Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
835
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
512
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
300
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1231
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
616
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Өгізді де өлтірмей, арбаны да қиратпай"

25 июл. 2016, 17:40 | 1547
Сонымен, чемпионатымыздың алғашқы кезеңі аяқталды. "Ақтөбе" алғашқы алтылыққа еніп тынды. Ал, "Шахтер" - "Астана" ойыны жетінші тамыз күніне шегерілді.

«Оқжетпес» – «Ертіс» - 0:2 (0:1)

Голдар: Роман Муртазаев 27, Казбек Гетериев 67.

Болгариялық маман Димитар Димитров өзінің білікті бапкер екендігін дәлелдеді. Команда ішіндегі араздықты дер кезінде жойып, жігіттерге жігер құйа білді. Осының алдында жазғанымыздай легионер Усман Джаллоу үш ай бойы жалақы алмадым деп командадан кеткен еді. Дегенмен, алғашқы минуттардан ойынға араласқан Григалашвили мен Гетериев Джаллоуды жоқтатпады. Әйтпесе, Усманның орны ойсырап қалар еді. Допты көп ұстап, жүйелі шабуылдар ұйымдастыратын «Оқжетпес» матч басталысымен гол соғатын мүмкіндіктер жасады. Әлібек Бөлешев қақпадан биік тепті. Көкшетаулықтар үшін барлығы жап-жақсы өрбіп келе жатқан. Алайда, қорғаныстағы қателік барлығының астан-кестеңін шығарды. Карлуш Фонсека керемет паспен Роман Муртазаевты қақпашымен бетпе-бетке шығарды. «Муртазиньо» чемпионаттағы 12-ші голын соқты.

Екінші таймда түгел шабуылға шыққан алаң иелері опық жеп қалды. Отыз метрдей жерден допты шірене тартқан Қазбек Гетериев Бабахановтың алға шығыңқырап кеткенін жазалап берді. Айтпақшы, бұл матчқа негізгі қақпашы Саша Стаменкович қатыса алмады. Ол отбасылық жағдайына байланысты отанына кетіпті. Бас бапкер Владимир Муханов оны үйіне жібергеніне қатты қынжылды. Себебі, сәт сайын Бабаханов қателесіп жатты. Алайда, Бабаханов өз қателігін пенальти тосып жуып-шайды. Роман Муртазаев 13-ші голын соғу үшін пенальти орындаған еді. Қақпашы доптың ұшу бағытын дәл тапты. Матчтағы айтулы оқиғаның бірі әртістік өнер көрсетті деген желеумен Әлібек Бөлешев екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Енді ол келесі ойында командасына көмектесе алмайды. Осылайша «Ертіс» «Оқжетпесті» өзінен алыстатып, бәсекелестің біреуіне ауыр соққы берді.

«Атырау» - «Жетісу» - 1:0

Гол: Пшемыслав Трытко 79

22 ойынның ішінде «Атырау» алты рет 1:0 есебін тіркеп отыр. Осы есепті жақсы көретін командаға айналған. Польшалық шабуылшы Пшемыслав Трытко биылғы маусымдағы бесінші голын соғып, «Атырауға» маңызды үш ұпай әперді. Бұл жеңіс «Атырау» үшін өте маңызды еді. Себебі, егер «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыға» жеңіліп қалғанда, «мұнайшылар» алғашқы алтылыққа енер еді. Себебі, «Атыраудың» «Тобылмен» жеке ойындардағы басымдылық Стойчо Младенов командасында еді. Өйткені олар, «Тобылды» Қостанайда жеңіп, өз алаңдарында тең түскен. Сондықтан, бір уақытта басталған осы үш ойын бір-бірімен өте қатты байланысты еді.

«Ақтөбе» - «Ордабасы» - 0:0

Бұл ойынның алдында қауесет көп тарады. Матчтың болуынан боладысы қызық болды. «Ордабасы» командасы әдейі жеңіліп, «Ақтөбенің» тапсырмасын орындайды делінді. Ал, екінші нұсқа өткен жолы «Тараздан» ойсырай жеңілген шымкенттіктер бұл ойында қалайда ұпай алуды көздемек. Оның үстіне Бақтияр Байсеитовке содан бері көп шабуылдар жасалынды. Жанкүйерлер бапкерді түтіп жеуге әзер отыр. Сондықтан, олардың осы кезде шегінерге жолы қалмап еді. Алайда, ойынның есебі көрсетіп тұрғандай, бір оқпен екі қоян атылды. «Өгізді де өлтірмей, арбаны да қиратпай» деген мақал дәл келіп тұр осы ойынға. Себебі, «Ақтөбе» алғашқы алтылыққа енді, «Ордабасы» бір ұпай еншіледі. Ең бастысы ешкім жеңілген жоқ.

«Ақжайық» - «Тобыл» - 0:5

Голдар: Душан Савич 50, 56, Артурас Жулпа 75, Нұрбол Жұмасқалиев 84, Сергей Хижниченко 89.

Кездесудің алғашқы таймы сүреңсіз өтіп, көрерменнен ұяларлықтай ойынға айналды. «Тобылға» бұл матчта жоғарыда айтқанымыздай толықтай үш ұпай қажет еді. Алда-жалда «Атырау» мен «Ақтөбе» ұпай жоғалтса, алтылыққа енерміз деген кеудеде үміт болды. Негізгі шаруаға қостанайлықтар екінші таймда кірісті. Душан Савич айып алаңына кіре беріс тұстан соққы бағыттап, есеп ашты. Бұл Савичтің «Тобыл» сапындағы тұсаукесер голы еді. Араға алты минут салып Душан тағы бір мәрте көзге түсті. Артурас Жулпа 75-ші минутта есепті 0:3-ке жеткізген кезде ойын тағдыры түбегейлі шешілген болатын. Ал, Нұрбол Жұмасқалиев пен Сергей Хижниченколардың голдары оралдық жанкүйерлердің көңілін тіпті құлазытып жіберді.

«Қайрат» - «Тараз» - 3:1

Голдар: Бауыржан Исламхан 10 (пен), Андрей Аршавин 41, Жерар Гоу 90+3 – Дәуренбек Тәжімбетов 19.

Осы турдағы ең бір әдемі, әрі мәнді матчтың бірі болды. Алматылықтарға «Тараз» жағымсыз қарсылас екенін айттық. Таблодағы есеп айқын басымдылық көрсетіп тұрғанымен, «Тараздың» матч барысында таразы басын теңестіретін көптеген мүмкіндіктері болды. Мысалға, пенальтиден есеп ашылғаннан кейін, Дәуренбек Тәжімбетов бірден жағдайды теңестірді. 11 метрліктен есеп ашқан Бауыржан Исламхан өзінің туған командасына гол соққаннан кейін, ешқандай қуанбай, толеранттылық танытты. Бұл оқиға Лукаш Подольскидің Польшаға соққан голынан кейінгі оқиғаны елестетті. Ал, Тәжімбетовтың таразы басын теңестірген сәтінде қақпашы Владимир Плотников қателесті. Өте өрескел қате еш кешірілусіз голға айналды. Одан кейін де матч барысында Плотников сан мәрте қателікке бой алдырды. Ұлттық құрамамыздың қақпашысы чемпионатта осылай ойнаса, онда Стас Покатиловтың тезірек жазылуын тілеуіміз керек. Стас өткен турда саусағын сындырып алыпты.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх