Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
799
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
463
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
275
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1181
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
593
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Құрбан боп шалынғандар...

13 сент. 2016, 17:10 | 1563
26-шы тур ойындарында өткен 6 ойында 20 гол соғылды. Демек, осы турымыз өте нәтижелі өтті деген сөз.

26-тур. 10-қыркүйек.

«Астана» – «Қайрат» - 1:4 (0:1)

Голдар: Герсон Асеведо 5 (0:1), Бауыржан Исламхан 62 (0:2), Жерар Гоу 68 (0:3), Джордже Деспотович 71 (1:3), Андрей Аршавин 76 (1:4)

Қазақстан чемпионатында ең көп гол соққан «Қайрат» бұл матчта да шабуыл шебімен мақтанып қалды. Осы ойыннан кейін олардың биылғы маусымда соққан голдар саны 61-ге жетті. Кездесу бастала салысымен алға шыққан алматылықтар, жеңіске сенімді қадам жасады. Бауыржан Исламхан берген пасты қақпаға чилилік Герсон Асеведо дәл бағыттады. Ал, ойынның 62-шы минутында Бауыржанның өзі гол соқты. Бұл жерде оған пасты сол Асеведо бергенін айта кетуіміз керек. 68-ші минутта есеп тіпті күрделеніп, 0:3-ке жетті. Бұл жерде жылдам ұйымдастырылған қарымта шабуыл кезінде төрт бірдей алматылық ойыншы Шитов пен Шомкоға қарсы келді. Бауыржан Исламхан тағы бір тамаша пас шығарып, Жерар Гоу чемпионаттағы 17-ші голын соқты. Бұрынғы «Қайраттың» шабуылшысы Джордже Деспотович бір гол салып, елордалықтардың көңілін аулады. Ал алаңға алмасып кірген Андрей Аршавин ойынның нүктесін қойды. Жақында ғана үйлену тойын өткізіп келген Андрей тағы сол Исламханның пасынан кейін Эрич қақпасын дәл көздеген болатын. Матчта 1 гол және 3 пас жасаған Бауыржан Исламхан кездесудің үздік ойыншысы атанды.

«Ақжайық» – «Тобыл» - 1:0 (0:0)

Гол: Мирослав Лечич 51

Турнирлік кестенің түбіндегі «Ақжайық» Оралда «Тобылды» қабылдады. Екінші айналым басталған сәтте легионерлер алып күшейген «Ақжайық» өз алаңында жақсы ойнайтын болып жүр. Жалпы, осы матч алдында біз шамамен фаворит алаң иелері екендігін айтқан болатынбыз. Себебі, «Ақжайыққа» қазір артқа шегінерге жол жоқ. Бұл ойынға дейін батысқазақстандықтар өз алаңдарындағы екі ойында жеңіске жеткен еді. Кездесудің 51-ші минутында Мирослав Лечич айып добынан гол соғып, үшінші жеңісті тіркеді. Ал, жалпы оралдықтар төрт ойын қатарынан жеңіске жетіп отыр. Өткен жолы дәл осы «Тобылдан» 0:5 есебімен жеңілген «Ақжайық» футболшылары намысқа тырысып кеткен есені қайтарды. Сербиялық Лечич команда сапындағы төртінші голын соқты. Командада өте маңызды голдарды салып жүрген бұл легионер келесі маусымда да қазақстан чемпионатында өнер көрсеткісі келетін секілді.  

«Тараз» – «Жетісу» - 3:2 (2:2)

Голдар: Малик Мане 2 (1:0), Малик Мане (пенальти) 16 (2:0), Вадим Боровский 28 (2:1), Тоқтар Жаңғылышбай 43 (2:2), Малик Мане 48 (3:2)

Сол «Ақжайықтың» алдын орап тұрған «Тараз» әр ойында ұпай алмаса, оралдықтар өкше басып, еркін жүріп-тұруға мұрша бермеуде. Әулиеаталықтар өздеріне керекті үш ұпайға қол жеткізгенімен, жанкүйерлердің жүйкесімен әбден ойнады. Жалпы, матч көрген көзге көрікті өтті. Бес бірдей соғылған гол бір-бірінен өтетін әдемі болды. Алаң иелері 16-шы минутта «қара маржан» Маликк Маненің арқасында 2:0 есебімен ұтып жатты. Одан кейін кішкене босаңсып кеткен аяқдопшылар бапкер Юрий Максимовтың қаһарына ұшырады. Себебі, қорғаныстың қателігінен екі доп жіберіп алды. Алғашқы таймда, төрт гол көрген жанкүйерлер тартысты ойынды бір сәтке ұмыта тұрып, «Тараздың» жеңісін тілеп тұрды. Ортадағы үзілісте демалатын бөлмеде Максимов өте қатал түрде футболшыларға сөгіс айтыпты. Соның арқасы болар, екінші тайм бастала салысымен Мане алыстан шірене тартып, үшінші голды соқты. Бұл гол жеңісті гол болып, «Таразды» 11-ші орында сақтап қалды.

«Шахтер» – «Атырау» - 3:0 (2:0)

Голдар: Зошак 15, Скорых 38, Тәттібаев 59

Қарағандылық «Шахтер» өз алаңында үш гол соғып, биылғы маусымдағы өзінің ең үздік ойынын өткізді десек болады. Осыған дейін қарағандылықтар тек бір матчта ғана үш гол соққан еді. Ал, бұл ойында соғылған үш голдан кейін «кеншілердің бүкіл біріншілікте соққан голдар саны 14-ке жетті. Бұл премьер-лигадағы ең төмен көрсеткіш.  

«Ертіс» – «Ордабасы» - 1:2 (0:2)

Голдар: Александр Гейнрих (пенальти) 41 (0:1), Александр Гейнрих 45+3 (0:2), Роман Мұртазаев 70 (1:2)

Димитар Димитровтың айтуынша бұл ойында «Ертіс» «Ордабасыдан» басым болыпты. Таблодағы есеп, алаңдағы ойынның нақты дәл көрінісі емес дейді. Иә, кейде футболда ондай да болып тұрады. Команда өз алаңында 90 минут шабуылдап, екі қарымта шабуылдан екі гол жіберіп алуы мүмкін. Мына матч соның сипаттамасына сайып тұр.

«Оқжетпес» - «Ақтөбе» - 0:3 (0:1)

Голдар: Никита Бочаров 14, Алексей Щеткин 49, 90+5.

Бұл ойын Көкшетауда өтуі тиіс болатын. Алайда, тоқтамай жауған жаңбырдың кесірінен ойын «Астана-Арена» стадионына көшірілді. Қасиетті Құрбан айт мерекесі күні ойналған кездесуде көкшетаулықтар сол табиғи жағдайдың құрбаны болды десек артық емес. «Оқжетпес» Көкшетауда ойнағанда бұлайша жеңілмес еді деген әңгіме ғой түбі айтқымыз келгені. «Ақтөбе» «Астана-Аренада» өте көп ойнап жүрген, жасанды жасыл алаңды ұнататын команда. Ал, ойында көзге түскен екі ойыншы болса, соның бірі Щеткин. Алып денелі шабуылшы осы ойында екі голдың авторы атанды. Ол «Ақтөбе» үшін өткізген 8 ойында 6 доп соғып үлгерді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх