Главное Маңызды
22 нояб. 2024, 16:42
451
Решением Судейско-экспертной комиссии арбитры матча десятого тура Чемпионата Казахстана по футзалу АФК «Кайрат» – «Атырау» (1:0) отстранены на два месяца, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт АФК.
22 нояб. 2024, 15:48
337
Во время турнира по футболу среди школ города Рудного арбитр поднял на ребенка руку за русский мат, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «HALYQSTAN».
21 нояб. 2024, 20:40
510
Депутат Мажилиса Павел Казанцев оправдал наставника сборной Казахстана Станислава Черчесова после провала в Лиге Наций и эмоционально обратился к болельщикам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Sportnews.kz»:
21 нояб. 2024, 17:17
547
Спортивный директор «Астаны» Игорь Павлюк рассказал о подготовке столичных к финальному матчу Кубка Лиги против «Жениса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL.
21 нояб. 2024, 11:13
2338
Аким Кызылординской области Нурлыбек Налибаев высказал свое мнение по поводу финансирования «Кайсара», сообщает корреспондент KazFootball.kz:

Бар былық бапкерде емес...

24 дек. 2015, 17:50 | 2254
“Еуро-2016” чемпионатының іріктеу кезеңдері аяқталып, құрамалар соңғы жолдамаларды сарапқа салды. Солардың ішінде чемпионатқа көптен бері шықпаған командалар да шықты. 1972-жылдан бері араға 44 жыл салып Еурододаға Венгрия оралды. Ең қызығы мажарларды плей-офф ойындарының ауыртпалығынан алып шыққан бапкер-Бернд Шторк. Иә, бұл кісі барлығымызға етене таныс тұлға.

Шторктың жаңашылығы

2008-жылы жап-жақсы құрама тізгінін ұстап жүрген Арно Пайперс қызметінен кетті. Араға бір ай салып, басшылар неміс маманы Бернд Шторкты таныстырды. Келе салып бундес маман жастарға көңіл артатынын білдіртті. Қазақстан құрамасымен жақын арада іріктеу турнирінен финалдық кезеңге шыға алмасын анық аңғарған ол, реалисттік көзқарастағы адам екендігін ұқтырды. Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев секілді жастарды бірден құрама сапына алып, таланттарға тәжірибие беруге кірісті.  Сол жастар үш-төрт жылда жемісін береді деп күтті. Бірақ, ол кезге дейін Шторк қызметінде қала алмады.

Бернд бапкер құрама тізгінін ұстаған кезде баспасөз мәслихаттары да өте қызықты өтетін. Ол өзінің тактикалық ұстанымын ашық айтып, алдағы аптада немен айналысатынына дейін жеткізетін. Бірақ, көптеген журналистерге бұл жағы да ұнамады. Тіпті, құраманың бір жиынында ол футболшылардан тест алды. 100 метрге жүгіртіп, бір жаттығуды он рет жасатып, әбден физикамен жұмыс жасады. Құлақтан қан алып, анализ жинады. Бұл бір кешенді ғылыми-лабораториялық жұмыс болатын. Мұның өзі де сын санағының ұшына ілінді.

Бірде, алматының орталық стадионының алдында бірнеше журналист Шторкпен амандасып, хал-жағдай сұрасып тұрған шақта Жамбыл Көкеев БМВ-ның қарасын шиқылдатып, тұрып тоқтай қалды. Сонда Шторк: "Мына, жігіт талант. Бірақ, Англияға гол ұрғаннан кейін оны сіздер жұлдыз қылып жібердіңіздер. Астындағы автокөлігін қараңыздар. Ол өмірінде үлкен жетістікке жеткен адам. Оны алға жетелейтін стимул азайды" - деп, қойып қалғаны бар еді. Жай күле қарап, қалжыңдап айтқанымен де, шынымен де содан кейін сол сөздің астарына еріксіз үңілесің.

«Спартактың» жүйесі

Осы арада мәскеулік «Спартак» туралы бір ауыз сөз қозғай кетсем. 2008 жылы күзде Ресей футболы флагманының тізгінін ұстап даниялық бапкер Микаэль Лаудруп келді. Кезінде мықты футболшы болған. Бапкерлігі де жаман емес еді. Бірақ мәскеуде қолы жүрмеді. Ресейлік журналистер оның жүнін түтіп, жеп тастады. Араға бір жыл салып ол ағылшын премьер-лигасындағы «Суонси» командасын жаттықтырды. «Аққуларды» алға сүйреген Лаудруп күллі Ұлыбританияны таң қалдырды. Осы кезде орыстар ойланды.

Ал одан дейін, Лаудруптың орнына Валерий Карпин келді. Ресейлік маман ішкі жағдайды жақсы біле тұрғанның өзінде көпке шыдас бермей, Испанияға кетіп қалды. Одан кейін, испаниялық Унаи Эмери келді. Еуропада кішкене аты танылып қалған маман «Спартакты» өрге сүйрейді деп күтті. Бірақ, көпшілік үміті ақталмады. Эмери Ресей астанасында небәрі бес ай жұмыс жасады. Осы күні сол Эмери «Севильямен» не істеп жүр. «Реал» мен «Барсаны» жеңіп, “Атлетико” мадридпен терезі тең өнер көрсетіп жүр. Оның барлығын қоя беріңіз, Эмери «Севильямен» Еуропа лигасын да жеңді емес пе? Ал, «Спартакқа» Унаи ұнамай қалғаннан соң швейцариялық Мұрат Якин келді. Мұратта Мәскеуде мұратына жете алмай кетті. «Спартактың» бұрыннан келе жатқан басшылары, қызметкерлер штабы бір жүйемен жұмыс жасағанды ұнатады. Оны түсінетін адам болмаса қиын. Тек ресейлік мамандар немесе кезінде «Спартак» сапында доп тепкендер ғана мәскеулік клубпен кішкене бір нәтижеге жетуде. 

Венгрия артқан сенім ақталды

Бернд Шторк “Еуро-2012”-нің алғашқы  төрт кездесуін жеңілгеннен кейін орнынан кетті. Шапан жауып, әдет бойынша Алматыдан аттандырып салдық. Болашақтың командасын жасақтаған Берндке ұзақ уақыт беріп, қарап отыратын мүмкіндік болмады. Одан кейін араға бірнеше жыл салып Венгрияның 20-жасқа дейінгі жастар құрамасын жаттықтырған ол жақсы жұмысының арқасында ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Шторк келгелі команда іріктеу кезеңінде бес ойын өткізді. Тек соңғысында ғана сырттағы матчта Венгрия Грекияға 4-3 есебімен жол берді. Исламбек Қуаттың голынан кейін Түркия құрамасы 3-орын алғандардың ішінде үздік болып, Еуроға тікелей кетті. Егер сол кезде, Түркия тікелей жолдаманы ала алмағанда, онда оның орнын Венгрия басатын еді. Десе де, плей-офф кезеңінде Норвегияны сыртта да, өз алаңында да жеңген Шторктың командасы келер жылы Франциядағы құрлықтық додаға қатысатын болды. Қазақстанмен іріктеуде алтыншы орыннан көтеріле алмаған бапкер, артынша өзге командамен финалдық кезеңге шықты. Бұл әрине, қазақстандық футболдың өзінде кінәрат бар екендігін білдіреді. Бар бәле бапкерде емес, жүйеде шығар бәлкім? Тура осы мақалаға ұқсас ойды өткенде ғана болгариялық журналистер жазды. Станимир Стойловты кезінде Болгарияда да бағасын білмеген екен.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Суреттер Қазакстан және Ресей сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх