Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
832
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
507
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
299
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1229
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
616
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Топтық кезең тосып тұр

19 авг. 2016, 17:40 | 1839
Чемпиондар лигасында жолы болмай, Еуропа лигасына бақ сынауға аттанған «Астана» өз алаңында белоруссияның БАТЭ клубын жеңіп, топтық кезеңге бір табан жақындады. Жауапсыз қос доп соққан Станимир Стойлов шәкірттері қарымта ойын алдында айтарлықтай басымдылық жасап алды.

Глазгодағы «Селтикке»» қарсы қарымта матчта қос ойыншысын жоғалтқан Стойлов әдеттегідей бес қорғаушымен емес, төрт қорғаушымен ойнауға мәжбүр болды. Қақпаны әдеттегіше Ненад Эрич күзетті. Дмитрий Шомконың орнын Юрий Логвиненко басса, орталық қорғанысты бекем ұстау Марин Аничич пен Сергей Малыйға тапсырылды. Оң қаптал Абзал Бейсебековтың иелегінде болды. Селтикке қарсы соңғы ойынды ойнай алмаған Неманья Максимович Рохер Каньяспен орталық алаңда жұп құраса, шабуылдың сол қапталдында Патрик Твумаси, ортада Серікжан Мужиков, оң қапталда Агим Ибраими өнер көрсетті. Шабуыл өтінде Джуниор Кабананга.

«Астана» алғашқы минуттардан-ақ қонақтар қақпасын торуылдауға көшті. Әрине, бұл үйреншікті болып кетті. «Жальгириске» қарсы да, «Селтикке» қарсы матчта да елордалықтар бірден шабуылдауға аттанған еді. Әсіресе, Твумаси белсенділік танытты. Ганалық желаяқ ортаға ойысып та, өз қапталынан да қорғаушылардың мазасын жиі алып тұрды. Алыстан соққы бағыттап көрді. Қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Айып алаңға кіріп, бір қорғаушыны алдап, Веремко қорғаған қақпаға допты бағыттағанымен, футбол снаряды торға қақпаның сыртынан тиді. Алайда, алаң иелері қанша тырысса да бірінші таймда есепті аша алған жоқ. Ойында басым болды, бірақ, таблодаға есепте емес. Ал, қонақтардың шабуылы жүре қойған жоқ. Оның үстіне тайм ортасында қатардағы ең жарқын жұлдызы Александр Глебті жоғалтып, алдыңғы шеп қолдаусыз қалды. Допты ұстап, қорғаушыларға тыным беретін футболшы болған жоқ.

Матчтың екінші бөлігінің басы да «Астананың» белсенділігімен басталды. Дегенмен, астаналықтар айтарлықтай мүмкіндіктер тудыра алмады. Қонақтар сауатты қорғанып, алаң иелерін өз айып алаңына жақындатпады. Тек, Стойловтың ойыншы алмастыруы ғана «Астананың» шабуыл шебіне дем берді десек болады. Кезекті рет сәтсіз матч өткізген Агим Ибраимдің орнына шыққан Азат Нұрғалиев елордалықтардың есеп ашуына айтарлықтай үлес қосты. Допқа таласқан БАТЭ қорғаушысы Нұрғалиевтың қысымының нәтижесінде Кабанангаға пас беріп алды. Ал, африкалық шабуылшы қақпашымен жеке-дара шығып матчтағы алғашқы голды соқты. БАТЭ футболшылары жауапты допты соғамыз деп жүріп, матчқа нүкте қойған қарымта шабуылды жіберіп алды. Кабананга өз айып алаңы маңынан Твумасиге пас асырған болатын. Алайда, қақпашы дер кезінде шығып, ганалық футболшының алдын орап кеткенімен, керек жерден Нұрғалиев шыға келді. Отыз метрдей жерден бос қалған қақпаны дәл көздеп «Астананың» жеңісіне нүкте қойды.

Астана алғашқы ойында оңай жеңіске жетті десек артық емес. Бұны БАТЭ-ның осалдығымен байланыстыруға да болатын шығар. Ішкі біріншілікте қарсылық көрмей жүрген ұжым, жазғы трансфер кезінде қатарға бірде-бір мықты футболшы қосқан жоқ. Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде осал қарсыластан айла асыра алмады. Ішкі біріншілікте бәсекелестіктің жоқтығы Еуропа алаңындарында да командаға кері әсерін тигізіп отыр. "Астанаға" мүлде қарсылық көрсете алмады. Бастысы, "Астана" өз алаңында екі гол соғып, қақпаны құрғақ сақтап қалды. Қарсыластан айқын басым болды. Борисовтағы ойында Стойлов командасын жеңіс, тең нәтижемен қатар минимальды жеңіліс те топтық кезеңге алып шығады. Былтыр Чемпиондар лигасында дүркіреген елордалықтар, биыл Еуропа лигасында ұзақ шабады деген үміт бар.

«Астана» - БАТЭ - 2:0 (0:0)

Голдар: Кабананга 70, Нұрғалиев 81.

«Астана»: Эрич, Аничич, Логвиненко, Бейсебеков, Малый, Мужиков, Максимович, Твумаси (Тағыберген 89), Каньяс, Ибраими (Нұрғалиев 64), Кабананга (Деспотович 83).

Бас бапкер: Станимир Стойлов.

БАТЭ: Веремко, Жавнерчик, Поляков, Гайдучик, Риос, Карницкий (Сигневич 80), Кендыш, Глеб (Иванич 39), Гвилия (Яблонский 46), Гордейчук, Родионов.

Бас бапкер: Александр Ермакович.

Ескертулер: Бейсебеков 47, Аничич 78, Кендыш 79, Тагыберген 90, Нургалиев 90+6.

Төреші: Себастьен Дельферье.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх