Главное Маңызды
26 апр. 2024, 18:48
233
Президент Федерации футбола Казахстана Адилет Барменкулов объявил, что футбольное руководство страны теперь будет находиться в Актобе, сообщает KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу Акимата Актюбинской области.
26 апр. 2024, 16:02
428
Сегодня состоялась жеребьевка группового этапа нового турнира – Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
23 апр. 2024, 20:10
980
Главный тренер «Ордабасы» Александр Седнев заявил о желании покинуть команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
23 апр. 2024, 17:00
2918
Антикоррупционной служба расследует нерациональное использование народных денег в ФК «Актобе», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Time.kz».
23 апр. 2024, 10:15
1026
Главный тренер «Жетысу» Кайрат Нурдаулетов прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Шахтера» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальную пресс-службу клуба:

Марат Хайруллин: "Тәртіпті бақылау комитеті маған қатысты қатал жаза шығарды деп ойлаймын"

28 сент. 2016, 11:47 | 1045
"Оқжетпес" клубының жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин KazFootball.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында команданың қазіргі жағдайы мен "Ертіске" қарсы өткен ойында алған қызыл қағазы туралы айтып берді.

— Марат, "Ертіс" клубына қарсы кездесуде алған қызыл қағаздан кейін Сіз алдағы екі ойыннан шеттетілдіңіз. Тәртіпті бақылау комитетінің бұл шешімімен келісесіз бе?

— Тәртіпті бақылау комитеті маған қатысты қатал жаза шығарды деп ойлаймын. Негізі ол жерде менің тәртіпті бұзғаным қызыл қағазға сұранып тұрған жоқ. Бірақ, төреші мені алаңнан қууды жөн санады. Бір матчқа қатыспайтын шығармын деп ойлағанмын. Алайда, комитет екі матчқа шеттетіп отыр. Амал жоқ, келісемін.

— Бұл шешімге байланысты шағым түсірмейсіздер ме?

— Бұл менің құзырлығымдағы дүние емес. Шағымды клуб түсіреді. Менің білуімше, клуб арыз берген жоқ.

— Команда туралы айтып берсеңіз. Бірінші айналымда "Оқжетпес" жақсы ойнаған еді. Екінші айналымда команда ойыны көңілден шығып тұрған жоқ. Қатарынан үш ойында жеңілдіңіздер. Командаға не болды?

— Бұл сұраққа дәл жауап бере алмаймын. Қазір командаға не болғанын Владимир Мухановтың өзі де білмей жатыр. Жігіттер психологиялық дағдарысқа ұшыраған секілді.

— Маусым басында Сіздерге: "Бірінші алтылыққа кіру", - деген тапсырма қойылған еді. Сол тапсырма орындалғаннан кейін босаңсып кетпедіңіздер ме?

— Басқа жігіттер үшін жауап бере алмаймын, мен өзім босаңсыған жоқпын. Қазақстанда оныншы маусымымды өткізіп жатырмын ғой. Ешқашан өз ісіме немқұрайлы қараған емеспін. Иә, қазір біздің ойынымыз керемет емес. Мойындаймын. Жігіттер физикалық, психологиялық дағдарыста. Бұл кезеңнен де өтіп, жеңісті жолымызды жалғастырамыз деген ойдамын.

— Екінші айналымның басында "Оқжетпес" қола жүлденің басты үміткері еді. Қазір жағдай қиындап қалды. Командаңыз үшінші орын ала алады дегенге өзіңіз сенесіз бе?

— Әрине. Бізде алда әлі бес ойын бар. Сол ойындардың барлығында жақсы нәтиже көрсету керекпіз. Сонда қола жүлде бізге бұйырады.

Уалихан Қосанбай

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Ақтөбе 4 10-3 10
2 Қызылжар 5 9-3 8
3 Ордабасы 5 9-4 8
4 Тобыл 4 8-4 8
5 Қайрат 5 5-5 8
6 Астана 5 6-4 7
7 Елимай 4 4-4 7
8 Жетісу 4 2-2 7
9 Женис 5 2-9 6
10 Атырау 5 3-4 4
11 Туран 5 2-4 4
12 Шахтер 5 1-9 3
13 Қайсар 4 2-8 1
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх