Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1058
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
725
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
382
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1389
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
711
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Дағдарыстан даңғыл жолға қалай шығамыз?

08 февр. 2016, 08:00 | 1864
Қазақстан кең байтақ ел. Еліміздің географиясы өте бай, аумағы әжептеуір созылып жатқан алып мемлекет. Әлемде жер аумағы бойынша біз тоғызыншы орындамыз. Бұл әрине, әрқашан да біздің мақтанышымыз болып келді. Солай бола да береді. Ата-бабамыз қорғап қалған қасиетті жерімізде осы күні түрлі чемпионаттар ұйымдастырып, футболдан әртүрлі деңгейдегі додаларды өткізудеміз. Осы аралықта географиялық ерекшелігіміздің футбол ойынына тигізіп тұрған зиянын қарастырып өтсек. Оның үстіне біршама ұсыныс та болып тұр.  

Ел футболындағы жоғарғы деңгей ол – премьер-лига. 12 командасы бар ел футболының жоғарғы эшелоны өз тартысын екіге жарылып, бір жыл жүре өткізіп жатады. Оған осы күні етіміз үйренді. Әржылдар бойы оны алай да бұлай өзгерттік. Миымызға неше түрлі комбинациялар келді. Барлығын жасап келдік. Сөз жоқ, ешкім оған талас жүргізе қоймас. Биыл тағы да өзгеріске ұшырады. Екінші айналым алдында ұпайлар екіге жарылмайтын болды. Оған да шүкір, әрине. Бірақ, осы кезде премьер-лигаға шынымен де ет үйренді. Былай қарағанда барлығы тамаша болып көрінеді.

Мәселені бірінші және екінші лигадан іздесек деп отырмыз. Әлемдік дағдарыстың осындай қиын-қыстау кезеңінде ел футболы да кішкене осындай жағдайларға икемделсе екен дегіміз келеді. Алдымен, өзі аз қаржыны үнемдеу жайлы айтпақпын. Өздеріңіз білетіндей бірінші лига клубтары бұл соншалықты “Астана”, “Қайрат” секілді миллиондаған қаржы жұмсап отырған бай командалар емес. Бірінші лигада ақша аз. Сол ақша аз болған соң да ол команда бірінші лигада жүр деп ойлағандарыңыз да дұрыс. Енді бұл жағдайда командалар қаржыны қалай үнемдеуі керек, әрі бірінші лига қайтсе қызығырақ болып, жанкүйер тарта алады? - деген сауалға тоқталсақ.

Мысалы, “Алтай” деген Өскеменнің командасында өнер көрсететін жас ойыншының жағдайына үңіліп көрейікші. “Алтай” сырт алаңда “Каспий” деген Ақтау қаласының командасымен ойнауы тиіс. Осы екі қаланың ортасында қанша еуропалық мемлекет сыйып кетерін Сіздер білсеңіздер ғой шіркін! Мақұл делік, жай ғана “Лашын” деген Қаратау қаласының командасы Ақтауға сырт ойынға шықты. Бірінші лиганың командалары негізінен сырттағы ойындарға поезд немесе автобуспен барады. Сол “Лашынның” екінші құрамда отыратын жас ойыншысы бар делік. Ол болашағынан зор үміт күттіретін футболшы. Бірақ, әзірге негізгі құрамға шығатындай жағдайда емес. Жамбылдан шыққан поезд 3 күннен кейін Ақтауға жетеді. Команда сол күні қонақ үйге барып орналасады. Бір жаттығу жасаса жасады, жасамаса ертеңіне ойын алдында ғана дене қыздырады. Болды. Ойын өтеді. Әлгі жас ойыншы алаңға шыға алмады. Қайтадан сол күні түнде команда поезға мініп, Таразға оралады. Сонда барлығы-7 күн, яғни 1 апта. Осыншама уақыт әлгі жас ойыншыда ойын тәжірибиесінен бөлек, тіпті дені-сау жаттығу жұмыстары да болмағаны түсінікті.

Петропавлдың “Қызылжар” командасы “Мақтааралға” баруы да өте қиын шаруа. Еуропалық командалар еурокубоктық ойындар кезінде біздің елге жеті сағат ұшақпен ұшып келгендігін жыр қылып айтып, соны жеңілістерінің негізгі айыбына теңейді. Оған кеткен үлкен қаржыны есептегенде, әрине Қазақстанды көбісі жек көріп кететіні анық. Сонда шығатын түйін. Географиялық ерекшелігімізді дұрыс бағамдап, дағдарыс жағдайында тағы бір жаңаша нұсқасын жасауымыз керек. Қаржылық қиын жағдайда командаларға салмақ салу мен ойыншылардың ойын тәжірибиесінің жағдайын қарастырғанымыз жөн. Біз әрине де барлығын осылай қалдыра салатындай аумағы кішкентай Франция немесе Германия емеспіз. Біз олардан он шақты есе үлкен территорияда жатырмыз. Неге, біз осы жағдайды қарапайым тұрғыда ойлай алмаймыз?!

Былтыры бірінші лигада 13 команда ойнады. Оны қаншалықты бөліп ұқшатасыз деуіңіз мүмкін. Бірақ, оларға әлгі біз айтып отырған екінші лиганы қосу керек. Бірінші және екінші лига командалары қосылып, үш аймаққа бөлінеді. Мысалы:

“Батыс” конференциясы: “Каспий”, “Қайсар”, “Байқоңыр”, “Атырау-дубль”, “Ақжайық-дубль”, “Ақтөбе-дубль”, “Тобыл-дубль”.

“Оңтүстік” конференциясы: “Қыран”, “Мақтаарал”, “Лашын”, “ЦСКА”,  “Тараз-дубль”, “Ордабасы-дубль”, “Қайрат-дубль”, “Жетісу-дубль”.

Солтүстік конференциясы: “Алтай”, “Екібастұз”, “Бәйтерек”, “Қызылжар”, “Болат АМТ”, “Астана-дубль”, “Ертіс-дубль”, “Оқжетпес-дубль”, “Шахтер-дубль”.

Егер осылай, аймақтарға бөлінетін болса, онда көптеген қаржысы жетпей жүрген командаларға көмек болуы ықтимал. Командалар саны артып, бірінші лига қыза түседі. Әр конференцияның командалары екі айналымда бір-бірімен кездесіп шыққан соң, үздік екі орын алғандары арасында плей-офф сатысын өткізуге болады. Жалпы, бұл жерде ұтатынымыз қашықтық пен уақыт, әрі қаржылық мәселе.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осы бір мәселені құлаққа асып көрсе. Түбі болашақта бұл дүниеге келетініміз анық. Командалар саны көбейіп, аймақтарда аладоп айқастары қызған кезде, ел футболы да алға аяқ басары анық.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх