Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
815
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
483
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
287
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1208
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
603
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Қайрат" алтыннан алшақтап барады

28 авг. 2016, 17:30 | 1689
Ел Премьер-лигасының кезекті туры «Астананың» қатысуынсыз өткен болатын. Елордалық ұжымның «Оқжетпеске» қарсы ойыны Еуропа лигасына байланысты кейінге шегерілген еді. Ал, «Астананың» ізін ала орналасқан қос команда бұл турда жеңілді. Алматылық «Қайрат» осы маусымда екінші рет Шымкенттен бос қайтты. «Ақтөбе» болса «Ертісті» тізе бүктіріп, соңғы төрт турдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Ал, екінші алтылықтың соңында орналасқан «Ақжайық» қатарынан үшінші мәрте жеңіс тойын тойлап отыр.

“Ордабасы” - “Қайрат” - 2:1

Голдар: Александр Гейнрих 47, Отар Марцваладзе 64 - Исламбек Қуат 55

Бақтияр Байсеитов баптайтын «Ордабасы» «Қайратқа» қарсы матчтарда жан алып, жан берісіп ойнайтыны бесенеден белгілі. Осы маусымда Премьер-лигада «Қайратқа» жеңілмеген жалғыз ұжым болса, ол осы «Ордабасы». Бірінші кезеңде Шымкентте болған кездесуде минимальды жеңген «Қайратты», екінші кезеңде де тізе бүктіріп отыр. Алғашқы таймдағы бірнеше шабуылдарынан нәтиже шығара алмаған Кахабер Цхададзе командасы екінші таймда опық жеді. Ойынның бірінші бөлігінде Алмат Бекбаевтың ерлігінің арқасында ғана таблодағы тең нәтижені сақтап қалған алаң қожайындары екінші таймның басында күтпеген жерден есеп ашып кетті. Бұрыштамадан кейін қарсылас айып алаңында қырағылық танытқан Александр Гейнрих соққысының алдында Владимир Плотников шарасыздық танытты. «Қайрат» он минуттан кейін ғана жауап қатты. Талғат Адырбековтың қателігін пайдаланып кеткен Исламбек Қуат таразы басын теңестірген еді. Осыдан кейін Байсеитов жігіттері шабуылда белсенді ойнап кетті. Бір сәтте Плотников қақпаны таза голдан аман алып қалды. Алайда, Отар Марцваладзенің отыз метрдей жерден бағыттаған жойқын соққысы торда тулап, матч тағдырын шешіп кетті. Алаңға шыққан Херсон Асеведо да, Гаэль Тавамба да «Қайратты» жеңілістен құтқара алмады. «Қайрат» маусымда екінші рет Шымкентте жеңіліп, кестедегі жағдайын айтарлықтай қиындатып алды. «Астанамен» арасы жеті ұпай болғанымен, елордалықтарда бір ойын бар. Келесі турда алматылықтар "Астанаға" қонаққа бармақ. Команда үшін сол матч шешуші болып тұр. Ал, «Ордабасы» үшін Бахтияр мырза уәде берген үшінші орынның ауылы да алыс емес.

“Ақжайық” - “Тараз” - 2-0

Голдар: Константин Дудченко 55, Мирослав Лечич 80

«Ақжайыққа» Вахид Масудов келгелі команда адам танымастай өзгерді. Үшінші матч қатарынан жеңіске жетіп отыр. Үшінші матч қатарынан Денис Төлебаев қақпасына доп дарытпай жүр. «Таразға» қарсы кездесудің бірінші таймы тең дәрежеде өткенімен, ойынның екінші жартысында оралдықтар алаңда үстемдік жүргізді. 55-ші минутта Әбдірахмановтың пасынан кейін украиналық легионер Дудченко есепті ашса, араға жиырма бес минут салып Лечич қорытынды есепті тіркеді. Айта кету керек, бұл гол серб шабуылшысының соңғы үш ойындағы екінші нәтижелі соққысы. «Ақжайықтың» соңғы кездегі нәтижелерінен, ең алдымен, осы «Тараз» сескенуі тиіс. Бірінші кезеңнен кейін екі команда арасын сегіз ұпай бөліп тұрса, ол бүгін бар-жоғы екеу ғана. Оралдықтар келесі матчта да жеңіске жетсе «Таразды» жертөледе көруіміз бек мүмкін.

“Атырау” - “Жетісу” - 3:3

Голдар: Владимир Аржанов 12, 73, Пшемыслав Трытко 52 - Деян Джерманович 64, Марко Джалович 89, Нарек Бегларян 90

«Атырау» мен «Жетісу» турдағы ең тартысты матчты сыйлады. Бірінші тайм аяқталған кезде ойынның соңында 3:3 есебі тіркеледі деп ешкім ойламаған шығар. Алғашқы қырық бес минуттықта қауіпті сәттер де аз болды. Ойынның жылдамдығы да баяу болды. Бірақ, екінші таймда қос команда бес доп соқты. «Жетісудің» ерлігін айта кеткен жөн. Екі доп айырмасымен ұтылып жатқан ұжым негізгі уақыттың соңғы екі минутында есепті теңестіріп кетті. Қақпа маңдайшасы болмағанда жеңісті де жұлып алатын еді. Бір ұпайды қанағат тұтқан қос ұжым екінші алтылықтың дәл ортасына жайғасып тұр.

“Тобыл” - “Шахтер” - 2:0

Голдар: Сергей Хижниченко 60, 72

«Кеншілер» Алексей Ерёменконың қол астында екінші рет жеңілді. Екінші алтылықта көш бастап тұрған командаға қонаққа барған қарағандылықтар үшін екінші тайм сәтсіз болды. «Тобылдың» үздік шабуылшысы Сергей Хижнеченко он екі минуттың ішінде атына дубль жазып, қостанайлықтардың екінші кезеңдегі алғашқы жеңісіне өз септігін тигізді. Осы жеңістен кейін Омари Тетрадзе командасы «Атыраудан» екі ұпайға озып кетсе, «Шахтер» оныншы орынды қанағат тұтып тұр.

“Ақтөбе” - “Ертіс” - 1:0

Гол: Бочаров, 62

«Ертістің» басынан бақ тайды. Чемпионаттағы қайсар команданың біріне бүгінгі таңда не болғаны түсініксіз. Сол бапкер, сол футболшылар. Дәл бұлай жалғасса керекуліктер кезекті рет еурокубоктен тыс қалар қаупі бар. Өткен турда өз алаңында «Оқжетпеске» есе жібергеннен кейін, намысқа тырысып, алғашқы алтылықтағы аутсайдердің адымын аштырмайды деп топшылаған «Ертіс» жанкүйерлері. Бірақ, «Ақтөбеден» де жергілікті жанкүйерлер көп үміт күтіп отырған еді. «13 сектор» аталып кеткен Қазақстандағы ең атақты жанкүйерлер тобының құрылғанына он жыл толған-тұғын. Айтулы мерекеде алаң иелері міндетті түрде қарсыласты тізе бүктіруі керек еді. Матч барысында «Ақтөбе» футболшыларында жеңіске деген құштарлық жоғары болды. Шабуылда шапшаң қимылдап, қорғаныста Эррера, Фонсека сынды тәжірибиелі футболшылардың адымын аштырмады. Ал, алпыс екінші минутта соңғы кездері өте сапалы ойын өрнегін көрсетіп жүрген Никита Бочаров жеңісті голдың авторы атанды. «Ақтөбе» екінші кезеңдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізгенімен, кестедегі жағдайы өзгере қойған жоқ. «Ордабасыдан» әлі де болса бес ұпай қалып барады.

 Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх