Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
762
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
414
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
250
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1136
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
568
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

"Ақтөбе" тағы да "Астананың" мерекесінде "сыйлы қонақ" бола ма?

22 окт. 2016, 10:20 | 1744
Былтырғы чемпионаттағы соңғы тур мен осы біріншіліктегі XXXI турдың бір ұқсастығы бар. «Астана» «Ақтөбені» қабылдайды. «Қайрат» қолаға таласып жатқан ұжыммен кездеседі. Өткен жылы соңғы турда дәл осылай болған. Тур қорытындысы бойынша «Қайрат» аһ ұрып, «Астана» чемпиондық атағын қорғаса, бәрі айна қатесіз қайталанады.

22-қазан

"Тараз" - "Тобыл"

Турдың ойындары сенбі және жексенбі күндері өтеді. Соңғы алтылықтағы командалар матчтарын сенбіде өткізсе, жоғарыдағы ұжымдардың кездесулері жексенбіге жоспарланып қойылған. Әуелі, Тараздағы матч жайлы сөз қозғалық. Жанын шүберекке түйіп, Премьер-лигада қалу үшін ақ тер, көк тер болып таласып жатқан «Тараз» жетінші орынға мықтап жайғасып алған «Тобылды» қонақ етеді. Өткен турда басты қарсыластары «Ақжайыққа» есе жіберген команданы жамбылдықтар жеңе ала ма? «Тараз» бен «Тобыл» арасындағы осы маусымда өткен ойындарда қашан да алаң қожайындарының мерейі үстем болыпты. Яғни, Қостанайдағы екі матчта «Тобыл» басым түссе, «Таразда» Юрий Максимов командасы жеңіпті. Негізі, жамбылдықтар өз жеріндегі соңғы үш матчта тоғыз ұпай алған. Осы матчта да толық ұпай жинамаса, жамбылдықтар үшін жағдай мүлде қиындай түседі.

"Ақжайық" - "Атырау"

Батыс дербиінде «Атыраудың» «Ақжайықта» кеткен есесі бар. Екінші кезеңнің бірінші айналымында «Мұнайшы» стадионындағы кездесуде бірінші тайм қорытындысы бойынша 1:0 жеңіп жатып, екінші таймда екі гол өткізіп, тізе бүккен еді. Атыраулықтардың тіс қайрап отырғаны анық. Стойчо Младенов жігіттерінде «Тобылды» жетінші орыннан түсірсек деген мақсат та бар болар. Алайда, «Ақжайықтың» мақсаты мүлде бөлек. Вахид Масудов шәкірттерінің көздегені қалай болмасын соңғы орынға түсіп қалмау.

"Шахтер" - "Жетісу"

Екінші айналымда он төрт доп соққан «Жетісудың» шабуыл шебі өткен турда «Таразға» қарсы үнсіздік танытты. «Шахтер» екі тур қатарынан екінші алтылықтағы көшбасшылармен жолығып, жолы болмады. Дәл бүгін «кеншілердің» «Жетісудан» бір саты жоғары тұрғанының себебі, бір ай бұрынғы жеке кездесудегі жеңісінің арқасы. Тоқсан минут бойы жеңіліп жатып, төреші қосқан екі минутта Андрей Шабанов қақпасын екі мәрте дәл көздеп кеткен қарағандылықтар Талдықорғаннан үш ұпайды алып кеткен еді. Бұл матчта да «Шахтердың» бағы жанып жатса, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалады.

23-қазан

"Оқжетпес" - "Ордабасы"

«Ертіспен» болған ойында алысып-жұлысып жүріп шымкенттіктер қола үшін таластағы интриганы сақтап қалды. Енді Көкшетауда Владимир Муханов командасын міндетті түрде тізе бүктіруі тиіс. Көкшеліктер «Ақтөбемен» тең түсіп, арман болған ұпайға қол жеткізді-ау, әйтеуір. Негізі, «Оқжетпестің» төртінші орынды иемденуге толықтай мүмкіндігі бар. Біріншіден, «Ордабасыны» опық жегізуі керек. Сонда ұпай санын біреуге қысқартады. Екіншіден, «Астананың» жексенбі күні чемпион атануын тілеуі керек. Себебі, келер аптаның сәрсенбісінде 25-ші турдың кейінге шегірілген матчын өткізеді елордалықтарға қарсы. Стойлов ол матчқа негізгі құрам футболшыларының көбін қатыстырмауы мүмкін алтын қолда болса. Сосын, соңғы турда «Қайратқа» қонаққа бармақ. Бір сөзбен, "Оқжетпес" үшін сын сағаты келді десек болады. Көпті көрген Мухановтың жігіттерді қайрар кезі келді. Ал, «Ордабасының» бұны ескерері сөзсіз. Үш ойыннан бері жеңіс көрмеген жігіттерді Бахтияр Байсеитов жігерлендіре ала ма?

"Ертіс" - "Қайрат"

«Қайрат» үшін керекулік «Ертіс» ыңғайсыз қарсылас деп атауға келмес. Осы маусымда қанша қарсылық танытса да, алматылықтар үш ойында тоғыз ұпайды алыпты. Бұл матчта Кахабер Цхададзе жігіттері Астанадағы ойынға құлақ түріп ойнайтыны түсінікті. Елордалықтарға «Ақтөбе» лайықты қарсылық таныта алмай, "Астана" басым түссе, чемпиондықтан «Қайраттың» күдері толықтай үзіледі деген сөз. Ал, Димитар Димитров баптайын «Ертістің» «Қайратты» сан соқтырсақ деген арманы бар. Оның үстіне, қоланы да қолға түсірер еді толық үш ұпай алса. Сондықтан, екі қоянды бір оқпен атып алу үшін керекуліктердің жан алып, жан берісеріне талас жоқ. Онымен қоса, Роман Муртазаев пен Жерар Гоуға қарсы қорғаушыларға сақ ойнауды бас бапкер түсіндіретін шығар. Себебі, екеуі де үздік сұрмерген атағына таласып жатыр. Әзірше, Гоу бір қадам алда. Бірақ, өткен турда, «Астана» қақпасына пенальтиден доп дарыта алмай, бармақ шайнады.

"Астана" - "Ақтөбе"

«Астана» соңғы жеті күндегі үшінші матчын өткізгелі отыр. Әрине, Станимир Стойлов жігіттеріне қиынға соғып жүргені анық. Қорғаныстағы қателіктер де көбейді. Өзімен деңгейлес немесе тәжірибиесі жоғары ұжымдарға жолыққанда байқалып жатады. Екінші кезеңде «Қайратпен» екі мәрте жолығып, жеті доп өткізсе, Еуропа лигасындағы үш ойыннан кейін Ненад Эрич алты мәрте допты қақпадан алып шықты. Дегенмен, «Астана» үшін «Ақтөбені» жеңу қиынға соға қоймас. Осы маусымда батыстық ұжым бірде-бір рет чемпионның бетінен қақпапты. Негізі, бір ай бұрынғы Ақтөбедегі кездесуде бір ұпайды алуға жақын болған. Бірақ, Марин Аничич өзі тән мәнерде ойынның соңғы минуттарында баспен гол соғып кетті. Қаншалықты тез чемпион болса, «Астанаға» соншалықты маусымның қалған бөлігінде оңай болмақ. Арқадан ауыр жүк түсіп, бар күшті еурокубокке жұмсап көрмек. Мүмкіндік жоқ емес қой. Ал, алғашқы алтылықтың соңында тапжылмай тұрып қалған «Ақтөбе» екінші жыл қатарынан «Астананың» чемпиондығына куә болып, құттықтауын айтып, «сыйлы қонақ» болып қайта ма? Әлде, қарсыластың шаршаңқы күйін пайдаланып, аяқтан шалып, алтынның мәселесін кейінге шегере ме?

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх