Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
1061
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
728
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
385
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1396
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
715
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Экспорттауды қашан үйренеміз?

16 февр. 2016, 10:26 | 3324
Қазақ футболының ақырындап болса да дамып келе жатқаны әмбеге аян. Бірақ, мойындауымыз керек, оның барлығы импорттың арқасы. Ал, экспорт деген түсінік әзірше қазақ футболында жоқтың қасы деп айтсақ, артық айтқандығымыз емес.

Экспорт – тауарды, капиталды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету дегенді білдіреді. Әлемдік футболда тауар деген - футболшы. Қазір көптеген клубтар футболшы сатып күнін көріп жатыр. Ұлттық құрамалар болса, шет елде ойнап жүрген футболшыларының арқасында толағай табыстарға жетуде. Бірақ, біз экспорт сөзін футболда некен-саяк қолданамыз. Өйткені, Қазақстан шет елге футболшы жіберушілердің арасында көш соңында келеді.

Соңғы он жылдықта Қазақстан футболшылары арасында шет ел асып, доп депкен футболшыларды екі қолдың саусағымен санап алуға болады. Олар - Абзал Бейсебеков (Корона - Польша), Бауыржан Тұрысбек (Раднички - Сербия), Сергей Хижниченко (Корона - Польша), Әли Әлиев (Диярбакырспор - Түркия), Антон Чичулин (Гиресунспорт - Түркия), Давид Лория (Каршияка - Түркия), Бауыржан Исламхан (Кубань - Ресей), Самат Смақов (Ризеспор-Түркия). Бұл қазақ жанкүйерлеріне танымал деген футболшылар.

Дегенмен де, бұл тізімге енген футболшы да, енбеген футболшы да шет елде бір маусымнан (кейбірі жарты маусым) көп ойнаған жоқ. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Польша біріншілігіне екі футболшымыз - Бейсебеков пен Хижниченко барған болатын. Алайда, аталған аяқдопшылар "Корона" сапында көп қалмады. Абзал 4 қана кездесуге қатысып, маусымның ортасында елге қайтып келсе, Сергей 26 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Осы көрсеткіштеріне қарамастан Хижниченко бір-екі күн бұрын Польша футболындағы сәтсіз трансферлердің қатарына қосылды. Бауыржан Тұрысбек бағын Сербия жерінде сынап көрген болатын. Бірақ, 4 матчқа қатысып, қайта Қазақстанға оралды.

Осыдан кейін "Неге қазақстандық футболшылар шет елдік клубтарда көсіле ойнай алмайды", - деген заңды сұрақ ойға топ ете қалады. Сіз болып, біз болып осы сауалдың басын ашын, себебін анықтап көрсек.

Бірінші себеп

Қазақстанда футболшылар қомақты жалақы алады. Сөйтіп әбден "семіріп" алған. Әрине, біз футболшылардың нақты қанша жалақы алатынын дөп басып айта алмаймыз. Десе де Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда футболшылардың жалақылары 3-4 есе көп. Сол үшін де біздің футболшылар шет елдегі мардымсыз жалақыға барғылары келмейді. Егер де қазақстандық клубтар жас футболшылардың жалақы мөлшеріне шектеу қойса, онда бір нәтиже шығары анық.

Екінші себеп

Бізде бәсеке төмен. Шыны керек, Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі өзге Еуропа елдерімен салыстырғанда төмендеу. Сол үшін де шет ел біріншілігіне барған қазақстандық футболшы бәсекеге шыдай алмай, елге кері қайтып жатады. Облыс, аймақтарда академиялар саны да аз. Сондықтан да, қай бір клубтың болса да негізгі құрамына өтіп алған футболшы кемі 3-4 жыл “жылы” орнынан жылжымайды.

Үшінші себеп

Ащты да болса шындық, қазақстандық футболшыларда тәртіп жоқ. Мұны бапкерлер де сан мәрте сөз еткен. Бір маусымды сәтті ойнаса, келер жылы “жұлдыз” бола шығады. “Тәртіпке бағынған құл болмайды”. Осы сөзді біздің футболшылардың құлағына қайта-қайта құю керек секілді.

Бұл-біздің ойымызша басты себептер. Әтсе де, бұдан да басқа себептер толып жатыр. “Қыстың қамын жаз ойла”,-деген жақсы сөз бар. Футбол ойыны жылдан-жылға дамып келеді. Ал, біз сол көшке әлі дұрыс іліге алмай жүрміз. Егер, ертеңгі көрсеткіштеріміз көңілден шықсын десек, қазірден бастап қамдану керекпіз. Елімізде футболдың даму жүйесін бір жолға қойып, шет елге жас футболшыларымызды экспорттап үйрену қажет.

Керек-дерек

2016 жылдың басында Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) футболшыларды ең көп экспорттаған елдер мен клубтардың тізімін шығарды. Бірден айтайық, бұл тізімде Қазақстан жоқ. Көш басында Голландия мен “Аякс” тұр деп ойлаған да шығарсыз. Қателесесіз. Тізімнің бірінші сатысында Сербия мен Белградтың “Партизан” клубы тұр.

Сербиядан бір жылда 164 футболшы шет ел командаларына ауысқан. Ал, клубтар арасында көш басында тұрған “Партизан” бір жылдың ішінде 78 (!) жас футболшыларын Еуропада клубтарына сатқан екен.

Сондай-ақ, тізімнің үздік ондығына “Қайрат” қапы қалдырған “Црвена Звезда” (49) мен тағы бір сербиялық “ОФК” (37) орналасқан.

ТМД елдері арасында тізімде Минскінің “Динамо” клубы бар. Бұл ұжым бір жылда шет елге 38 футболшы шығарған. Ресей, Украина секілді елдердер тізімнің екінші жүздігінде.

Уалихан Қосанбай

фото: sports.kz, vesti.kz, prosportkz.kz


 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх