Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
770
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
427
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
254
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1145
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
574
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Қызықтың бәрі турнир кестесінің түбінде

21 окт. 2016, 14:50 | 1768
Футболдан ел біріншілігінің 30-шы турының қорытындысы бойынша екінші алтылықтағы «Тобыл» мен «Атырау» Қазақстан Премьер-лигасында ойнау құқықтарын сақтап қалды. Ал, «Шахтер», «Жетісу», «Тараз» және «Ақжайықтың» тағдыры әлі шешілмеді, деп жазады KazFootball.kz порталы.

Математикалық есеп бойынша турнир кестесінің соңында орналасқан төрттіктің Премьер-лигада қалу мүмкіндігі де, Бірінші лигаға түсіп қалу қауіпі де бар. Дейтұрғанмен, бұл төрттіктің ішінде «Шахтердің» жағдайы салыстырмалы түрде жақсы. Кеншілердің еншісінде 33 ұпай. Келер турда Алексей Еременко шәкірттері «Жетісуды» жеңсе, Премьер-лигада ойнау мүмкіндігін сақтап қалады.

Премьер-лигада қалу құқығына  талас соңғы үштік арасында өтетіне шүбә жоқ. Салыстырмалы түрде бүл үштіктің арасында «Тараздың» мүмкіндігі көп сияқты. Өйткені, жамбылдықтар соңғы екі ойынды өз алаңдарында өткізеді. Ал, биылғы маусымда «Тараз» ұпайының басым бөлігін өз алаңында алып жүр. Оған барлығын білетін статистика куә.

Әулиеаталықтар биылғы маусымда түзде өткізген 16 кездесудің тек екеуінде жеңіске жетсе, екі рет қарсыластарымен итжығыс түскен. Өз алаңдарында 14 кездесу өткізіп, 6 рет жеңіс тойын тойласа, 2 рет қарсыластарымен тең түскен. Яғни, 66 пайыз ұпайды "Тараз" өз алаңында алды деген сөз. Осы көрсеткішке қарап, жамбылдықтар тоғыспа кездесусіз-ақ Премьер-лигада қалады деп топшалауға болады.

«Жетісу» да ел біріншілігінде қалатын шығар. Тіпті дәл қазір талдықорғандықтардың еншісінде 31 ұпай бар. Турнир кестесінде «Тараздан» жоғары тұр. Алайда, Алмас Құлшынбаев тәлімгерлерін алда қиын ойын күтіп тұр. Алдымен «Жетісу» сырт алаңда «Шахтерге» қонақ болып қайтса, кейін өз алаңдарында «Ақжайықты» қабылдайды. Міне, осы ойын шешуші болғалы тұр.

Талдықорғанда өтетін ойын тек «Жетісу» үшін ғана емес, «Ақжайық» үшін де аса маңызды ойын. Себебі, осы ойында қай команданың қалып, қай ұжымның қоштасатыны анықталады.

Жалпы, қазір барлық жанкүйер «Астананың» қашан чемпион болатынын күтіп, қоланың кімге бұйыратынын аңдып отыр. Дегенмен, қызықтың көкесі турнир кестесінің түбінде болатын сияқты. Енді қалған екі ойында Премьер-лигада қалу құқына таласатын командалар «не бел, не белбеу кетеді» деген ұстаныммен ойнайтын болады. Әйтпесе, кейбір клубтардың деңгейі бір саты төмендеп қалуы ықтимал.

Әрине, сәуегейлік танытып, клубтардың тағдырын шешіп тастау оңай. Бірақ, футболда - «барлығын алаң шешеді» деген қағида бар. Расында, солай-ау. Уақыттың алдына түсіп жүгірмей, әліптің артын бағайық. Біз сіздерге турнир кестесінің түбінде орналасқан төрт команданың алдағы екі турдағы ойындарын ұсынамыз. Сіздер болжамдарыңызды пікір етіп қалдырыңыздар.

31-тур:

"Тараз" – "Тобыл"

"Акжайық" – "Атырау"

"Шахтер" – "Жетісу"

32-тур:

"Тараз" – "Шахтер"

"Жетісу" – "Ақжайық"

"Атырау" - "Тобыл"

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх