Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
853
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
528
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
306
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1245
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
629
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Командасын өрге сүйреп жүрген өрендер. II-бөлім

31 июл. 2016, 11:00 | 1904
Ел Премьер-лигасы екіге бөлінді. Алғашқы алтылық, соңғы алтылық сұрыпталып шықты. Маусымда мың құбылған «Ақтөбе», «Ордабасы» секілді командалар енді еурокубоктық орындарға таласып көреді. «Ертіс» пен «Оқжетпес», «Қайрат» пен «Астананың» аяғын шалуға кез келген сәтте дайын. Жалпы, чемпионатта командаларға жоғарғы орындардан көрінуге қай футболшылардың көмегі көптеп тиіп жүр? Бүгін бірінші алтылықтағы командаларға нәтиже қамтамасыз етіп жүрген футболшыларға тоқталатын боламыз.

«АҚТӨБЕ»

Жүзіп бара жатқан кеменің соңына жармасып үлгерген «Ақтөбенің» маусымдағы басты арманы орындалды. Облыс әкімінің өзі маусым алдында командаға бірінші алтылықтың қатарынан табылу міндеті жүктелгенін айтқан еді. Сөз беріп, сөзінен тайған команда директоры Дмитрий Васильевтің мойнынан бір ауыр жүк түскен шығар, шіркін. Соңғы турда, «сен тимесең, мен тимеймін» деп жүріп, «Ордабасымен» ұпай бөліскен «Ақтөбе», қосымша көрсеткіштер бойынша «Атырау» мен «Тобылдан» жоғары орналасты. Ойыны аталмыш қос ұжымнан нашар болса да, Юрий Уткульбаев командасын екінші кезеңде «Астана», «Қайрат» сынды алыптарға қарсы матчтарда көретін боламыз. «Ақтөбе» алғашқы алтылыққа ілінгендер арасында ең аз гол соққан және ең көп гол жіберген команда болып тұр. Қорғаныста Егор Азовскийден басқа бірде-бір тәжірибиелі футболшы жоқ. Орталық қорғаныстағы Куаджа мен Сорокиннің жастары 20-21-де. Қақпашы Самат Отарбаевтың көп қателікке бой алдыратыны баршамызға мәлім.

Маусым басында «Ақтөбеге» қайта оралған Самат Смаков командаға ұпай сыйлап жүрген. 17-ші турға дейін ойнаған Самат, бес гол тоғытып, бесеуінде де команда жеңілмеген. Маусым айының басында жарақат алған футболшының орнын жоқтатпайтын ешкім табылған жоқ. Капитан кеткелі Дидар Жалмұқан да көзге түсуден қалды. Дидар соңғы голдарын осыдан бір айдай бұрын «Ертіс» пен «Қайраттың» қақпасына соқса да, командаға ұпай алып келмеді. Негізі, команданың алғашқы алтылыққа ілігуіне ұжым Никита Бочаров, Алексей Щеткин және Лассина Даоға алғыс айтуы тиіс. Осы үш футболшы «Ақжайық», «Шахтёр», «Атырауға» қарсы ойындарда жеті ұпайды алып келген еді.

«ОРДАБАСЫ»

Шымкенттіктердің басына қара бұлт төніп тұр бүгінде. Жанкүйерлер бас бапкерге де, футболшыларға сенуден қалды. Бақтияр Байсеитов жігіттері матч сайын «Орталық» стадионға жиналған жанкүйерлерден сын естіп жүр. Ал, бас бапкер маусым қорытындысы бойынша команданы үштікке енгізем деп уәде берді. Сүреңсіз ойынмен алғашқы үштіктегі қай команданы аттан аударып тастары белгісіз. «Ордабасыны» Азат Нұрғалиев тастап кеткелі, шабуылдың мәні кетті. Қағаз бетінде Нұрғалиев команданың үздік сұрмергені деп әлі жазылып тұр. «Ордабасыда» ер мінезді көшбасшы футболшы табылмай тұр. Филип Касалица гол ғана соғып, шабуылда жарытпай жүр. Еуропа лигасында жер болған жігіттерге жігер беретін басқа бапкер керек секілді.

«ОҚЖЕТПЕС»

Владимир Муханов баптаған команда кестенің төртінші орнына жайғасқан. Егер, соңғы турда өз алаңында «Ертіске» есе жібермей, айласын асырып кеткенде, бірінші кезең қорытындысы бойынша үштіктен көрінер еді. Осы маусымда көкшеліктердің сәтті өнер көрсетуі - негізгі футболшыларын жоғалтпауы болса керек. Орталық қорғанысқа жауап беретін жұп Александр Чижов пен Даниил Чертов маусым басынан бері жұптасып өнер көрсетіп жүр. Орталық алаңды тас-қамал ұстайтын Виталий Волков пен Джозеф Нэйн жиырма бір ойыннан өткізіпті. Марат Хайруллин, Әлібек Бөлешев, Жасұлан Молдақараев секілді шабуылдағы ойынға шаң жұқтырмайтын футболшылар 21-22 ойынға қатысқан. Камерундық легионер Серж Бандо мойнында 18 матч. Осы төрт футболшы “Оқжетпестің” 24 голын тоғытқан екен.

«ЕРТІС»

Кестеде «Қайратпен» иық тірестіре келе жатқан «Ертіс» соңғы төрт матчтың үшеуінде жеңіліп, алматылықтарды бес ұпайға ұзатып алды. Гогита Гогуа «Ордабасының» намысын қорғауға аттанғалы орталық алаңда ойын жасайтын футболшы жоқ болып тұр. Бір ойында бар шеберлігін паш етіп, келесі ойында алаңда көрінбейтін чилилік азамат Игнасио Эррера да бапкердің сенімін ақтай алмай жүр. Былтыр ойқастаған Карлуш Фонсека осы маусымда бір рет қана қарсыластар қақпасын дәл көздепті. «Астанадан» ауысып келген Елдос Ахметов өз командасын тапқан секілді. Шабуыл мен қорғаныста қатар ойнай алатын Елдос жарақат алғалы, сол қанат ойсырап қалды. Жерар Гоу, Душан Савич сынды футболшылармен үздік сұрмерген атағына таласып жүрген Роман Муртазаев жарқын маусымдарының бірін өткізіп жатырғаны қуантады. Нағыз шабуылшыға торығып отырған Ұлттық құрамамыз үшін де бұл үлкен қуаныш. 22 жастағы Роман он екі гол соғып, үш нәтижелі пас берген екен.

«ҚАЙРАТ»

Еуропада ұзаққа бара алмаған «Қайраттың» маусымның қалған бөлігіндегі басты мақсаты - «Астанадан» алтынды тартып алу. Маусым басындағы алғашқы төрт ойынын сырт алаңда өткізген «Қайрат», Александр Бородюк баптаған сол төрт ойында төрт қана ұпайды алған еді. Соның салдарынан бүгін елордалықтардан жеті ұпай артта қалып отыр. “Қайрат” Премьер-лигадағы ең нәтижелі команда. Жиырма екі матчта елу гол соққан алматылықтардың статистикасы көздің жауын алады. Әрине, командада Андрей Аршавин, Бауыржан Исламхан, Жерар Гоу, Исаэль Барбоза сынды өз ісінің шеберлері бар кезде, осындай нәтижеге таң қалу да артықтық. Команданың отыз алты голы - осы азаматтардың еншісінде.

Орталық алаңда Михаил Бакаев – Анатолий Тимощук жазылмас жұп болса, командаға трансфер кезінде қосылған Гафуржан Сүйімбаев командаға сіңісіп үлгерді. Былтыр Владимир Вайсстың қол астында жасындай жарқылдаған Ермек Қуантаевтың ойыны көңіл көншітпей тұр. Футболшының еркін көсілуіне соңғы кездегі жарақаты да кедергі болды. Вайсс кеткелі ойынын жоғалтқан Ермек қана емес. Исламбек Қуат та негізгі құрамға іліге алмай жүр. Өткен маусымда Вайсс бағын ашқан Қуатты, Кахабер Цхададзе бапкер дұрыс қолдана алмай жүрген секілді.

«АСТАНА»

Ел чемпиондары Еуропада ел намысын қорғап жүрген жалғыз ұжым болып отыр. Бірнеше күн бұрын «Селтикті» састырып, бүкіл ойын бойы қарсыластан басым болса да, тиімді нәтижені қамтамасыз ете алмады. Десек те, еурододада өнер көрсету көп күш аларын сезінген Станимир Стойлов командасы ішкі біріншілікте «Қайраттан» айтарлықтай ұзап алды. Чемпионатта «Астана» көптеген ойындарда бар күшін сарп етпей, шеберліктің арқасында қарсыластардан жеңісті жұлып алған матчтары көп болды. Оған дәлел, «Астана» осы маусымда сегіз рет 1:0 есебімен жеңіске жетіпті. Соның бесеуінде қарсылас қақпасына жетпісінші минуттан кейін жеңісті голды тоғытқан. Бұны бапкерлер мүмкіндіктерді пайдаланудағы футболшылардың жомарттығымен жуып-шаюға тырысса да, маусым басынан бастап шабуылшыдан бір табан артта ойнайтын плеймейкердің жоқтығымен де байланыстыруға болады. Былтыр, яғни Фокси Кетевоама бар кезде, бірінші кезеңнің аяғында «Астана» қырық гол соғып үлгерген еді. Алайда, Азат Нұрғалиев келісімен команданың нәтижесі өзгереді деген үміт бар.

«Астана» сапында Неманья Максимовичтің ойынына мін тағу қиын. Жастар арасындағы әлем чемпионына «қарт құрлықтағы» гранд демесек те, үлкен клубтардың көз тігіп отырғаны бекер емес қой. Орталық алаңдағы әріптесі Рохер Каньяс секілді көзге көрінетін қателіктерге бой алдыра бермейді. Маусымда үш гол соқса, үшеуі де командаға жеңіс алып келген. «Қайратқа» қарсы Астанада болған матчтағы жалғыз, әрі жеңісті голдың авторы да осы Максимович.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх