Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
801
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
467
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
277
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1189
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
594
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Қазақстан Кубогы. Ақтық сынға қол созым жер қалған шақ

21 сент. 2016, 12:00 | 1873
Сәрсенбі күні Қазақстан Кубогының жартылай финалының алғашқы ойындары өтеді. Жүлдеден бәрі де дәмелі. Тіпті, ішкі чемпионатта алғашқы орындарды иеленіп, келер маусымда еурокубоктегі орындарын қамтамасыз етіп қойған «Астана» мен «Қайрат» та. Ал, екі алпауытпен күш сынасу бағы бұйырған «Атырау» мен «Ертіс» бұл турнирде жеңіске жетіп жатса, маусымға қойылған тамаша нүкте болар еді.   

21-қыркүйек. Павлодар. Орталық стадион.

«Ертіс» - «Астана»

Екі кезеңді артқа қалдырса да, елордалық ұжымның жолы Премьер-лига командасымен түйіспеген екен. 1/8 финалда Станимир Стойлов жігіттері өз алаңында «Каспий» клубын қабылдап, негізгі уақыттың соңғы минутында команда капитаны Таңат Нөсербаев соққан голдың көмегімен келесі кезеңге жолдама алған еді. Ал, ширек финалда чемпиондар Петропавлға қонаққа барып, жергілікті «Қызыл-Жардан» басым болған болатын. «Қарасай» стадионында өткен матчта жеңіске жету «Астана үшін оңай болған жоқ. Бүінде Бірінші лиганың екінші орнында тұрған «Қызыл-Жар» ойынның аяғына дейін қарсылық танытты. Александр Мокиннің қақпасына екі доп соқты. Алайда, Джордже Деспотовичтің дублі мен Асхат Тағыбергеннің нәтижелі соққысы «Астананы» жартылай финалға алып шықты.

«Ертістің» кубоктегі қарсыластары «Ақжайық» пен «Оқжетпес» болды. Екі ойынды да керекуліктер қонақта өткізді. Оралда да, Көкшетауда да Димитар Димитров командасы қарсыластарын минимальды есеппен тізе бүкітерген еді. Бір қызығы, Ертіс жартылай финалға дейін легионер соққан голдардың арқасында жетіп отыр. «Ақжайық» қақпасын чилилік азамат Игнасио Эррера дәл көздесе, «Оқжетпеске» португал футболшысы Карлуш Фонсека мен Сенегалдан келген легионер Бай Джиби Фаль қос гол соқты.

Қазақстан Кубогының ширек финал ойындары төрт ай бұрын болып өтті. Дәлірек айтқанда, жартылай финалдағы бүгінгі командалар мамырдың жиырма бесінші жұлдызында осы кезеңге жолдама алған еді. Ол кезде «Астана» дәл бүгінгіше көш бастап тұрса, «Ертіс» екінші орынға жайғасып, артындағы «Қайраттан» жеті ұпайға озып тұрған еді. Ал, дәл қазіргі турнир кестесіне көз жүгіртсек «Ертістің» мамыр айынан бері қаншалықты құлдырағанын аңғару қиындық туғыза қоймас. Ішкі чемпионаттағы соңғы бес матчта үздіксіз жеңіліп жүрген керекуліктердің жалғыз үміті осы Қазақстан Кубогы болып тұрғаны жасырын емес. Әрине, жартылай финалдағы қарсылас «Астана». Дей тұрғанымен, елордалық команданың бүгінгі таңда шаршаңқы күйде екенін білеміз. Оның үстіне, Стойлов соңғы турда «Ақтөбемен» болған ойыннан кейін негізгі құрамның бірнеше футболшыларына демалыс беріп, ойын практикасы жетіспей жүрген спортшыларға мүмкіндік беремін деп қалды. «Астананың» маусымдағы басты мақсаты - бірінші орынды сақтап қалу және еурокубоктегі жолын көктемге дейін ұзарту. Сенбі күні Шымкентке, яғни соңғы кездері «Қайратты» да, осы «Ертісті» де жеңіп жүрген «Ордабасымен» болатын ойынға баратынын, үш-төрт күннен кейін швейцариялық «Янг Бойзды» өз алаңында қабылдайтынын ескерсек, кубоктағы ойын Стойлов командасына тыңғылықты дайындалу үшін кедергі жасап тұр. Елордалықтардың барын салып ойнамасы анық. Сондықтан, ұзаққа созылған сәтсіздік сериясын тоқтатып, жанкүйер алдында еңсе көтерер мүмкіндік туып тұрған секілді «Ертіс» үшін?! 

Алматы. Орталық стадион. 

«Қайрат» - «Атырау»

Кубоктың соңғы екі маусымдағы иесі «Қайрат» жартылай финалдың бірінші кездесуінде екінші алтылықтағы «Атырауды» қабылдайды. Бірінші алтылықтан орын алуға соңына дейін таласып, жолы болмай тауы шағылған «мұнайшылар» ішкі біріншіліктегі соңғы бес матчта екі ұпай ғана алды. Кубоктың жартылай финалында көріну «Атырау үшін айтарлықтай жетістік. Осы кезеңге дейін батыстық команда әупірімдеп жүріп жетті. 1/8 финалда семейлік «Алтайдың» қақпасына 93-ші минутта гол соғып сағын сындырса, келесі кезеңде мінез танытып «Ордабасыдан» матч соңындағы пенальтиден айла асырып, артта қалдырған еді.

«Қайрат» бұл турнирде гол жібермеген жалғыз команда. Жартылай финалға жетер жолда алматылықтар бүгінде екінші алтылықта өнер көрсетіп жатқан командалардан басым болды. Әуелі, қарағандылық «Шахтёрды» Алматыда тас-талқан етіп ұтты. Ал, ширек финалда Талдықорғанда жергілікті «Жетісуды» 2:0 есебімен қапы қалдырды.

Ішкі чемпионатта командалар осы маусымда екі рет кездесіп, екеуінде де алматылықтардың мысы басым болған. «Атырауда» жалғыз голдың арқасында жеңсе, өз алаңында 5:2 есебін тіркеген еді. Осы маусымда Жерар Гоу мен Бауыржан Исламхан «мұнайшылар» қақпасына қос доптан соққан екен. Тағы екі голдың біреуі Атырауда Гоудың атында болса, екіншісі Исаэль Барбозаның еншісінде.

«Ертіс» секілді «Атыраудың» да маусымдағы жалғыз үміті осы Қазақстан Кубогы болып отыр. Еурокубокке жолдама алар жалғыз мүмкіндік осы турнирдегі жеңіс қана. «Қайратқа» қарсы текетіресті батыстық команда ұзақ уақыттан бері күтіп жүр. Алайда, «Ертістің» «Астанадан» жомарттық, рақымшылық күтетіні секілді «Атыраудың» «Қайраттан» оны күтудің қажеті шамалы. Шабуылына шаң жұқтырмай жүрген Кахабер Цхададзе командасына екінші алтылықтағы ұжымның қақпасынан бірнеше мәрте саңылау табу қиынға соқпайды. Атыраудағы қарымта матчта бас ауыртып жүрмес үшін Цхададзе жігіттері текетірес тағдырын Алматыда ақ шешіп тастауға тырысады.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх