Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
782
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
446
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
264
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1164
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
583
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Көшбасшыларынан айырылған "Оқжетпес" чемпионға қарсылық көрсете алады ма?

01 окт. 2016, 10:50 | 1636
Ел чемпионатының аяқталуына бар болғаны төрт тур қалса да, жауабын таппаған сұрақтар көп. Бірде-бір команда белгілі бір нәтижені қамтамасыз етіп қойған жоқ. Кезекті турдың орталық ойындары Тараз бен Алматыда өткелі отыр. "Қайрат" пен "Тараз" үшін үнемі аяқтан шалатын "Ордабасы" мен "Ақжайықты" сан соқтыру маңызды. Оның үстіне, оралдықтарға қарсы ойындағы жеңіс Юрий Максимов командасын соңғы орыннан алып шығады.

29-тур. 1-қазан

«Жетісу» - «Атырау»

«Жетісудың» аянып қалатын кезі емес. Алмас Құлшынбаев командасы бұл турдағы қарсыласынан алты ұпайға қалып келеді. Өздері соңғы орыннан бар болғаны екі ұпайға ғана озып тұр. Өткен турда екінші алтылық көшбасшысы «Тобылға» қарсы қонақта қарсылық көрсеткенімен, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Екі ай бұрын қос команда маусымдағы ең нәтижелі матчтардың біріне куә қылған еді. Атыраудағы кездесуде 3:3 есебі тіркеген болатын. Жалпы, бұл маусымда «Жетісу» мен «Атырау» үш мәрте жолығып, екі ойын тең аяқталса, бірінде «Атырау» басым түскен екен.

«Ертіс» - «Ақтөбе»

Есеңгіреген «Ертіс» ес жия бастаған секілді. Көкшетауда Димитар Димитров баптайтын жігіттер «Оқжетпесті» аяған жоқ. Төрт доп соқты. Роман Муртазаев дубль жасап, мергендер тізімінде екінші орынға шықты. Соңғы төрт айда команда тұңғыш рет бір ойында төрт мәрте қарсылас қақпасын дәл көздепті. Ал, соңғы рет кімнің қақпасына осыншама гол соқты дейсіз ғой? Бүгінгі қарсыласы «Ақтөбеге». «Ақтөбе» екі тур қатарынан екі алыппен кездесіп, бірде-бір ұпай ала алмады. Алексей Щеткин кетіп еді, шабуыл әлсіреп қалды. Екі турда команданың еншісінде бір ғана гол. Ол да «Қайратпен» болған ойында Аслан Дарабаевпен дауласып қалған қорғаушы Егор Сорокиннің атында. Дегенмен, екінші кезеңде ақтөбеліктер «Ертістен» айла асырғаны бар. «Қобыланды батыр» стадионында Никита Бочаров голының көмегімен минимальды есеппен жеңген еді. Жалпы, осы маусымда командалар бірін-бірі ала алмай келеді. Павлодарда "таза" ойын болса, «Ертіс» жеңіске жетуі тиіс. Жармасқан үшінші орнын Димитров жігіттері беріп қойғысы жоқ.

«Қайрат» - «Ордабасы»

"Ордабасыны" опық жегізер «Қайраттың» қауқары болмады осы жылы. Алматылықтар үш ойында жалғыз ұпай ғана еншіледі. Маусым айының ортасында Алматыда өткен матчта да екінші таймдағы сілкініс болмағанда, ол да жоқ еді. Сол ойында Бақтияр Байсеитов командасы екі доп айырмашылығымен жеңіп тұрған. Алайда, таразы басын теңестірер күш тапты алматылықтар. Өткен турда "Ордабасының" үш ойынға созылған жеңісті жолы тоқтады. Әрине, «Астанаға» қарсы ойында. Елордалық ұжыммен болған төрт кездесуде де үш ұпайдан таратқан Байсеитов командасы, маусымда төртінші мәрте «Қайратты» жерге қаратқысы келіп отыр. Ал, төрт ойыннан бері қарсыласты тізе бүктіріп келе жатқан алматылықтар өз жанкүйерлері алдында шымкенттіктерді жеңуге тырысады. Әйпесе, арманда кетер Бауыржан Исламхан бастаған жігіттер.

«Тараз» - «Ақжайық»

«Тараздың» да Премьер-лигадағы бір командаға үнемі кететін есесі бар. Оралдық «Ақжайықтың» маусымдағы сегіз жеңісінің үшеуі жамбылдықтармен болған ойындарда тіркелген екен. «Астанадан» басқа ешкімге «Тараз» бір реттен артық тізе бүгіп көрмепті. Екінші алтылықтағы екінші нәтижелі ұжым соңғы орынға екі тур бұрын түсіп қалған еді. «Шахтерге» өз алаңында жеңілген «Ақжайық» соңғы орыннан алыстап, бір саты жоғары көтерілу мүмкіндігін жіберіп алды. Чемпионаттағы соңғы командалардың ойынына куә боламыз. Қос командаға да жеңіс өте қажет. Әсіресе, алдындағы бәсекелестерін алысқа ұзатып алмауды мақсат тұтанын «Таразға».

«Шахтер» - «Тобыл»

«Кеншілер» өткен екі турда қонақта жеңіс тойын тойласа, қостанайлықтар екі матч қатарынан өз алаңында қарсыластан басым түсті. «Шахтер» соңғы кездері нәтижелі командаға айналып кетті. Жиырма ойынның ішінде он бір ғана гол соқса, соңғы үш кездесуде жеті мәрте қарсылас қақпасын дәл көздепті. Евгений Горячий мен Юлиус Сзоке Талдықорғанда да, Оралда да гол соғып, команданы жеңіске жетеледі. Жалпы, кеншілер соңғы рет бір ай бұрын жеңіліпті. Бүгінгі қарсыласы «Тобылмен» болған кездесуде. «Тобыл» жетінші орынды сақтап қалуға барын салып жүр. Омари Тетрадзе командасы соңғы кездегі ойынымен, нәтижелерімен осыны аңғартты. Әрине, қалған ойындарда бұл мақсатқа жету оңай болмас. Себебі, қостанайлықтар қалған төрт турдың үшеуінде қонақта ойнайтын болады. Онымен қоса, басты бәсекелестері «Шахтер» мен «Атырауға» қарсы. Негізі, осы маусымда «кеншілерден үстем. Үш матчта екі мәрте жеңген, доп айырмашылығы 5:1. Дегенмен, Қарағандыда мамырдың аяғында өткен кездесу алаң қожайындарының жеңісімен аяқталған екен.

2-қазан.

«Астана» - «Оқжетпес»

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ұпайын алған елордалықтардың ішкі біріншіліктегі жайы жақсы. Бұл турдың соңғы ойынында «Астана-Аренада» «Оқжетпесті» қабылдайды. Көкшеліктерде нәтиже де, ойын да жоқ. Іші де дау. Негізгі құрамның төрт футболшысын құрамнан шығарып тастады. Оның ішінде соңғы бір айда «Оқжетпес» соққан жалғыз голдың авторы Марат Хайруллин де бар. Соңғы үш ойындағы команданың нәтижесінен адам шошырлық. Үш жеңіліс, доп айырмашылығы 1:8. Еурокубоктегі ойыннан кейін шаршаған Станимир Стойлов жігіттеріне көкшеліктер ыңғайлы қарсылас болып тұр. Тіпті, жартылай қосалқы құрамы да Владимир Муханов шәкірттерінен басым түсуі ғажап емес. Осы маусымда өткен қос команда арасындағы екі кездесуде де чемпиондар 1:0 есебімен басым түскен екен.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх