Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
770
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
425
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
254
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1145
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
574
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Кестенің әр бөлігінде интрига

24 окт. 2016, 10:10 | 1696
Ел чемпионатының XXXI туры да маңызды мәселелерді мойнына алудан қашқан секілді. «Астанамен» қатар «Қайрат» та жеңіске жетіп, үш ұпай айырмасын сақтап қалды. Қоладан «Ертіс» пен «Ордабасымен» қатар, «Оқжетпес» те дәмелі. Кестенің соңы мүлдем шым-шытырық.

«Тараз» - «Тобыл» - 2:1

Голдар: Малик Мане 12, Йоан Мера 23 - Чиприан Дяк 88

Екінші алтылықтың көшбасшысы мен кестедегі соңғы командалардың арасындағы кездесуде жамбылдықтарға жеңіс ауадай қажет еді. Юрий Максимов командасы матчтың он екінші минутында есеп ашты. Малик Мане айып алаңының ішінде бір қорғаушыны алдап, сол аяғымен алыс бұрышқа жойқын соққы бағыттап, қақпашыға еш мүмкіндік қалдырмай, командасын алға шығарды. Он минуттай уақыт өткен соң команда капитаны қорғаушы Йоан Мераның көзге түсуіне өз септігін тигізді. Бұрыштамадан румын футболшысына әуелете тамаша пас берген еді. Мераға үш-төрт метр жерден Владимир Логиновскийдің қақпасын дәл көздеу қиындық туғызбады.

Ойынның екінші бөлігінде қос командада да мүмкіндіктер молынан болды. Мане өз соққысымен қорғаушыны тапты. «Тараз» қақпашысы екі-үш жерде ерлік танытты. Дегенмен, кездесудің аяғында «Тобыл» бір доп соқты. Ойынға тыңнан қосылған Чиприан Дяк айып алаңының сыртынан шірене тартып есеп айырмасын қысқарды. Ал, қалған бес минутта қонақтарда бір ұпайды алып кетуден гөрі, алаң қожайындары есепті еселеуге жақын болды. «Тобыл» өзінен төмен тұрған командалардың да жеңілуіне байланысты чемпионаттағы жетінші орынды йемденсе, «Тараз» оныншы орынға көтерілді.

«Ақжайық» - «Атырау» - 3:1

Голдар: Константин Дудченко 16, Коронель Ортиз 37 пенальти, 70 - Вячеслав Шарпар 60

Алғашқы кезеңде «мұнайшылар» оралдықтарды екі кездесуде де шаң қаптырса, тізгінге Вахид Масудов келісімен батыс дербиінде «Ақжайықтың» мысы басым болды. Бір ай бұрын Атырауда жеңсе, енді өз алаңында қарсыластың жүзін жерге қаратып отыр. Әрине, Стойчо Младенов шәкірттері алаңдайтындай жайт жоқ. Төменгі лигаға түспейді. Кейбір матчтарда барын салып ойнамайтыны да сондықтан болар. Мәселен, осы кездесуде алғашқы минуттардан-ақ, алаң қожайындарына допты беріп қойды. Ал, «Ақжайық» бірінші таймда қос доп тоғытып тастады. Он алтыншы минутта Константин Дудченконың жиырма метрдей жерден тепкен добы қақпадан табыла кетті. Отыз жетінші минутта парагвайлық Коронель Ортиз пенальтиді сәтті орындап, команданың екінші голының авторы атанды.

Екінші таймда ғана қонақтардың шабуылына қан жүгірді. Көп ұзамай есеп айырмасын да қысқартты. Вячеслав Шарпар бұл турдағы үздік голдардың бірін соқты десек болар. Павел Шабалиннен пас алған Шарпар, айып алаңға ене бере бір қимылмен бірден екі қорғаушыны қапыда қалдырып, қақпадағы Денис Төлебаевтың екі аяғының ортасынан жәй соққымен допты өткізе салды. Алайда, он минут өткен соң Ортиз тағы да мергендігімен көзге түсіп, команданың жеңісіне нүкте қойды. Дубльдің авторы атанған оңтүсік америкалық футболшы жеті доппен команданың үздік сұрмергені болып тұр. Бірнеше маңызды ойындарда «Ақжайыққа» ұпай сыйлаған Ортизді маусым соңында жанкүйерлер команданың үздік футболшысы деп танитын шығар.

«Шахтер» - «Жетісу» - 4:1

Голдар: Юлиус Сзоке 12, Мақсат Байжанов 44, 88, Деслей Уббинк 69 - Максим Азовский 90+1

«Жетісу» жігіттері жертөледен табылды. «Ақжайық» та, «Тараз» да жеңіске жетіп, талдықорғандықтарды соңғы орынға түсіріп тастады. Қарағандыда «Шахтермен» жолыққан Алмас Құлшынбаев баптайтын команда тас-талқан болып ұтылды. «Кеншілер» кейінге қалдырмай, осы турда Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға әбден ниетті еді. Іске ойын басынан шыңдап кірісті. Юлиус Сзоке жылдам гол тоғытып, бәрін бастап берді. Мақсат Байжанов үзіліске бір минут қалғанда «Жетісу» қақпасына екінші допты дарытса, екінші таймда нидерландық футболшы Деслей Уббинк таблодағы көрсеткішті іріледі. Ал, бұл жолы негізгі уақыт аяқталуға екі минут уақыт қалғанда Байжанов команданың төртінші, өзінің матчтағы екінші добын соқты. Қонақтардың бар күші төреші қосқан қосымша уақытта бір голмен жауап қатуға жетті. Айып алаңының ішінде қорғаушылардың қараусыз қалдырғанын пайдаланып, Максим Азовский қақпаны дәл көздеді. Ірі жеңісті тойлаған «Шахтердың» келер маусымда Премьер-лигада өнер көрсетері белгілі. Ал, соңғы турдағы «Жетісу» мен «Ақжайықтың» кездесуі өмір мен өлімнің арпалысы болғалы тұр.

«Оқжетпес» - «Ордабасы» - 3:0

Голдар: Александр Чижов 60, Ристо Ристович 62, Санат Жұмақанов 88

Соңғы үш айда болмаған оқиға! «Оқжетпес» екінші тур қатарынан қоржынға ұпай салып отыр. Өткен аптада «Ақтөбемен» тең түскен көкшеліктер, бүгін «Ордабасыны» оңдырмады. Алғашқы таймдағы ойынға қарап, «Оқжетпестің» ірі жеңісін ешкім күтпеген шығар. Алайда, екінші таймдағы екі минутта Владимир Муханов жігіттері қонақтарды есеңгіретті. Алдымен, Александр Чижов шымкенттік қақпашы Алмат Бекбаевтың осал тұсын тапты. Бар болғаны екі минуттан кейін Санат Жұмақановтың тамаша пасын голға ұластырған серб футболшысы Ристо Ристович есепті еселесе, матч аяғында Санаттың өзі де мергендік танытты. Қорытынды есеп 3:0. «Ордабасы» маусымда екінші рет ірі есеппен жеңілсе, көкшеліктер екінші айналымда бар болғаны екінші мәрте жеңістің дәмін сезініп отыр. Муханов шәкірттері сәрсенбіде «Астанамен» жолығады. Соңғы турда «Қайратқа» қонаққа бармақ. Ал, шымкенттік ұжым «Ақтөбені» қабылдайды. Әзірше Бахтияр Байсеитов командасы «Оқжетпестен» бір ұпай озып тұр.

"Ертіс" - "Қайрат" - 1:3

Голдар: Карлуш Фонсека 85 - Жерар Гоу 54, 90+5, Бауыржан Исламхан 68

Димитар Димитров қанша мықты болса да, осы маусымда «Қайратқа» азуын батыра алмай-ақ қойды. Төртінші рет жеңіліп отыр бүгін. Алматылықтарға қарсы тым құрығанда бір ұпай еншілегенде, бүгін қоланы қамтамасыз етіп алатын еді. Онда «Қайрат» та алтыннан үміт үзетін еді. Алайда, Кахабер Цхададзе жігіттері керекуліктерге еш мүмкіндік берген жоқ. Исламбек Қуат пен Жарко Марковичтің жоқтығы да қиындық туғызбады. Алғашқы таймда есеп ашылмаса, үзілістен кейін «Қайрат» қарқынға мінді. Премьер-лигадағы үздік шабуылшылардың текетіресінде Жерар Гоудың айдарынан жел есті. Қара құрлық өкілі екінші таймның басында есеп ашты. Араға он бес минуттай уақыт салып капитан Бауыржан Исламхан басымдылықты екі допқа жеткізді. Дегенмен, алаң иелері қол қусырып қарап қалған жоқ. Ойынды құтқаруға Димитровтың барлық шәкірттері жанын салды десек болар. Карлуш Фонсека сексен бесінші минутта бір гол соқты. Осыдан кейін, «Ертіс» қорғанысты ұмытып бар күшті алдыңғы шепке салды. Ал, осыны пайдаланған «Қайрат» матчтың соңғы секундтарында тағы бір мәрте Антон Цирин қақпасын дәл көздеді. Гоудың еншісінде дубль. Енді Жерар Роман Муртазаевтан үш допқа озып кетті. Үздік сұрмерген атағына таласта кімнің жеңері белгілі секілді. Ал, «Ертіс» қоланы иемдену үшін соңғы турда «Астанаға» есе жібермесе болды. «Қайрат» болса келесі сәрсенбі күні «Оқжетпеске», сенбіде «Ертіске» жанкүйерлік танытары белгілі.

«Астана» - «Ақтөбе» - 1:0

Гол: Джордже Деспотович 11

«Астана» чемпион атана алмады. Дегенмен, өз алаңында «Ақтөбені» жеңіп, «Қайратпен» ара-қашықтықты сақтап қалды. Ойынды көрмей, таблодағы есепке қарап «Астана» үшін қонақтардың сағын сындыру қиын болғандай әсер қалдырады. Әсте олай емес. Станимир Стойлов командасында бір емес, кемі бес доп соғатын мүмкіндіктер болды. Дегенмен, елордалықтар минимальды жеңісті қанағат тұтты. Ойынның он бірінші минутында айып соққысынан кейін орын алған әдемі комбинацияға Джордже Деспотович тамаша нүкте қойды. Сонымен, «Астана» чемпиондықтың мәселесін кейінге шегерген секілді. Стойлов шәкірттері «Қайрат» секілді бір ойын емес, екі кездесу өткізеді. Апта ортасында 25-ші турдың кейінге шегерілген ойынында Көкшетауда «Оқжетпеспен», сенбі күні Павлодарда «Ертіспен». Осы екі ойында кемі бір ұпай «Астананың» үшінші чемпиондығын қамтамасыз етеді.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх