Главное Маңызды
23 апр. 2024, 20:10
860
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2787
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
923
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 17:23
839
Руководитель футбольного клуба «Астана» Саян Хамитжанов поделился своим впечатлением от старта команды в новом сезоне, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
22 апр. 2024, 13:30
614
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Дәуренбек Тәжімбетов: "Чемпионатты оныншы орында аяқтауға қауқарымыз жетеді"

27 сент. 2016, 06:30 | 1482
"Тараз" футбол клубының шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов "Атырауға" (0:1) қарсы кездесуден кейін KazFootball.kz порталының тілшісіне сұхбат берген еді.

— Дәуренбек кешегі ойын жайлы айтып кетсеңіз?

— Ішкі біріншілік өз мәресіне таяп қалды, сондықтан, біз үшін әрбір кездесу финал іспеттес. "Атырауға" қарсы сырт алаңдағы матч өте қиынға соқты. Негізі, мұндай ойындар тек, бір голға дейін ғана. Өз қақпаңа гол жіберген соң, есепті теңестіру мұң болып кетеді. Оның үстіне, алаң сапасының нашарлығы тағы бар.

 — "Атыраумен" болған ойында тиімді нәтижеге қол жеткізуге не кедергі болды? Апта бұрын осы "Мұнайшы" стадионынан "Ақжайық" жеңіс олжалап кеткен еді...

— Бәрі өз қолымызда болды. Бір қателіктің салдары қарсыластың ойын тағдырын шешкен голына әкеліп соқтырды. Бірінші таймда бізде жақсы 2-3 мүмкіндік болған. Солардың біреуін пайдаланғанда кем дегенде бір ұпайды қоржынға салып қайтар ма едік. Алайда, біз бұл матчта жеңілгенімізбен, Премьер-лигада қалуға аяғына дейін таласамыз. Әлі алда төрт ойын бар, сол ойындарда үш ұпайдан алуға барымызды саламыз.

— Бірінші кезең аяқталып, яғни он екі команда екіге бөлінген кезде "Тараздың" "Ақжайықтан" басымдылығы сегіз ұпай еді. Ал, бүгін Сіздер оралдық командадан артта қалып келесіздер. ""Ақжайық" соңғы орында қалады, алдымызда тұрған командалармен ғана таласамыз", - деген ой ғана болды ма сол кезде? Әйтпесе, осынша басымдылықтың бар болғаны 4-5 ойынның ішінде жоғалуын қалай түсіндіруге болады?

— Негізі, ондай ой немесе босаңсу бізде болған жоқ. Мен командаға келген кезімде "Тараздың" еншісінде жеті ұпай ғана еді. Дәл қазіргі бәсекелестеріміз "Жетісудан" он екі, "Ақжайықтан" төрт ұпай артта қалып келе жатқанбыз. Қазір бұл ұжымдармен тереземіз тең. Екеуін де басып озып, чемпионатты оныншы орында аяқтауға қауқарымыз жетеді.

— "Ақжайық"  демекші, оралдық командаға осы маусымдағы үш кездесуде де есе жіберіпсіздер. Келесі турда "Ақжайыққа" қарсы ойын күтіп тұр...

— "Ақжайықтың" қатары жазда мықты футболшылармен толығып, бапкерді ауыстырып, команда нәтижесі өзгеріп шыға келді. Бес ойын қатарынан жеңіп келіп, тек соңғы матчта ғана сүрінді. Иә, осы жылы үш мәрте оралдықтарға жеңілдік. Бірақ, бір маусым ішінде бір командаға қарсы ойында төртінші рет ұтылмаймыз деген ойдамын. Өз алаңымызда, өз жанкүйерлеріміздің алдында басым түсуге тырысамыз. Бұл футбол, әр аптада әр түрлі матч болып жатады. Тіпті, тоқсан минутқа созылатын бір ойынның екі бөлігі бір-біріне ұқсамауы мүмкін. Сондықтан, бүгін тауымыз шағылды екен деп бізді есептен шығарудың қажеті жоқ.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх