Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 20:05
763
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
414
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
250
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1137
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
569
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:

Соңғы аялдама

29 окт. 2016, 03:30 | 1847
Сегіз айға созылған XXV Қазақстан чемпионаты сенбі күні өз мәресіне жетеді. Соңғы турдағы барлық матчтар бір уақытқа жоспарланып отыр. Алты ойынның бесеуі маңызды. Яғни, олардың нәтижелері қорытынды кестеге өзгеріс енгізе алады.

29-қазан

«Ертіс» - «Астана»

Көкшетауда «Оқжетпестен» оқ бойы озық болып, жеңісті жұлып алмаса да, керекті нәтижені қамтамасыз етіп, алтыннан алқа тағып, қазақ футболының мықтысы екенін тағы да бір дәлелдеген "Астана" біріншіліктегі соңғы кездесуін қонақта «Ертіске» қарсы өткізеді. Төрт жылдан бері жүлделі орындардан көрінбеген керекуліктердің қоланы алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін елордалықтарға жеңілмесе болды. «Астананың» еурокубоктегі ойындарын, Қазақстан Кубогындағы дәл осы «Ертіске» қарсы жартылай финалдың қарымта кездесуін, онымен қоса бірнеше футболшылардың Ұлттық құрамаларда матчтары бар екендігін ескерсек, Стойлов бапкер шәкірттерінің көбіне демалыс беруі әбден мүмкін. Сондықтан, қоланың тағдыры Димитар Димитров баптайтын жігіттердің қолында. Осы маусымда командалардың жолы төрт мәрте түйісіп, екеуінде елордалықтардың мысы басым болса, екі матч тең нәтижемен аяқталыпты.

«Қайрат» - «Оқжетпес»

Екінші жыл қатарынан күмісті қанағат тұтып, «Астананың» көлеңкесінде қалған «Қайраттың» ұнжырғасы түскені анық. Дегенмен, клуб басшылығы Кахабер Цхададземен келісім-шартты бақандай үш жылға ұзартып, грузиндік маманға толықтай сенім артатындықтарын білдіріпті. Ал, «Оқжетпес» «Астанамен» тең түсіп, қоладан толықтай күдер үзді. Владимир Мухановтың ендігі мақсаты - команданы төртінші орынға тұрақтату екені түсінікті. «Ордабасымен» ұпайы тең болса да, жеке кездесулерде басымдылығына байланысты шымкенттік ұжымнан бір саты жоғары жайғасып тұр. Көкшеліктер тағы бір жетістігімен мақтана алады. Команда қатарынан екі ойын өз қақпасына доп өткізген жоқ. Шілдеден бері орын алмаған жағдай. Дегенмен, Алматыдағы «Қайратқа» қарсы соңғы ойынды "Оқжетпес" футболшылары еске түсіргілері келмесе керек. Гоу, Исламхан, Аршавиндер қос доптан тоғытып, Стаменкович қақпасынан алты мәрте саңылау тапқан еді. Бұл жолы чемпионатта жетпіс доп соққан "Қайрат" футболшыларына қалай тұсау салмақ? Өздері үшін турнирлік кестеде ешқандай маңызы болмаса да алматылықтар жанкүйерлер алдында маусымдағы соңғы ойында аянып қалмасына шүбә жоқ. Онымен қоса, «Оқжетпестің» төртінші орынды иемденуіне тағы бір кездесудің нәтижесі ықпал етуі мүмкін.

«Ордабасы» - «Ақтөбе»

«Ертіс» "Астанаға" есе жіберсе, «Оқжетпес» ойран болса Алматыда... Менің шәкіртттерім «Ақтөбені» аямаса... Бахтияр Бейсеитовтің маусым соңындағы арманы осы. Сонда ғана өзі уәде еткен қола жүлдеге қол жеткізеді. Соңғы турда шымкенттіктер «Ақтөбемен» өз алаңында жолығады. Юрий Уткульбаев командасы үшін маусым аяқталып қойды. Өткен турда чемпионға кезекті рет жеңіліп, он бір жылдан бері алғаш рет жүлделі орыннан қағылды. Шымкенттік ұжымға қарсы қалай ойнары белгісіз. Негізгі құрамның бірнеше футболшылары қатыспайды. Куасси Куаджа, Сандро Цвейба және «Астанамен» болған ойында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған команда капитаны Егор Сорокин. Ал, «Ордабасы» осыны қалай пайдалана алар екен?

«Тараз» - «Шахтер»

Тараздықтардың тақымды қысар тұсы дәл осы шақ. Жан-жаққа алаңдамас үшін «кеншілерді» жеңіп тастауы керек. Құда да тыныш, құдағи да разы сонда. 31-ші турда «Тобылдан» айла асырған жамбылдықтар соңғы орыннан көтерілді. «Шахтер» апта бұрын «Тараздың» басты қарсыластарының бірі «Жетісуды» тас-талқан етіп, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Сегізінші сатыға жайғасқан Алексей Еременко жетекшілік ететін жігіттер маусымды сәтті аяқтасақ дейді. «Шахтердің» шабуылы жаман емес бұл күндері. Команданың еншісінде 25-ші тур қорытындысы бойынша бар болғаны 11 гол ғана болатын. Соңғы 6 кездесуде 13 доп соғыпты жігіттер. Словак Юлиус Сзоке, нидерландық Деслей Уббинктер жарқырап жүр. Ал, алаң қожайындары Малик Манеге сенім артатыны анық. Тартысты ойын күтуге болады. «Тараз» маусым айының аяғынан бері өз алаңында ұпай жоғалтып көрмепті. Жамбылдықтар кезекті рет жеңіске жетіп, Премьер-лигадағы орнын сақтап қала ала ма?

«Атырау» - «Тобыл»

Қос ұжымның тамағы тоқ, көйлегі көк. Таласар түгі жоқ, қақ-соқпен жұмысы жоқ дегендей. Екінші алтылықтың патшасы «Тобыл» соңғы екі ойында ұпай алмады. «Атырау» өткен турда «Ақжайыққа» қонақта тізе бүкті. Екі команданың да жанкүйерлері жеңісті сағынса керек. Қостанайлықтар осы жылы «Атыраумен» үш мәрте жолығып, үш кездесуде де бағы жанбапты. Екі ойын тең нәтижемен аяқталды, бірінде «мұнайшылар» айласын асырды.

«Жетісу» - «Ақжайық»

Не бел кетеді, не белбеу кетеді. «Жетісу» жеңбесе суға кетеді. Он екі команда екіге бөлінген кезде талдықорғандықтар соңғы орыннан он екі ұпай алшақ еді. Бір емес, бірден үш командадан озып тұрған-тұғын. Содан бері азды-көпті тоғыз тур өтіпті. Сол сәтте өзінен төмен тұрған үш ұжымның біреуі бүгінгі таңда жоғарғы лигада келер маусымда өнер көрсету құқығына ие болса («Шахтер»), екеуі («Ақжайық» пен «Тараз») талдықорғандықтардан бір ұпай алда келеді. Басты себепті қорғаныстағы қателіктерден іздесе болар. Екі, үш доп соққан матчтарда үш ұпайға қол жеткізе алмаған, тіпті, ұпайсыз қалған кездері болды «Жетісудың». Екінші кезеңде жеті ойында жеңіс тойын тойлаған оралдықтар бұл кездесуде құр алақан қалмаса, кемі он бірінші орынды иемденеді. «Жетісу» үшін шегінерге жол жоқ. Әйтпесе, Бірінші лига «құшақ жая» қарсы алады.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх