Главное Маңызды
04 февр. 2023, 19:52
228
KazFootball.kz в преддверии старта нового сезона предлагает Вашему вниманию рейтинг самых титулованных тренеров в официальных турнирах Казахстана.
03 февр. 2023, 12:33
285
Старший тренер молодежной сборной Казахстана U-21 Кайрат Нурдаулетов прокомментировал итоги жеребьевки отборочного этапа Чемпионата Европы-2025, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на КФФ.
03 февр. 2023, 11:15
346
Главный тренер «Актобе» Андрей Карпович прокомментировал вторые учебно-тренировочные сборы команды, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
02 февр. 2023, 18:45
312
Главный тренер костанайского «Тобола» Милич Чурчич прокомментировал товарищеский матч в рамках учебно-тренировочных сборов против «Динамо-Тбилиси» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба.
02 февр. 2023, 11:42
616
Как стало известно корреспонденту KazFootball.kz, полузащитник сборной Казахстана Аслан Дарабаев перейдет в костанайский «Тобол».

«Астананың» бұрынғы бас директоры Қазақстан Президентіне жүгінді

30 нояб. 2022, 13:52 | 1114
«Астананың» бұрынғы бас директоры Тастанбек Есентаев Facebook парақшасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Мен Тастанбек Есентаев, қазақ спортына өмірін арнаған тәжірибелі маманмын. Соңғы қызметім Астана футбол клубының бас директоры.

Президент мырза, мен сізге еліміздің спорт саласындағы былықтар туралы, оған жол беріп отырған мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен оның айтқанымен ғана жүретін қорқаулар туралы мәлімдеме жасаймын. Ата заңымыздың кепілі ретінде өзіңізден көмек сұраймын.

7 қарашада мен еш себепсіз туризм индустриясы мен спортты қолдау қорының төрағасы Асхат Сейсенбектің бұйрығымен, Астана футбол клубының бас директоры қызметінен босатылдым. Бұл шешімді негізсіз деп санаймын. Түсінікті болу үшін айтайын, Астана футбол клубының құрылтайшысы осы қор. Жұмыс істеген бір жыл ішінде менің тарапыма сын айтылған емес. Кемшіліктер мен заңбұзушылықтардың тіркелмегенін мәлімдеймін. Атқарған ісіме тоқталсақ:

Астана футбол клубын қабылдап алғанымда, клубтың 4 млрд 200 млн теңге қарызы болды. Жаттықтырушы, спортшы және олардың агенттеріне берілуі тиіс осы қаржы үш жыл бойы төленбей келген. Ұзақ жылдар төленбеген осы қарыздың 80 пайызын бір жылдың ішінде төлеп құтылдық.

Екіншіден, клуб басшылығының жалақысын қысқарту арқылы, жаттықтырушылардың жалақысын 35 пайызға өсіруге қол жеткіздік. Ол үшін бюджеттен қосымша қаржы сұралмады.

Үшіншіден, қаржы жоқ деген желеумен, клубқа қарасты балаларға арналған футбол орталығына спорттық құрал-жабдықтар үш жыл бойы алынбаған. Осы мәселені де бюджеттен қосымша қаржы сұрамастан, бір жылдың ішінде өз күшімізбен қамтамасыз еттік.

Төртіншіден, осы бір жылдың ішінде екінші лигада ойнайтын 19 жастағы 25 жас футболшының кәсіби деңгейі жоғарылап, толық құрамда бірінші лигаға көтерілді. Биылғы жылдың ең маңызды жетістігіне тоқталсақ, Астана футбол клубы Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.

Осындай жетістіктеріміз тұрғанда, алғыстың орнына жұмыстан шығу туралы бұйрық алып, қадіріміз қашып отыр. Маған қарсы әрекеттердің бірі осылай басталды. Қазақстан чемпионатының аяқталуына бір ойын қалғанда, Астана клубы турнир кестесінің бірінші орнына көтерілді. Осы кезде мені мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жараспаев шақырып, “чемпионат бітпей тұрып, бас директор қызметін босат, бұл министр Дәурен Абаевтың жеке тапсырмасы”, деп айтты. Мен бұған келіспей, заңды себебін сұрағаныммен, Жараспаев мардымды жауап бере алмады. Ол жігітке Абаевтың құлы емес екенін, спорт саласын басқарып отырған үлкен қызметтік тұлға екенін айтсам да, министрдің дегенінен шыға алмаймын деді.

Осыдан екі ай бұрын, Астана кәсіби спорт клубын қатар басқарып тұрғанымда да, бұл қызметтен кетуімді Дәурен Абаев талап етіп жатыр деп Жараспаев жеткізген еді. Екі қызметті қатар басқарғандықтан, министрдің талабымен келісіп, кәсіби спорт клубындағы қызметімді тапсырып бергенмін. Ал енді чемпиондық атақты қызғанды ма, басқа себебі шықты ма, чемпионатқа соңғы бір ойын қалғанда, футбол клубындағы қызметіңді де өз еркіңмен тапсыр дегенін түсіне алмадым. Бұл жерде жалған ақпараттар жеткізіп, министрді айдап салып отырған спортты қолдау қорының басшысы Асхат Сейсенбек деп санаймын. Өйткені осы қызметтеріме келген күннен, қор басшысы бір жыл бойы менің жұмысыма кедергілер жасап келеді. Асхат Сейсенбектің өз жұмысында кемшіліктер жеткілікті. Оның кейбіріне өзім куәмін. Мәселен, ол өзі басқарып отырған туризм индустриясы және спортты қолдау қорының кассасынан 10 млн теңге алған. Бұл заңсыз әрекеті қызметтік тексеріс барысында толық анықталып, өзі мойындаса да, оны жазалаған ешкім болмады. Бұнысымен қоймай, Асхат Сейсенбек анасының президент әкімшілігінде істейтінін, анасының мемлекетіміздің ең жоғары лауазымды адамдарымен тығыз байланыста екенін, сондықтан да оған ешкім қарсы келе алмайтынын, талай жерде қымсынбай айтып жүр. Оның анасының кім екенін, тиісті орындар өздері анықтай жатар. Менің түсінбейтінім, заңсыздыққа барған осындайлар неге жазаланбайды, неге барын салып жүрген мамандар далада қалады?! Себебі оларды тайраңдатып отырған Дәурен Абаев секілді көкелері бар. Адамды жұмысына емес, тамыр-танысына қарап сыйлайтын, көзінің астындағыны көрмейтін, ізгілікті білмейтіндерден қалай, қашан құтыламыз?! Қызметімді тапсырып беремін, оған жабысып тұрғаным жоқ. Бірақ кімге, Дәурен Абаевтың інісіне ме? Абаев барған жерінің барлығына өз адамдары мен туысқандарын орналастырады дегенді еститінбіз. Менің жағдайымда осы әңгімелер расталып отыр. Өйткені Астана футбол клубына келген жаңа басшы - қазіргі министрдің рулас, ауылдас інісі. Барлығын жиып қойғанда, менің зейнетке шығуыма 8 ай қалды. Осындай қысастықтан денсаулығым сыр беріп, ауруханада емделуге мәжбүр болдым. Ем-шара әлі де жалғасып жатыр. Бұл мәлімдемені мені жұмыстан шығарған күні жасауға дайын болдым. Бірақ президенттік сайлау алдында елді дүрліктіріп, саяси науқанға кедергі келтіргім келмеді.

Атқарған қызметтеріме келсек, 2012 жылы туризм және спорт министрлігі спорт комитетінің төрағасы болдым. Осы жылы Қазақстан құрамасы Лондон Олимпиадасында 204 мемлекеттің ішінде 12-ші орынды иеленді. 2013 жылдан бастап спорт агенттігінің төрағасы қызметін атқардым. 2014 жылы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 28 алтын медаль иеленіп, бұрын-соңды болмаған рекордқа қол жеткізді. Бұның бәрін айтып отырған себебім, осы үлкен жетістіктерге спорт өз алдына бөлек сала болып тұрғанда қол жеткізген едік. Ал қазір, басқа саламен қосарланып, Дәурен Абаев секілді спортты түсінбейтін, интригадан қолы тимейтін адамдар басқарып тұрғанда, спортқа тиісті көңіл бөлінбейді, даму да болмайды. Бұл сөзіме соңғы жылдары Олимпиада, Азия ойындарында жоғары жетістіктерге қол жеткізе алмай келе жатқанымыз дәлел. Сондықтан да, елдің денсаулығын күшейтіп, спортты дамытамыз десек, спортты басқа салаға қоспай, өз алдына бөлек шығаратын кез келді деп санаймын.

Құрметті президент мырза, әділетті Қазақстан, еститін үкімет, жауапты билік саясатын берік ұстанып, насихаттап келесіз. Бұл игі бастамаңызды ел азаматтары толық қолдайды және сізге сенім артып, үлкен үмітпен қарайды. Сізден өтінерім, спорттан мүлде хабары жоқ Дәурен Абаев, Асхат Сейсенбек сияқты дилетанттардың алшаң басуына жол бермеңіз. Спорттан грамм сауаты жоқ бұлармен, мен кез-келген дебатта, кез-келген ашық алаңда кездесіп, ауыздарына құм құюға дайынмын. Ашығын айтқанда бүгінгі күні спорт саласы жетім баланың күйін кешіп отыр. Спорттың кез-келген майталманы қазір осыған өкінеді. Бұл саланы басқарған үш министр де не өздері оңбады, не спортты оңдырмады. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, елге, қоғамға, әр адамға жаныңыз ашитынын, әр саланы кәсіби мамандар басқармаса болмайтынын әрдайым айтып келесіз. Мен де өзімнің ғана емес, спорт деген үлкен, абыройлы саланың мәселесін қозғап отырмын. Менің айтарым да берерім де мол. Қазақта ДАТ деген бар. Датым болғасын, сізге мәлімдеме жасап отырмын. Бұдан былай да Дәурен Абаевтың алаңсыз жасаған іс-әрекеттерін әшкерелеп отырамын.

Сондықтан да осы айтылған азаматтардың жұмысына арнайы тексеріс жасалып, оның нәтижесі қалың бұқараға жариялануы керек деп санаймын. Қажет болса менің де жұмысымды тексерсін. Кемшілік таппаса, өз қызметіме қайта орналастырсын. Мен бәріне дайынмын.

Тастанбек Есентаевтің Facebook-парақшасы

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Астана 26 65-24 53
2 Ақтөбе 26 43-28 52
3 Тобыл 26 46-33 47
4 Қайрат 26 34-36 42
5 Ордабасы 26 36-39 38
6 Ақсу 26 32-37 36
7 Шахтер 26 34-35 32
8 Мақтаарал 26 28-38 31
9 Каспий 26 26-42 31
10 Қызыл-Жар 26 33-32 30
11 Атырау 26 30-39 29
12 Тараз 26 27-29 28
13 Тұран 26 25-35 28
14 Ақжайық 26 19-31 25
Поиск по сайту
Наверх