Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
841
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
518
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
302
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1236
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
621
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Екінші бөлімнен үміт көп

28 июл. 2016, 22:00 | 1758
«Астана» - «Селтик» ойыны тең аяқталды. Қос команда бір-бірден гол соқты. Енді жауапты ойыннан біз не күтеміз? Алғашқы ойыннан не ұқтық?

Алғашқы ойын Астанада өткені елордалық клубты амалсыз алғашқы қадам жасауға мәжбүрледі. Себебі, сырттағы матчқа дейін кішігірім басымдылық алып алғанымыз жөн еді. Осыны ойластырған Станимир Стойлов бізге нендей тосынсый жасайды екен деп күттік. Өйткені ойын алдында болгар бапкері азды-кем әңгіменің шетін шығарды. Тактика жайлы сөз тарта берді. Шынымен де «Селтикке» қарсы ойында біз кішкене өзгеше «Астананы» көрдік.

Жарақат алған Таңат Нөсербаевтың орнына Азат Нұрғалиев шықты. Бұл заңды құбылыс болатын. Себебі, Азат тың, әрі өткен жолғы кездесулерге шықпаған еді. Одан бөлек бізді таңқалдырғаны Абзал Бейсебековтың негізгі құрамда пайда болуы. Әшейінде ішкі чемпионаттың кейбір ойындарында ғана алаңға шығатын Абзал Чемпиондар лигасының кездесуіне негізгі құрамда шықты. Қорғаушы емес жартылай қорғаушы болып. Әрине, негізгі кәсібі қорғаныс болғандықтан, ол артқа қарай шегіншектеп жүрді. Оның оң қапталын ресейлік Шитов жабыңқырап жүрді. Яғни, Бейсебеков шабуылға араласқан сәтте Игорь Шитов оң қапталды жауып отырды. Енді мына жайға да назар салуымыз керек. Қарама-қарсы қапталда да осындай жағдайға ие болды. Бір иығы шабуылға тартып тұратын Дмитрий Шомко шабуылға араласқан кезде, Марин Аничич оның сол қапталын қол астына алды. Ал, ортада Юрий Логвиненко тапжылмай қызмет қылды.  

Бұл қорғаныс мәнерін мен өз басым Италия құрамасына ұқсаттым. Бардзальи-Бонуччи-Кьеллини (Аничич-Логвиненко-Шитов) бір тізбекте. Қос қапталда қорғанысқа икемі бар екі жартылай қорғаныстың адамы. Антонио Контенің осы бір мәнерін Станимир Стойлов көшірген секілді. Ортада әдеттегідей Рохер Каньяс пен Неманья Максимович. Бұл матчта тағы да Рохер Каньястың ойыны аса қатты ұнай қойған жоқ. Ештеңе бүлдірмесе де, аса қатты белсенділігімен де танылмады. Қайта Максимович шапшаң, әрі әбжілдеу көрінді. Енді қапталдағы Шомко мен Бейсебековке келер болсақ. Біз әрине Шомконың үнемі шабуылға араласып, қаптал арқылы айып алаңына айналдыра әдемі доп көтеретінін көріп үйреніп қалған адамдармыз. Сондықтан, матчтың алғашқы таймында Шаманы біз аса көп байқай бермедік. Ал, Абзал болса бірден көзге түсті. Қорғанысқа қайтуымен қоймай, оның шабуылға араласқан 3-4 сәті әдемі шықты. Айып алаңына асырған оның пасы голға айнала жаздады. Тек Джуниор Кабананга дәл пайдалана алмады. Екінші таймда да Бейсебековтың белсенділігі көзге ұрып-ақ тұрды. Тек соңғы минуттарға қарай қорғанысқа қайтуы қиындап бара жатқанын түсінген Стойлов оны Агим Ибраимиге алмастырды. Бұл біздің ойымызша өте дәл шешім болғандай.

Ал, енді команданың ең осал тұсына келіп тоқтасақ. Ол шабуылдың сәл төменгі бөлігі. Орталық аймақ. Таңат Нөсербаев ойнаған жерге шыққан Азаттың өнері алғашқы таймда өте ауыр болды. Команда ойынына кіріге алмады. Мұндай халықаралық матчтарға көп шықпаған футболшы екендігін түсіне отырып, біз кешіріммен қарауға тырыстық. Оның үстіне Нұрғалиев бойы кішкентай болғандықтан екі метрге жуықтау шотландтықтарға әуеде ешқандай тойтарыс бере алмады. Әуеде дейміз, жай алаң ортасындағы допқа таластың көбісін ол жеңіліп жатты. Нұрғалиевті даттағанымыз емес, тек бапкердің құлағына алтын сырға дегіміз келеді. Азаттың вингер болып, шабуылға қаптал арқылы қосылғаны дұрыс еді. Тура Твумаси жасаған дүниені ол да жасай алатынына біз кәміл сенеміз. Бірақ, осы ойында Стойлов көп эксперимент жасап кетті. Қорғаныс пен жартылай қорғаныстың қапталдарын қатырғанымен, ортаны дұрыс ойластыра алмаған секілді.

Екінші таймда бұл жерге Нұрғалиевті алмастырып Серікжан Мужиков шықты. Оның да ортада ойнауы қиын болды. Ақыры Италия қорғанысына ұқсаттық қой. Ортадағы ойынды да солай жасауға болар еді. Яғни, Пароло мен Джаккеринидің қасында жүрген Де Росси секілді бір футболшы керек еді. Бәлкім, Азатты да, Серікжанды да шығармай ортаға Джордже Деспотовичті шығару керек пе еді? Кейбір мамандар тіпті ортаға үшінші қылып жартылай қорғаушы Асхат Тағыбергенді шығаруға да болар еді дейді. Жозе Моуриньо секілді үш артқы жартылай қорғаушымен ойнаса, елордалықтар шабуылға шыға алмай қалу қаупі болар еді. Ол шабуылшы Кабананганың қасында өзін жақсы сезіне ме, жоқ па ол да күмәнді сұрақ. Осы орайда «Астанаға» ортада өткен жылы ойнаған Георгий Жуков секілді бір жартылай қорғаушы керектігін байқап отырмыз. Себебі, Серікжан да, Азат та бір типтегі футболшылар.

Шабуылға икемді тактикалық сызба-нұсқа жасап шыққан Стойловты біз әрине мақтауымыз керек. Себебі, қолда бар материалдан әдемі өрнек құра білді. Мысалы, Бейсебеков дәл осылайша командаға зор үлес қоса алатынын біз емес, тіпті Абзалдың өзі де ойламаған болар. Кезінде шабуылшы болған Бейсебековтың осы күнгі қорғаушылық қыры астасып жатты. Демек, бапкер ойыншы потенциалын аша білді деген сөз.

Дмитрий Шомконың бір қателігі жағдайды күрт нашарлатқаны рас. Дегенмен, «Астана» тағы бір экспериментке баруы мүмкін. Қарымта матчта шабуылды қолға алып, «Селтикке» тосынсый жасаса таңқалмаймыз. Себебі, алғашқы ойында елордалықтар сан құбыла алатынын көрсетті. Оның үстіне 1:1 нәтижесінен кейін «Астана» Шотландияда гол соғуды місе тұтады. Жалпы, осы орайда біз команданың чемпиондар лигасының үшінші іріктеу ойындарынан шығып қалған жағдайының өзінде еуромаусымды аяқтамайтынын айта кеткіміз келеді. Себебі, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеуінен өтпегендер Еуропа лигасының плей-офф сатысына түседі. Сондықтан, «Астананы» еуропа алаңдарында әлі кем дегенде үш матч күтіп тұр. Ал, біз сол үш матчтың тоғызға көбейгенін тілейміз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх