Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
817
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2748
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
888
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
813
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
588
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Гоу бар жерде гол бар

22 сент. 2016, 19:31 | 1972
Қазақстан чемпионатының XXVII туры аясында Алматының “Қайраты” өз алаңында Павлодардың “Ертіс” командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алғаш болып есеп ашқан алматылық команданың шабуылшысы Жерар Гоу өзінің осы маусымдағы голдар санын 18-ге жеткізген болатын. Осылайша африкалық шабуылшы биыл да Премьер-лиганың үздік сұрмергені атануға бір табан жақындай түсті.

“Гоу бар жерде гол бар!” деген Ермұхамед Мәуленнің сөзі мақалға айнала бастағаны да шындық. Жанкүйерлердің дәл бұлай мақалдауында да мән бар, ойын сайын топырлатып гол соғып, командаға көмегін көрсетіп жүрген футболшыны кім жек көрсін? Өзінің “Қайрат” сапында өткізген 87 кездесуінде 64 гол соғып үлгірген “Қара маржан” шабуылшыны қалай мақтасақ та жарасатын шығар. Енді әңгімені басынан бастайық.

Жерар Би Гуа Гоу ‒ 1988 жылы 29 желтоқсанда Кот-д'Ивуардың Ганьоа қаласында дүниеге келген. Африканың шығысына орналасқан Кот-д'Ивуар елі жанкүйер қауымға Дидье Дрогба арқылы таныс. Көп африкалық елдер секілді Жерар Гоудың отанының да экономикалық қуаты төмендеу. Әсіресе ХХІ ғасырдың табалдырығын аттағалы бері жағдайлары мәз емес. Бұл жақта да қарапайым жандар үшін жарқын өмірге жол тартудың жалғыз жолы - спортпен айналысып, табысқа жету болып саналады.

Жерар да футболмен бала күнінен бастап айналысты. Кәсіби мансабын 16 жасында өз елінің “ЖК Абиджан” клубында бастаған ол, 2007 жылы сол команда сапында Кот-д'Ивуар жоғары лигасында доп тебу мүмкіндігіне ие болады. Жоғары лигада алғаш рет өнер көрсетіп жатқанына қарамастан 19 жасар жас шабуылшы 21 ойында 14 гол соғып, көзге түседі. Мансабын тәп-тәуір бастаған Жерар келесі жылы Мароккалық “Хассани Агадир” командасына ауысқан. Әрі біріншілік барысында 15 гол соғып, Марокко чемпионатының үздік сұрмергені атанады. Осы жетістіктерінен кейін Жерар Еуропаға сапарын бастайды, 2010-2012 жылдар аралығында ілгерінді-кейінді Швейцарияның “Ксамакс” клубында және Түркия бірінші лигасында бақ сынайтын “Денизлиспор” командасында өнер көрсетеді. Бұл командаларда аса сәтті ойын өрнегін көрсете алмаса да, ара-тұра гол соғып, команда тарихына өз атын қалдыра білді. 

2012 жылы Түркия бірінші лигасының тағы бір командасы “Кайсери Эрджиесспор” сапына ауысты. Бұл командада Жерар өзінің нағыз гол соғу үшін жаралған ойыншы екенін тағы бір дәлелдеді. 31 ойында 19 гол соғып, бірінші лиганың үздік сұрмергені атанды. Әрі командасының Түркия бірінші лигасының чемпионы болып Суперлигаға жолдама алуына өз үлесін қосты. Өкініштісі, осыдан кейінгі бір жыл көлемінде Жерар Гоу өзін жоғалтып алды. Үлкен үміт арқалап Ресей премьер-лигасына келгенімен, “Краснодар” сапында көп гол соғып көзге түсе алмады. Тіпті, алаңға шығу мүмкіндігінен де айырылып қалған болатын. Ресей біріншілігінде бар болғаны алты ойынға қатысып, еншісіне жалғыз гол жазған Жерар 2014 жылдың жазында Алматыға ат басын тіреді.

Жерардың жеңісті жолы осы жерден басталды десек қателеспейміз. “Ертіске” қарсы кездесуде бір тайм өнер көрсетіп, гол соға алмағанымен, бар өнерін бір аптадан кейін көрсеткен болатын. Ел мықтысы “Ақтөбемен” болған ойында хет-трик жасап, жанкүйерлерді жалт қаратты. Алматыдағы сапарын сәтті бастаған сұрмерген осы қарқынынан тана қойған жоқ. Чемпионат көшіне біріншіліктің бел ортасында қосылғанына қарамастан, маусым соңына дейін 12 гол соғып сұрмергендер көшінде үшінші орын алды. Бұған қоса Қазақстан Кубогының финалында “Ақтөбе” қақпасына екі гол соқты. “Қайрат” чемпионатта қола жүлдені қанағат тұтқанымен, ел кубогын қанжығаға байлады.

Келесі жылы “Қайрат” да, Гоу да көсіле шапты. Алматылық команда ел чемпионатын ұтуға бір табан ғана жетпей қалды. Соңғы турлардағы аз ғана сәтсіздіктерінің себебінен “Астанадан” бір ұпай қалып кетті. Бұдан да маңыздысы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде плей-офф сатысына дейін жетіп, Францияның атақты “Бордосына” ғана жол берген болатын. Маңызды екі турнирда да жетер жеріне сәл ғана жетпей қалған алматылықтар ел кубогын тағы да Алматыға алып қайтқан еді. Ал, Жерар Гоу болса премьер-лигада 28 ойында алаңға шығып 22 гол соқты. Ол жылы оның алтын бутсасына еш қарсыласы таласа алған жоқ. Бұдан бөлек Еурододада 4 гол, Қазақстан кубогында 3 гол соққаны тағы бар. Осы керемет көрсеткіштерінің арқасында Қазақстан премьер-лигасының 2015 жылғы үздік ойыншысы атанды.

Осы толағай табыстарға қарамастан “Қайрат” бас бапкер Владимир Вайспен қоштасып, команда тізгінін Александр Бородюк ұстаған болатын. Бірақ, жаңа маусым олар үшін сәтті бастала қойған жоқ. Чемпиондықтан дәмелі “Қайрат” алдыңғы алтылықтан да алыс жүрген кезі болды. Осы аралықта Гоу да гол соғудан кенжелеп жүрді. Сұрмергендер тізімінде қарсыластары көш бастады. Қуанарлығы команда тізгінін грузиялық маман Кахабер Цхададзе ұстаған соң жағдай түзелді. “Қайрат” қайта қаһарына мінді, Гоу қайта топырлатып гол соға бастады. Нәтижесінде “Қайрат” қайтадан алтын үшін таласқа қосылды. Жерар да сұрмергендер тізімінде қайтадан көш бастады. Оның еншісінде әзірге 18 гол. Еуропа лигасына іріктеуде “Қайрат” ерте жарыс жолынан шығып қалғанымен, Гоу өз еншісіне 3 гол жазып үлгірген. Алдағы жарыс жолында бұл көрсеткіштердің тағы да өзгеретініне сенімдіміз.

Жерар Гоу осыған дейін үш чемпионаттың үздік сұрмергені атағын жеңіп алды. Бір емес бірнеше чемпионаттың сұрмергені атану кез-келген футболшының қолынан келе беретін іс емес. Тіпті, әлемдегі ең мақтаулы деген шабуылшылардың барлығының пешенесіне бұйыра бермейтін бақыт. Ол жеңіп алған үш алтын бутсаның ішінде ең салмақтысы ‒ біздің елдің бутсасы болар. Өйткені, сонау қиырдағы Марокко біріншілігі мен Түркия бірінші лигасынынан Қазақстан премьер-лигасының ат-атағы әлде қайда артық болса керек.

Сол бағалы жүлдені Жерар биыл да жеңіп алуға жақын. Егер осы жылыда былтырғы жетістігін қайталап жатса, онда ол Қазақстан біріншілігінде екі мәрте үздік сұрмерген атанған алтыншы ойыншы болмақ. Осыған дейін бұл белесті Олег Литвиненко (1994, 1998), Арсен Тлехугов (2001, 2004), Жафар Ирисметов (2006, 2007), Мұрат Тілешев (2005, 2008), Улугбек Бакаев (2004, 2010) қатарлы футболшылар бағындырған болатын. 

Осы жетістіктерді қайталауға Жерар Гоуда мүмкіндік толық. Өйткені, оның “Қайратпен” келісім-шарты 2018 жылға дейін күшіне ие. Демек ол Қазақстан чемпионатында әлі екі-үш жыл тер төге алады. Бізді бір сүйінтерлігі оның гол соғу салыстырмасы өте жоғары. Баста айтқанымыздай ол Алматылық команданың сапында жүріп 64 гол соғуына бар болғаны 87 ойын жеткілікті болған. Ол әр ойында орта есеппен 0,7 гол соғып отырған болып тұр. Осы жерде атақты Лионель Мессидің өзінің “Барселонадағы” гол соғу салыстырмасы орта есеппен әр кездесуде 0,8 гол екенін айта кетейік.

Жерар Гоуды көп жанкүйер қақпа маңын торуылдаумен жүретін, дайын асқа тік қасық шабуылшы деп жатады. Оның осынша көп гол соғуына командалас серіктерінің керемет пастары себеп деп жатады. Бұл сөздерді бір есептен дұрыс деп санаған күннің өзінде де Жерардың бағасын бір мысқал да төмендете алмайды. Өйткені, шабуылшының міндеті гол соғу емес пе? Ал, қақпа алдына шығарған пасты голға ұластырып жатса, ол шабуылшыға неге қол соқпасқа. Бірақ біздің байқауымызша Жерар Гоу “Реал” шабуылшысы Карим Бензема тиіптес ойыншы. Бір қарағанда қопалдау көрінеді, көп мүмкіндікті пайдалана алмай мүлт кетіретіндей әсер қалдырады. Бірақ, олардың ойын барысында атқарар ролдері жоғары, командаластарымен жиі пас алмасады, кейде, тіпті, орталық алаңға дейін сұғынып кіргенін байқайсыз. Жерардың допты кеудемен қабылдау шеберлігінің өзі неге тұрады. Өз жарты алаңынан әуелеп келген допты қарсылас қақпасына қарсы қарап тұрып кеудемен қабылдап алып, бұрылып соққы жасау немесе бұрылып пас беру үлкен шеберлікті талап етеді. Ал, бұл біздің Жерардың қолынан келеді.

Ол осыған дейін Кот-д'Ивуардың жастар құрамасында өнер көрсеткен, гол да соққан. Алдағы уақытта ұлттық құрамасына да шақыртылатын шығар деп үміттенеміз. Өйткені, Қазақстан чемпионатының ойыншысы Кот-д'Ивуар құрамасында өнер көрсетіп жүрсе, бізге де мақтануға тұрарлық себеп болар еді.

Қуаныш ҚАППАС

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх