Главное Маңызды
19 апр. 2024, 12:30
242
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Второй лиги после второго тура.
19 апр. 2024, 10:59
208
Казахстанский полузащитник «Гомеля» Абинур Нурымбет рассказал об играх в условиях Рамадана, целях по голам на сезон и адаптации в новом клубе, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Sport5.by.
17 апр. 2024, 16:03
629
Экс-нападающий сборной России и «Кайрата» Андрей Аршавин вспомнил о матче на «Энфилде» и о времени проведенном в «Арсенале», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Спорт-Экспресс».
15 апр. 2024, 19:06
5337
Исполняющий обязанности главного тренера карагандинского «Шахтера» Андрей Финонченко подвел итоги матча 1/8 финала Кубка Казахстана с семейским «Елимаем» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
15 апр. 2024, 18:37
785
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.

Пирей жерінен жеңіліп қайттық

21 окт. 2016, 14:00 | 1487
Еуропа лигасының топтық кезеңінің үшінші турында Грекияның Пирей қаласында жергілікті «Олимпиакосқа» қарсы кездесу өткізген ел чемпионы «Астана» ірі есеппен ұтылды. Алаң қожайындарының төрт добына елордалықтар бір нәтижелі соққымен ғана жауап қатты. Үш ойыннан кейін бар болғаны бір ұпай олжалаған «Астана» турнир кестесінің соңында тұр.

Станимир Стойловтың негізі құрамды таңдауда таңдауы көп бола қойған жоқ. Қорғаныстағы бестіктің есімдері де, Неманья Максимович болмағандықтан Асхат Тағыбергеннің Рохер Каньяспен бірге орталық жартылай қорғанысқа шығатыны да, Джуниор Кабананганың шабуыл шебінде орналасары да айқын еді. Тек қос қапталға қай футболшыларды шығарары белгісіз болған. Бас бапкер Патрик Твумаси мен команда капитаны Таңат Нөсербаевты ойнатып, Серікжан Мужиков пен Джордже Деспотовичті қосалқы құрамда қалдыруды жөн санаған екен.

Ойын басындағы он минутта «Астана» допқа таласып, қарсылас жарты алаңында қысым жасап, Твумаси алыстан соққы бағыттап, гректермен терезесі тең ойнай алатындай әсер қалдырған. Бірақ, он минуттан кейін алаң иелері жылдамдықты күрт арттырып, қорғаушыларымыз гректердің соңынан үлгермей жатты. Қорғаныстағы қателіктер «Олимпиакостың» алғашқы бұрыштамасынан кейін-ақ басталды. Панайотис Рецос айып алаңының ішінде еш кедергісіз баспен қақпаға соққы бағыттаған. Алайда, Ненад Эрич қырағылық таныта білді. Ал, келесі бір сәтте Ненадтың өзі алыстан бағытталған соққыны сенімсіз қайтарды. Дегенмен, дер кезінде Юрий Логвиненко көмекке келіп, Оскар Кардосаның қақпаны дәл көздеуіне мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін, қалай сезгені белгісіз Паулу Бенту шәкірттері қорғаныстың ең әлсіз тұсын тауып алды. Дмитрий Шомко жиі қателісті. Қарсылас ойыншылары Марин Аничичті айып алаңымызда шыр айналдырды. Қысқасы, қорғаныстың сол қапталы сыр берді. Әуелі, Дмитрий қорғаныстан шығу кезінде қате пас беріп, қарсыластың жылдам шабуылына "мұрындық" болды. Доп Костас Фортунистың еншісіне бұйырып, грек айып алаң ішінде Маринді оңай алдап өтіп, Диогу Фигейрашқа пас берді. Оны кеш қимылдаған Каньяс та, Логвиненко да жауып үлгере алмады. Португалдық қорғаушы есеп ашты. Араға 7-8 минут уақыт салып-ақ енді Тарик Эльюнусси Аничичті қарсылас құрлы көрмей бір-екі қимылмен алдап, соққы бағыттайтын өзіне ыңғай жасап, алыс бұрышқа шірене тартты. Қақпасын екінші голдан аман алып қалатын Эричте қауқар жоқ еді. Көп ұзамай қақпамызға үшінші доп та еніп кетті. Бразилиялық Себа Эричпен жеке-дара шығып, қапыда қалдырып, бірінші таймдағы қорытынды есепті тіркеді. 3:0!

Екінші таймның басында «Олимпиакостың» қақпашысы Никола Леали «Астанаға» гол сыйлады десек болар. Болмашы жерден қателескен италияндық футболшы Кабананганың аяғына допты салып берді. Бірінші таймда бір-екі мәрте офсайдта қалып қана телекамералардың назарына іліккен шабуылшымыз допты қақпашының үстінен асырып, «Астананың» топтық кезеңдегі екінші голын соқты. Осыдан соң, Стойлов жігіттерінде жігер пайда болғандай еді. Тағы бір доп соға ма деген үміт болатын... Твумаси айып алаңға еніп бара жатыр еді.. Қарсылас қорғаушысы қолын ганалық желаяқтың иығына қойып, төрешіге байқатпай артынан аяғынан шалмаса да, құлататындай етіп тиіп.. Әйтеуір, тоқтатты. «Астана» доптан айырылды, «Олимпиакос» шабуылға кетті. Каньяс Фортунисті шалып құлатып, екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылып кете барды. Төрешінің Твумасиге қарсы тәртіп бұзылғаны үшін ойынды тоқтатпағанына жүйкесі сыр берсек керек. Екі оқиғаның арасында отыз секундтай ғана уақыт өтіп еді. Осыдан кейін, матчта кімнің жеңіске жетері айдан анық еді. Себа тағы бір доп тоғытып, есепті 4:1-ге жеткізді. Дегенмен, «Астана» ойын аяғына дейін қарсылық танытты. Мүмкіндік де болды. Бірақ, Кабананга бос қалған қақпаны дәл көздей алмады.

Қонақтағы екінші матчында да жеңілген «Астана», өз алаңында еншілеген бір ұпаймен топтың соңғы орнында. Қатар өткен ойында «Янг Бойз» өз алаңында топ көшбасшысы АПОЭЛды 3:1 есебімен жеңіп, қоржындағы ұпай саныпн төртеуге жеткізді. Ал, АПОЭЛ мен «Олимпиакоста» алты ұпайдан.

«Астана» келесі кездесуін қарашаның үшінші жұлдызында өз алаңында «Олимпиакосқа» қарсы өткізеді.  

Еуропа лигасы. «B» тобы. 3-тур.

«Олимпиакос» (Пирей, Грекия) - «Астана» (Астана, Қазақстан) - 4:1

Голдар: Диогу Фигейраш 25, Тарик Эльюнусси 33, Себа 34, 65-Жжуниор Кабананга 54

Ескертулер: Альберто Ботия 24, Лука Миливоевич 72-Рохер Каньяс 44, Асхат Тағыберген 48, Жуниор Кабананга 65, Игорь Шитов 77, Серікжан Мужиков 80, Патрик Твумаси 85

Алаңнан қуылды: Рохер Каньяс 58

«Олимпиакос»: Никола Леали , Альберто Ботия, Мануэл да Кошта, Диогу Фигейраш, Лука Миливоевич (Эстебан Камбьяссо 74), Андре Мартинш, Тарик Эльюнусси (Георгис Мантатис 69), Себа, Оскар Кардосо, Костас Фортунис (Андреас Бухалакис 79), Такис Рецос.

«Астана»: Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Марин Аничич, Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Асхат Тағыберген(Серікжан Мужиков 63), Таңат Нөсербаев (Игорь Шитов 59), Патрик Твумаси, Жуниор Кабананга (Джордже Деспотович 72)

Төреші: Тобиас Штиллер (Германия)

21-қазан. Пирей. «Георгиос Караискакис».

Ойынның статистикасы:

Соққылар: 20 — 9

Дәл бағытталған: 9 — 4

Бұрыштама: 7 — 2

Офсайдтар: 2 — 4

Допқа иелік ету: 64 % — 36 %

Сары қағаз: 2— 7

Қызыл қағаз: 0-1

Тәртіп бұзу: 11 — 8.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 4 4-2 8
2 Қызылжар 4 8-2 7
3 Ордабасы 4 8-3 7
4 Ақтөбе 3 7-2 7
5 Тобыл 3 6-2 7
6 Елимай 4 4-4 7
7 Астана 4 4-2 6
8 Туран 4 2-3 4
9 Жетісу 3 1-2 4
10 Атырау 4 2-3 3
11 Шахтер 4 1-8 3
12 Женис 4 1-9 3
13 Қайсар 3 1-7 0
Футболист недели Апта үздігі
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Серікжан Мужиков
Полузащитник Жартылай қорғаушы
7
Поиск по сайту
Наверх