Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
799
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
463
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
275
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1181
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
593
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Алтынға талас бұрынғы қалпынша 

26 сент. 2016, 09:30 | 1765
Екінші кезеңдегі екінші айналымының алғашқы туры турнир кестесіне айтарлықтай өзгеріс енгізе қойған жоқ. Тек, "Ертіс" өткен турда жоғалтқан үшінші орнына қайта оралды. Ал, екінші алтылықта Премьер-лигада қалуға таласатын үш команда анықталған секілді. Соңғы үш команда бұл турда жеңілді.

«Тобыл» - «Жетісу» - 3:2

Голдар: Томаш Шимкович 14 пенальти, Сергей Хижниченко 56, 90 - Деян Джерманович 4, Вадим Боровский 60

Турдағы ең тартысты, әрі ең нәтижелі ойын жанкүйерлерді бес голмен қуантты. «Жетісу» үшін бұл ойында жеңіс ауадай қажет еді. Себебі, өкшелеп қалған «Ақжайық» пен «Тараз» Алмас Құлшынбаев командасынан бір-екі ұпай ғана артта. Ал, өткен турда «Тараздан» басым болған қостанайлықтар өз алаңында жеңісті серияны жалғауға ниетті болатын. Матчтың төртінші минутында-ақ қонақтар шабуылшысы Деян Джерманович оң қапталдан келген пасты қақпаға тоғытып, есеп ашты. Бір апта бұрын «Шахтерға» да гол соққан серб легионері маусымда өткізген сегізінші ойынында үшінші рет мергендік танытып отыр. Алайда, қостанайлықтар араға он минут салып жауап қатты. Қонақтар қорғаушысы Мартин Кляйн өз айып алаңында қолмен ойнап, бас қазы ойланбастан пенальти белгілеген болатын. Нүктеге келген Томаш Шимкович мүлт кеткен жоқ. Шабанов чех футболшысының қайда тебетінін тапқанымен, тосқауыл бола алмады. Бірінші таймның алғашқы он бес минуттығында голдармен алмасып алған қос команда үзіліске тең есепте аттанды. Екінші таймның басынан бастап алаң қожайындары шабуылға ұмтылды. Шимковичтің айып соққысынан кейін асырған пасын "Тобыл" сұрмергені Сергей Хижниченко голға ұластыра білді. Әйткенмен, қонақтар төрт минуттан кейін есепті теңестіріп кетті. Денис Главина допты дер кезінде алысқа теуіп жібермей, Мамаду Вагтың Вадим Боровскийге пас асыруына мүмкіндік беріп қойды. Ал, Вадим жарты метр жерден допты қақпаға бағыттай салды. Осыдан кейін Омари Тетрадзе шәкірттері қарсылас қақпасына қысымды үдетті. Әсіресе, Шимкович пен Хижниченко өте белсенділік танытты. Ал, Душан Савичте бұрынғы командасына гол соғар тамаша мүмкіндік болған. Бірақ, Шабанов жойқын соққыны маңдайшаның астынан алып шықты. Дегенмен, «Тобылдың» еңбегі өз нәтижесін берді. Негізгі уақыттың соңғы минутында тағы да сол Шимковичтің пасынан кейін Хижниченко жеңісті голды соғып кетті. Осылайша, «Тобыл» екінші жеңісіне қол жеткізсе, «Жетісу» соңғы үш матчта екінші рет қарсылас қақпасына қонақта екі доп соқса да, құр алақан қалды.

«Ақжайық» - «Шахтер» - 1:2

Голдар: Мирослав Лечич, 61 - Евгений Горячий 30, Юлиус Сзоке 45

Соңғы орыннан көтерілуі сол екен, «Ақжайық» жеңілді де қалды. Екінші кезеңдегі бірінші айналымның бүкіл ойындарында үш ұпайдан олжалап шыққан оралдықтар өз алаңында күтпеген жерден «кеншілерге» есе жіберді. Күтпедік, әрине. Бес ойын қатарынан жеңген командадан келесі матчта жеңіліс күтпейтініміз анық қой. Тағы өз алаңында. Оралдықтардың «Шахтерге» қарсы ойыны жүрмеді. Матчтың алғашқы жарты сағатында қауіпті сәттер орын ала қойған жоқ. Ал, тура отызыншы минутта Евгений Горячий айып соққысын үлгілі орындап есеп ашса, бірінші тайм аяқталар тұста Юлиус Сзоке екінші голдың авторы атанды. Өткен турда да дәл осы екі футболшы қарағандылықтар сапынан мергендік танытқан еді. Вахид Масудов шәкірттерінің бар күші екінші таймда есеп қысқартуға ғана жетті. Серб шабуылшысы Мирослав Лечич екінші айналымдағы төртінші голын соқты. Алайда, тұңғыш рет бұл футболшының нәтижелі соққысы командаға ұпай алып келген жоқ.

«Ордабасы» - «Астана» - 0:1

Гол: Джуниор Кабананга, 44

Үш тур қатарынан жеңіліске ұшырамаған «Ордабасы» Шымкентте «Қажымұқан» стадионында «Астанаға» есе жіберді. Ойынның тағдырын Джуниор Кабананганың бірінші тайм соңындағы жалғыз голы шешіп кетті. Бұрыштамадан кейін Джордже Деспотовичтің пасын бір метр жерден шабуылшы қақпаға енгізді. Екінші таймның орта тұсында «Ордабасы» капитаны Самат Смаков бар болғаны бір минуттың ішінде екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Алаң ортасында тәртіп бұзылғаны үшін ысқырған төрешіге Саматтың қандай уәжі болғаны түсініксіз. Алайда, қарсыласқа қарсы дөрекі ойнап немесе басқалай да тәртіп бұзбай бас қазыға артық сөз айтқаны үшін алаңнан қуылып кете барды. Білдей бір команданың капитаны бола тұра Саматтың бұл қылығы жарамады. Әрине, команда капитанының төрешімен пікір таластыруға толықтай құқығы бар. Бірақ, қызбалыққа салынып, төрешіні жұлқылап емес. Он адаммен қалған «Ордабасының» есепті теңестіруі мүлде қиынға соғып кетті. Тәжірибиелі Стойлов шәкірттері допты өз иеліктеріне алды. Алайда, сексен екінші минутта Симчевич тамаша мүмкіндік жіберіп алды. Сол қанаттан келген ыңғайлы пасты бос қалған қақпаға бағыттай алмады. «Астана» матчты жеңіспен аяқтап, «Қайратпен» арадағы ұпай айырмашылығын сақтап қалса, маусымдағы «Астанамен» болған төрт кездесудің бәрінде елордалық ұжымның алдында тізе бүккен «Ордабасы» төртінші орынға түсіп қалды.

«Оқжетпес» - «Ертіс» - 1:4

Голдар: Марат Хайруллин 38, пенальти - Карлуш Фонсека 17, Роман Муртазаев 52, 56, Казбек Гетериев, 77

Қолаға әркімнің-ақ бар таласы. Қатарынан үшінші турда үшінші орында тұрған команда өзгеруі мүмкін еді. Ол үшін «Оқжетпес» өз алаңында «Ертісті» жеңуге тиіс-тұғын. Сонда Владимир Муханов шәкірттері «Астанаға» қарсы ойында сүрінген «Ордабасымен» ұпай теңестіріп, қосымша көрсеткіштер бойынша басып озатын еді. Алайда, бұған «Ертіс» футболшылары қарсы екен. Көкшетауда Димитар Димитров жігіттері қарсыластан толықтай басым болды. Ойынның 17-ші минутында Фонсека Циринді қапы қалдырып, есеп ашты. Алаң қожайындары қырықыншы минутқа таяу есепті теңестірген еді. Марат Хайруллин жауапты голдың авторы атанды. Дегенмен, екінші таймда алаңда бір команда ғана болды. 52-ші минутта Цириннің қателігін пайдаланып Роман Муртазаев командасын есепте алға шығарса, төрт минуттан кейін Антон Куксиннен айып алаңы алдында допты тартып алып, матчтағы екінші, маусымдағы 15-ші добын соқты. Ал, матчтың нүктесін 77-ші минутта Казбек Гетериев қойды. «Ертіс» бес ойынға созылған жеңілсті сериясын тоқтатып, үшінші орынына қайта оралса, «Оқжетпестің» ұпай алмағанына үш матч болды.

«Атырау» - «Тараз» - 1:0

Гол: Александр Куртеян, 63

Соңғы орынға түсіп қалған «Тараз» «Ақжайықтың» осы турда ұпай алмағанын пайдалана алмады. 12-ші орыннан жоғары көтерілуі үшін жамбылдықтарға тең нәтиже де жетер еді. "Атырауға" қонаққа барған «Тараз» тиімді нәтижеге ұмтылатын командаға ұқсамады. Алаң қожайындары бірінші таймда-ақ есеп ашуға тиіс еді. Алайда, бірінші тайм соңында Григоренко екі мәрте команданы құтқарып қалды. Александр Дамчевскийдің алыс бұрышқа бағыттаған соққысын қайтарды. Бірге-бір шыққан Трытконың көзге түсуіне мүмкіндік бермеді. Бірақ, екінші таймда он метрдей жерден соғылған соққының алдында Григоренко да шарасыз еді. Румын футболшысы Куртеян  матчтағы жалғыз голдың авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады.

«Ақтөбе» - «Қайрат» - 0:1

Гол: Андрей Аршавин, 35

«Ордабасы» осы маусымда «Астанаға» төрт мәрте жеңілсе, «Ақтөбе» төртінші рет «Қайратқа» ұтылып отыр. Қатарынан екінші тур Юрий Уткульбаев командасы турнир кестесінде алғашқы екі орында тұрған командамен кездесті. Қарсыласпен терезесі тең ойнаса да, өзінен тәжірибиелі ұжымға есе жіберді. Андрей Аршавиннің 35-ші минуттағы тоғыздыққа бағыттаған соққысы алматылықтардың үш ұпай алуына мүмкіндік сыйлады. Маусымдағы 19-шы жеңісін олжалаған «Қайрат» кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етіп қойды. «Ақтөбе» отыз бес ұпаймен алғашқы алтылықты қорытындылап тұр.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх