Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
764
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
414
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
250
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1137
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
569
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Алыпқа қарсы алғашқы сынақ

20 окт. 2016, 12:20 | 1579
Еуропа лигасында «Астана» бақ сынап жатқан "B" тобындағы ұжымдардың ішіндегі атақтысы да, беделдісі де, ауқаттысы да «Олимпиакос» екені анық. Бүгін Станимир Стойлов серкелері осы ұжыммен қонақта күш сынасып көрмек. Екі турдан кейін қоржында жалғыз ұпай. Жеңіс үшін таласамыз деп ауыз толтырып айтпасақ та, бір ұпайды жат жерде иемденіп кетуге әбден болады.

«Олимпиакос» жайлы сөз бастамас бұрын, футболшыларымыз табан тіреген қала жайлы мағлұмат беруді жөн көрдік. Пирейді ел астанасы Афинамен жалғасып жатқан қала деп таниды. Иық тірестіріп тұр. Эгей теңізінің жағалауындағы елді мекеннің жеті ғасырлық тарихы бар. Біздің дәуірімізге дейін бес мың жыл бұрын іргетасы қаланған екен. Портты қала ретінде атағы әлемге жайылған шаһар. Атауының өзі «жүзіп өту» деген мағына береді деседі.

Тарихта тоқсан жылдан астам дәуірі бар «Олимпиакос» грек футболындағы ең жүлделі клуб. 1925 жылы құрылып, бар болғаны төрт-бес жылдан кейін чемпиондық атаққа қол жеткізеді. Ал, XXI ғасырда екі мәрте ғана тақтан құлапты. Екеуінде де «Панатинаикос» алтыннан алқа тағуға бөгет болған екен.

Үздіксіз ел чемпионы болып отырғандықтан, «Олимпиакос» қарт құрлықтың үздік клубтық турнирінде де талай мәрте өнер көрсеткен еді. Алайда, 1992/1993 және 1998/1999 маусымдарда ширек финалға шыққанымен ғана мақтана алады. Дегенмен, соңғы үш жылда Чемпиондар лигасында бірнеше сенсация жасағаны бар. Мысалы, былтыр «Бавария» және «Арсеналмен» бір топқа түсіп, «зеңбірекшілерді» қонақта тізе бүктіреді. Қорытынды кестеде лондондық клубпен бірдей ұпай жинады. Бірақ, қосымша көрсеткіштер бойынша Арген Венгер шәкірттері келесі кезеңге аттап, гректер Еуропа лигасына жолдама алды. 2014/2015 маусымда өз алаңында Симеоненің «Атлетикосынан», Аллегридің «Ювентусынан» айла асырады. Дегенмен, жарыс соңында екінші орынды иемденген «кәрі сеньорадан» бар болғаны бір ұпайға қалып қояды. Ал, оның алдындағы маусымда тіпті 1/8 финалдан орын алған еді. Топтық турнирде «Бенфиканы» артқа тастап, «ПСЖ»-мен бірге Еуропаның 16 үздік ұжымдарының арасына кіріп, плей-оффтың алғашқы сатысында «Манчестер Юнайтедпен» жүздеседі. Ол кезде Давид Мойес баптаған «қызыл сойқандарды» «Караискакис» стадионында 2:0 есебімен жеңген еді. Бірақ, «Олд Траффордтағы» Ван Персидің хет-тригі гректерді жарыс жолынан шығарып тастайды.

Еуроаренадғы соңғы нәтижелеріне көз жүгіртсек «Олимпиакос» басты клубтық турнирдің командасы. Десек те, осы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне барар жолда күтпеген жерден сүрінді. Үшінші кезеңде «Хапоэльден»(Беэр-Шава) өте алмай қалған еді. Соның салдарынан, соңғы бес жылда бірінші рет Еуропа лигасының топтық турнирінде ойнауға мәжбүр болып отыр.

Алғашқы турда гректер Швейцарияда «Янг Бойзды» Эстебан Камбьяссо голының арқасында жеңгенімен, екінші турда өз алаңында АПОЭЛден ұтылып қалды. Сол ойында Паулу Бенту командасына сәттілік серік болмады. Шәкірттері бір емес, үш мәрте қақпа бағанасын көздеген еді. Жарыс алдында мамандар пирейлік команданы бір ауыздан топ фавориті санағанымен, дәл қазір топты алты ұпаймен АПОЭЛ бастап тұр.

Осы маусымда еурокубокті сәтсіз бастауын команда сапының толықтай өзгеруімен байланыстыруға болатын шығар. Былтыр ұжымның намысын қорғаған футболшылардың сексен пайызы қазір жоқ. Өзгеріс бас бапкерден басталды. Бір маусым баптаған Марку Силваның орнына Нани, Моутиньо секілді таланттардың бағын ашқан, Португалияны Еуропа біріншілігінде қола жүлдеге жеткізген Паулу Бенту келді.

«Олимпиакос» алаңда 4-5-1 жүйесінде жайғасады. Яғни, алдыңғы шепте бір шабуылшымен ғана ойнайды. Әдетте, матч басынан Браун Идейе шығады. Нигериялық футболшы ішкі біріншіліктегі бес кездесуде бес гол соғыпты. Ойын барысында оны парагвайлық ардагер футболшы Оскар Кардосо алмастырады. Қос қапталдан бразилиялық азамат Себа мен Константинос Фортунис көмектесді. Ал, шабуылшыдан бір қадам артта ойнайтын азамат шыққан тегі серб, неміс аяқдопшысы Марко Марин. Төрт жыл бойы «Челсидің» футболшысы болып, негізгі құрамға іліге алмай «Севилья», "Фиорентина" және басқа да клубтарда жалда жүрген Марко осы маусымның басында «Олимпиакос» ойыншысы атанды. Алайда, Себаның орнына Тарик Эльюнусси шығуы да мүмкін. Орталық алаңның беріктігіне команда капитаны Лука Миливоевич пен Андре Мартинш жауап береді. Серб футболшысы үшін ресейлік «Зенит» жазда 10 миллион еуро ұсынған. Бірақ, «Олимпиакос» басшылығы футболшыны Ресейге жіберген жоқ. Орталық қорғаныста Мануэль да Кошта мен Альберто Ботия жұп құрауы тиіс. Ал, оң қапталдағы Альберто де ла Белияның «Астанаға» қарсы шығу-шықпауы әлі белгісіз. Былтыр «Реал Сосьедадтың» намысын қорғап, жазда еркін агент ретінде гректік ұжымның сапын толықтырған 30 жастағы испандық футболшы ішкі біріншіліктегі соңғы ойынға да қатыспаған екен. Оның орнына Панайотис Рецос шығады деп күтілуде. Жас футболшы осы маусымда алғашқы минуттардан алаңғы шығып көрмепті. Ал, қорғаныстың сол қапталы тағы бір испандық азамат Диогу Фигейроштікі. «Севильядан» орын таппаған Диогу да жазда «Олимпиакосқа» ауысып келді. Бүгінгі таңда Паулу Бентудың ең сенімді футболшыларының бірі. Қақпадағы позицияға келгенде португал маманы соңғы кездері сәнге айналған жүйені ұстанса керек. Себебі, ішкі біріншілікте Капион Стефаносқа қақпа күзеттірсе, Еуропа лигасында Никола Леалиге мүмкіндік береді. Екеуі де жас. Алғашқысы Грекия азаматы, соңғысы Италия азаматы. «Астанаға» қарсы матчқа итальяндық футболшы шығуы керек.

«Олимпиакос» соңғы төрт ойында екі мәрте жеңіліпті. Ал, өткен турда қонақта «Паниониостан» Альберто Бетия мен Лука Миливоевич соққан голдардың арқасында басым түсті. «Астана» ішкі біріншілікте «Қайратқа» есе жіберді. Стойлов командасы еурокубоктің топтық турниріндегі алғашқы жеңісіне әлі де қол жеткізе алмауда. Қонақта былтырғы Чемпиондар лигасының топтық турнирімен қосқанда бір ұпай ғана еншілепті.

Өз жерінде екі апта бұрын АПОЭЛға тізе бүгіп, жанкүйерлердің алдында ұятқа қалған Паулу Бенту шәкірттері қалай да «Астананы» жеңуге барын салады. Басқа нәтиже өте сәтсіз болып саналады. Ал, біздің чемпион білгенінен жаңылмаса дейміз.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ             

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх