Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
801
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
468
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
277
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1190
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
594
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Тең есеп тіркелмеген тур

20 сент. 2016, 09:10 | 1504
Ел чемпионатының 27-ші туры өз мәресіне жетіп, турнир кестесінде біршама өзгерістер орын алды. Екі айдан астам уақыт соңғы сатыны «меншіктеп» алған «Ақжайық» жоғары көтеріліп, орнына «Таразды» жіберді. Шымкенттік «Ордабасы» үшінші орыннан көрініп тұр. Ал, басты таласта «Астана» мен «Қайраттың» арасы әлі де болса төрт ұпай. Екі команда да бұл турда қарсыластарынан басым болды.         

«Ордабасы» - «Оқжетпес» – 1:0

Гол: Александр Гейнрих, 15

«Ордабасы» бәлкім, уақытша болса да үшінші орынға көтерілді. Соңғы үш ойында үш мәрте қарсыластардан басым болып, әр кездесуде минимальды жеңіске жетіп отырған оңтүстік ұжымы өз ойынын тауып келе жатқандай. Бұл турда «Оқжетпеспен» жолығып, матчтың он бесінші минутында Александр Гейнрих соққан голдың арқасында, маусымда тұңғыш рет көкшелік клубтың сағын сындырды. Өткен турда осы өзбек легионерінің қос голы «Ертіспен» болған ойында жеңіс әкелген еді. Владимир Муханов баптайтын командаға не болғаны түсініксіз. Бірінші айналымды тәп-тәуір өткізіп, еш қиындықсыз алғашқы алтылықтан ойып тұрып орын алған жігіттердің жігері қайда? Шабуыл шебінде атой салып жүрген Жасұлан Молдақараев пен Әлібек Бөлешевке не болған?  Ал, өткен турда «Ақтөбеден» үш гол өткізген қорғаныс шебі білгенінен жаңылғандай. "Оқжетпестің" қалған ойындар тізіміне көз жүгіртсек, көкшеліктер «Астанаға» да, «Қайратқа» да қонаққа бармақ. Қазақстан Премьер-лигасындағы ең тәжірибиелі бапкерлердің бірі Муханов дер кезінде жігіттерге «әй» демесе, келер маусымда еурокубоксыз қалар түрлері бар. Әйтпесе, алғашқы кезеңде терлеп-тепшіп жүріп алғашқы алтылыққа енген еңбегі еш кетпек.

«Атырау» - «Ақжайық» - 1:2

Голдар: Александр Куртеян 33 - Константин Дудченко 61,78

Бірінші кезең аяқталып, он екі команда екіге бөлінгелі бері барлық ойында жеңіске жетіп жүрген команда - «Ақжайық». Екінші алтылықтан Вахид Масудов шәкірттеріне төтеп берер команда табылмай жүр. Алайда, 27-ші турда команданың бір сәтті сериясы үзілді. Қақпашы Денис Толебаев маусымда бірінші рет өз қақпасына гол өткізді. Екінші айналымда алғаш мәрте оралдықтар қақпасын дәл көздеу «Атырау» футболшысы Александр Куртеянға бұйырған болатын. «Мұнайшы» стадионындағы матч алаң қожайындары үшін жақсы басталған еді. «Ақжайықтың» шабуылдағы ойыны біраз уақыт жүрмей тұрды. Алайда, екінші таймда Константин Дудченко екі гол соғып кетті. Әуелі, қақпашы Жасур Нарзикуловтың қателігін пайдаланып ойынның алпыс бірінші минутында есеп теңестірді. Ал, араға жиырма минуттай уақыт салып Коронель Ортиздің алаңның ортасынан асырған әдемі пасын голға ұластыра білді. Маусымда тұңғыш рет матч барысында жеңіліп жатып, түбі жеңісті жұлып алған Вахид Масудов шәкірттері соңғы орыннан бір саты көтерілді. «Атыраудың» жеңіс дәмін татпағанына жақында екі ай болады.

«Қайрат» - «Ертіс» - 2:1

Голдар: Жерар Гоу 23, Бауыржан Исламхан 81 - Шота Григалашвили 77

Осы турда" "Қайраттың" ұпай жоғалтуы әбден мүмкін еді. Соңғы кездері үздіксіз жеңіліп, жерге қарап жүрген «Ертіс» футболшылары Алматыда «Қайратпен» терезесі тең ойнады-ақ. Бірінші таймда чемпионаттың үздік сұрмергені Жерар Гоудың арқасында алматылықтар есеп ашты. Бірақ, екінші таймда Димитар Димитровтың тыңнан шығарған футболшысы Шота Григалашвили таразы басын теңестіріп кетеді. Десек те, апта бұрын «Астана-Аренада» ойқастаған «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламхан бұл жолы да командасын сүйреп шықты. Айып алаңның сыртынан жойқын соққы бағыттап, допты тоғыздықтан бір-ақ шығарған Бауыржан «Қайратқа» үш ұпай сыйлады.            

                            

«Жетісу» - «Шахтёр» - 1:2

Голдар: Деян Джерманович 82 - Юлиус Сзоке 90+1, Евгений Горячий 90+4

«Жетісудың» жайы қиын. Осыдан екі-үш тур бұрын талдықорғандықтарға ешқандай қауіп жоқ еді. Алайда, соңғы үш ойында бір ұпай ғана олжалаған Алмас Құлшынбаев командасы соңғы орынға әбден жақындап қалды. Өз алаңында «Шахтёрды» қабылдап, негізгі уақыттың аяқталарына сегіз минут қалғанда есеп ашқан «Жетісу», төреші қосқан қосымша минуттарда екі гол жіберіп алды. Ал, «кеншілер» болса осы жеңісінен кейін кестеде тоғызыншы орынға көтерілді.

«Тобыл» - «Тараз» - 3:1

Голдар: Денис Главина 40, Томаш Шимкович 53, Шамиль Асильдаров 89 - Андрей Яковлев 2

Соңғы кездері көрінгенге ұпай таратып жүрген «Тобыл» «Таразды» кестенің жертөлесіне аттандырды. Жамбылдықтар матчтың екінші минутында-ақ жылдам гол соғып Қостанайға жеңіс үшін келгендерін байқатқан еді. Бірінші таймның аяғына дейін есептегі басымдылықты ұстап тұрды. Алайда, үзіліс алдындағы хорват легионері Денис Главинаның голы матч барысына айтарлықтай өзгеріс енгізді. Екінші таймға желпініп шыққан алаң қожайындары жауапсыз қос доп соғып, «Таразды» ұпайсыз қалдырды. Шілденің басында ғана соңғы орыннан көтерілген жамбылдықтар бүгін кестенің соңына қайта жайғасып отыр.

«Ақтөбе» - «Астана» - 1:2

Голдар: Егор Сорокин 66 - Джуниор Кабананга 11, Марин Аничич 88

Еурокубокпен қосқанда екі ойын қатарынан жеңілген «Астана» Ақтөбеге қонаққа барған еді. Батыстық ұжымның соңғы кездегі аяқ алысы жаман емес. Ұпай алсын-алмасын, команданың ойыны жанкүйерлерге ұнап жүр. Чемпионға лайықты қарсылық көрсететіні күмәнсіз еді. Дегенмен, ойынның он бірінші минутында Джуниор Кабананга есеп ашып, біріншіліктегі төртінші голын соқты. Алаң қожайындары шабуылдауға ұмтылғанымен, «Астананың» тәжірибиелі қорғаушыларынан айла асыра алмады. Аз мүмкіндіктердің бірінде Бобир Давлатов он бес метрдей жерден соққы бағыттап көрген еді. Бірақ, Ненад Эрич допты маңдайшаның астынан алып шықты. Бірінші таймда «Ақтөбенің» ең қауіпті шабуылы осы ғана. Тек екінші таймның жиырмасыншы минутына таяу алаң иелері есепті теңестіре алды. Асланбек Кәкімовтың жартылай соққы, жартылай пасын матчта капитандық қызмет атқарған Егор Сорокин иесіз қалған қақпаға бағыттап, «Ақтөбенің» осы маусымдағы «Астанаға» соққан бірінші голының авторы атанды. Дегенмен, Станимир Стойлов командасы кезекті рет жеңісті соңғы минуттарда еншілеп кетті. Қапталдан әуелете келген допқа қақпаның алдынан табыла кеткен Марин Аничичке ашық бұрышты дәл көздеу қиындық туғыза қойған жоқ.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх