«Ақжайық» - «Тобыл»

Алғашқы алтылық осы турда белгілі болады. Үш команданың мүмкіндігі бар. Олар «Ақтөбе», «Атырау» және «Тобыл». Қостанайлықтар осы турда сырт алаңда «Ақжайықпен» кездеседі. Өткен жолы жазғанымыздай бұл командаға Виктор Кумыков келген еді. Бірақ, тізгінді ұстауға мұрша бермеген басшылық өз шешімдерінен дем арасында бас тартыпты. «Ақжайық» осылайша қазіргі күні бас бапкерсіз келеді. Команданы Орал футболына еңбегі сіңген Артур Авакянц баптауда. Омари Тетрадзе шәкірттері өз алаңдарында көп шабуылдағанымен, «Оқжетпеске» жол берген еді. Осы жолы соның есесін қайтаратын сәт туындап тұр. Аңсаған жеңісіне «Тобыл» жетеді деп күтеміз.

«Ақтөбе» - «Ордабасы»

«Ордабасының» іші де бүлінгендей. Жанкүйерлер бас бапкердің кетуін қалайды. Өз алаңында «Таразға» 0:3 жеңілген шымкенттіктер шынымен де қиын жағдайда. Ойынды көріп отырып, футболшылардың өздері де жанкүйерлерімен келісетіндей көрінді. Бапкердің тактикасы мен жаттығу жасау мәнері ешкімге ұнамайтын секілді. Бұл матчтағы тең нәтиже «Ақтөбені» алғашқы алтылықта сақтап қала алмауы мүмкін. Сондықтан, Юрий Уткульбаев командасына толықтай үш ұпай артықтық етпес. Шымкенттіктер өткен жолғы айыпты жуып-шайамыз дегеннің өзінде де, бұл кездесудің фавориті болып «Ақтөбе» санала бермек.

«Атырау» - «Жетісу»

«Атырау» осы матчта жеңіске жетсе, алтылыққа сенімді бір қадам жасауы мүмкін. Егер де қалған екі матч бұлар үшін сәтті аяқталса. Яғни, «Тобыл» да, «Ақтөбе» де жеңіске жетпесе. Дегенмен де, ұрыс та тұрыс жоқ. Алаң иелері сонымен қатар, өзіне «Жетісуды» жақындатып алмауды көздейді. Себебі, бұл екі команданың арасындағы айырмашылық небәрі екі-ақ ұпай. «Мұнайшылар» өз алаңдарында соңғы рет 13-ші турда ғана ұпай ала алмады. Ол кезде «Атырау» «Ертістен» 0:1 есебімен жеңілді. Міне, содан бері Стойчо Младенов командасы жеңіліп көрмеген. Осы ойында да «Жетісу» алаң иелерін сан соқтырып, жер қаптырып кетеді дегенге сене алмаймыз. Әрине, доп домалақ, алаң жазық. Барлығы да орын алуы ықтимал. Десе де, Бауыржан Тұрысбек пен Душан Савичті жіберіп алған «Жетісу» осы күні әлсіреп қалған кейіпте.

«Қайрат» - «Тараз»

Төрт ойын қатарынан жеңіске жеткен «Тараз» бұрыннан «Қайрат» үшін қолайсыз қарсылас. Чемпионаттың тұсаукесер турында дәл осы «Тараз» «Қайратты» жеңіп, бір желпінген. Өткен жылғы чемпионатта да нәтиже солай болған. Енді алматыдағы «Орталық» стадионда «Тараз» «Қайратты» ала алмас. Күші жетпейтін шығар. Оның үстіне алматылық команда «Маккабиден» жеңіліп, ашулы күйде келді. «Тазы ашуын тырнадан» алады демекші «Қайрат» қазір қарсылас біткенді жұлмалап тастайтындай көрінеді. Қорғанысын күшейткен әулиеаталықтар қанша тырмысқанымен, Гоу, Исламхан, Исаэль, Аршавин төрттігінің тегеурініне төтеп бере алмас. Еуропа лигасынан шығып қалған «Қайрат» енді бар күшін ішкі біріншілікке салмақ. Ендігі мақсат – «Астананы» қуып жету.  

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх